2021 жылы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2021 жылғы 23 ақпанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Мемлекеттік комиссия:
1) Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2021 жылғы 1 наурызға дейін бекітсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
5 Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 516 Жарлығына ҚОСЫМША |
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі, комиссияның хатшысы комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
мемлекеттің өңірлік саясаты саласындағы жұмысқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орын басары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдык даму министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Алматы қаласының әкімі
Шымкент қаласының әкімі
Ақмола облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімі
Алматы облысының әкімі
Атырау облысының әкімі
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жамбыл облысының әкімі
Қарағанды облысының әкімі
Қостанай облысының әкімі
Қызылорда облысыньің әкімі
Маңғыстау облысының әкімі
Павлодар облысының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Түркістан облысының әкімі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Есімов Ахметжан Смағұлұлы - “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы - Қазақстан Республиасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Оразалин Нұрлан Мірқасымұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Тілеухан Бекболат Қанайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
“Қазақстан Жазушылар одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма басшысы - ректоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма басшысы - ректоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры (келісім бойынша)
Казақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
Темірболат Бақытжан Берікбайұлы - “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы” мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
Жолдасбеков Мырзатай - мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор (келісім бойынша)
Үмбетов Серік Әбікенұлы - мемлекет және қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Әуезов Мұрат Мұхтарұлы - мәдениеттанушы, қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы - Халықаралық Түркі академиясының президенті, “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Айымбетов Айдын Ақанұлы - Қазақстан Республикасының ғарышкері, Халық қаһарманы (келісім бойынша)
Салғараұлы Қойшығара - жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)
Қапалбекұлы Нағашыбек - жазушы, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)
Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы - Алматы облысы Жамбыл ауданының құрметті азаматы (келісім бойынша)
Ғалым Жайлыбай - ақын, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)
Тебегенов Темірхан Сақаұлы - ғалым, филология ғылымының докторы, профессор (келісім бойынша)
Дәутайұлы Несіпбек - “Жамбыл” журналының директоры - бас редакторы (келісім бойынша)
Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)
Шаштайұлы Жұмабай - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты (келісім бойынша)
Жамбылов Жеңісхан - Алматы облысы Жамбыл ауданың құрметті азаматы (келісім бойынша)
Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы - М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры (келісім бойынша)
Қасқабасов Сейіт Асқарұлы - әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор келісім бойынша).