ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған республикалық бюджетке 1 850 000 000 000 (бір триллион сегіз жүз елу миллиард) теңге мөлшерінде нысаналы трансферт, оның ішінде:
1) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласындағы іс-шараларды іске асыруға - 204 611 478 мың теңге;
2) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға - 146 103 459 мың теңге;
3) Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде моноқалалар мен өңірлерде іс-шараларды іске асыруға - 140 008 510 мың теңге;
4) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 39 572 751 мың теңге;
5) Ақмола облысының бюджетіне, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне қалалардың шеткі аумақтарындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 28 600 000 мың теңге;
6) жылу-, электр энергетикасын дамытуға - 18 843 890 мың теңге;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге - 632 065 241 мың теңге;
8) әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерге - 1 467 182 мың теңге;
9) қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге - 19 738 187 мың теңге;
10) қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыруға - 6 501 484 мың теңге;
11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға - 476 291 мың теңге;
12) экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтерге - 704 308 мың теңге;
13) қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға және жақсартуға - 300 000 мың теңге;
14) су ресурстарын тиімді басқаруға - 13 488 105 мың теңге;
15) орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқаруға, сақтау мен дамытуды қамтамасыз етуге - 2 577 184 мың теңге;
16) ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға - 606 168 мың теңге;
17) қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға - 188 293 мың теңге;
18) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге - 477 092 мың теңге;
19) азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз етуге- 183 693 мыңтеңге;
20) мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруға - 24 000 мың теңге;
21) "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына нысаналы аударымға - 307 794 мың теңге;
22) қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесуге - 856 312 мың теңге;
23) жүк техникасының жетекші белдіктерінің басты берілістерін өндіру жөніндегі жобаны қаржыландыру үшін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына кредит беруге - 20 000 000 мың теңге;
24) қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға - 21 783 741 мың теңге;
25) өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруді, өткізуді дамыту үшін жағдай жасауға - 8 780 000 мың теңге;
26) облыстық бюджеттерге нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге -15 334 948 мың теңге;
27) Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 15 000 000 мың теңге;
28) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға - 701 588 мың тенге;
29) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу, жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбекақысын көтеруге - 22 935 841 мың теңге;
30) Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасының іс-шараларын іске асыруға - 68 448 659 мың теңге;
31) "электрондық үкіметті", инфокоммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға - 2 056 156 мың теңге;
32) еліміздің мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жүйесінің деңгейін арттыруға - 2 352 109 мың теңге;
33) ғарыш қызметі және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге - 617 289 мың теңге;
34) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге - 4 044 853 мың теңге;
35) сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз етуге - 370 251 мың теңге;
36) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруға - 351 311 мың теңге;
37) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз етуге - 9 077 778 мың теңге;
38) ғылымды дамытуға - 9 791 992 мың теңге;
39) жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге - 5 148 977 мың теңге;
40) арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз етуге және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға - 24 413 363 мың теңге;
41) қоғамдық денсаулықты сақтауға - 216 000 мың теңге;
42) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге - 113 127 мың теңге;
43) мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қазақстандық мәдени мұраны сақтауға, зерделеу мен танымал етуге және архив ісін іске асырудың тиімділігін арттыруға - 8 396 782 мың теңге;
44) бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдауға - 1 674 569 мың теңге;
45) жоғары жетістіктер спортын дамытуға - 3 506 604 мың теңге;
46) спорттағы дарынды балаларды оқытуға және тәрбиелеуге - 1 241 574 мың теңге;
47) мәдениет және өнер саласында кадрлар даярлауға - 21 932 мың теңге;
48) ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілетуге - 500 000 мың теңге;
49) туризм саласында кадрлар даярлау үшін білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге - 36 821 мың теңге;
50) "Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 773 831 мың теңге;
51) инвестицияларды тарту, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі қызметтерге - 879 785 мың теңге;
52) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге - 750 000 мың теңге;
53) ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 9 923 089 мың теңге;
54) "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде іс-шараларды іске асыруға - 57 487 747 мың теңге;
55) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін кредит беруге - 22 500 000 мың теңге;
56) Қарағанды облысының бюджетіне жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 5 000 000 мың теңге;
57) тұрақты авиатасымалдарды субсидиялауға - 3 044 274 мың теңге;
58) өнеркәсіп саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге - 700 000 мың теңге;
59) өнеркәсіп салаларын дамытуға жәрдемдесуге - 3 110 948 мың теңге;
60) ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге және олардың сапасын жақсартуға бағытталған күтіп-ұстауды ұйымдастыруға - 130 835 905 мың теңге;
61) азаматтық авиация мен әуе көлігін дамытуға - 6 226 676 мың теңге;
62) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар төлеуге - 20 000 000 мың теңге;
63) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит беруге - 7 115 953 мың теңге;
64) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға - 89 766 мың теңге;
65) алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беруге - 20 000 000 мың теңге;
66) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 3 327 302 мың теңге;
67) Қарағанды облысының бюджетіне автомобиль шиналарын өндіру жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту үшін берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 20 000 000 мың теңге;
68) "Қарағанды облысының Саран қаласында шина өндірісін ұйымдастыру" жобасын лизингтік қаржыландыру үшін кейіннен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамына кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына кредит беруге - 20 000 000 мың теңге;
69) Қостанай облысының бюджетіне машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру мақсатында "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы даму трансферттеріне - 8 000 000 мың теңге;
70) облыстық бюджеттерге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге - 4721 712 мың теңге;
71) Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының медицина ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге - 895 325 мың теңге бөлінсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.04.2021 № 563 Жарлығымен.2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |