Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 және "Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінуге уәкілеттік берілген органдар мен ұйым туралы" 2015 жылғы 6 мамырдағы № 20 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 526 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 416-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларына:

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Халықаралық сот органының сұрау салуын алған мемлекеттік орган ұсынылған ұсыныстар, ақпарат және өзге де құжаттар негізінде шоғырландырылған жауап дайындайды және оны СІМ арқылы дипломатиялық арналар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың Сотын (бұдан әрі – Одақ Соты) қоспағанда, тиісті халықаралық сот органына одан әрі жіберу үшін СІМ-ге ұсынады.

      Одақ Сотының сұрау салуына шоғырландырылған жауап Әділет министрлігіне жіберіледі.

      Ратификацияланған халықаралық шарттарда, Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының тапсырмаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықаралық сот органының сұрау салуына шоғырландырылған жауапты немесе өзге ақпаратты тікелей жіберуге жол берілмейді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Халықаралық сот органына жүгінуге бастама жасап отырған уәкілетті мемлекеттік орган 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тиісті өтініш жобасын СІМ-мен, Сауда және интеграция министрлігімен, Әділет министрлігімен келіседі және өтініштің келісілген жобасын тиісті халықаралық сот органына жібергенге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ол туралы белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігін және Премьер-Министр Кеңсесін хабардар етеді.

      Одақ Сотына жүгінген жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес дайындалған өтінішті Әділет министрлігіне жібереді.

      Әділет министрлігі осы Қағидалардың 37-тармағының екінші абзацында және 40-тармағында көзделген мемлекеттік органдар хаттарының түпнұсқаларын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды дипломатиялық арналар арқылы одан әрі Одақ Сотына жіберу үшін СІМ-ге ұсынады.";

      2) "Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінуге уәкілеттік берілген органдар мен ұйым туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 20 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 29-30, 188-құжат):

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Әділет және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі – Шарт), Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауды қарау;

      2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Әділет министрліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақ органдары шешімдерінің ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен Еуразиялық экономикалық одақтың сотына (бұдан әрі – Одақ Соты) Қазақстан Республикасының атынан жүгінуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік органдардың Одақ Сотына өтініштері Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жіберіледі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. Тоқаев

О внесении изменений и дополнения в указы Президента Республики Казахстан от 12 августа 2010 года № 1037 "О вопросах подготовки информации о выполнении международных договоров Республики Казахстан и представления ее на рассмотрение Президента Республики Казахстан, а также согласования проектов решений международных организаций, участницей которых является Республика Казахстан, и их реализации, подготовки международных мероприятий Республики Казахстан с участием Президента Республики Казахстан, выполнения достигнутых договоренностей, взаимодействия с международными судебными органами и осуществления координации международной деятельности государственных органов Республики Казахстан" и от 6 мая 2015 года № 20 "Об органах и организации, уполномоченных на обращение в Суд Евразийского экономического союза"

Указ Президента Республики Казахстан от 27 февраля 2021 года № 526

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести изменения и дополнение в следующие указы Президента Республики Казахстан:

      1) в Указ Президента Республики Казахстан от 12 августа 2010 года № 1037 "О вопросах подготовки информации о выполнении международных договоров Республики Казахстан и представления ее на рассмотрение Президента Республики Казахстан, а также согласования проектов решений международных организаций, участницей которых является Республика Казахстан, и их реализации, подготовки международных мероприятий Республики Казахстан с участием Президента Республики Казахстан, выполнения достигнутых договоренностей, взаимодействия с международными судебными органами и осуществления координации международной деятельности государственных органов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 46, ст. 416):

      в Правилах подготовки информации о выполнении международных договоров Республики Казахстан и представления ее на рассмотрение Президента Республики Казахстан, а также согласования проектов решений международных организаций, участницей которых является Республика Казахстан, и их реализации, подготовки международных мероприятий Республики Казахстан с участием Президента Республики Казахстан, выполнения достигнутых договоренностей, взаимодействия с международными судебными органами и осуществления координации международной деятельности государственных органов Республики Казахстан, утвержденных вышеназванным Указом:

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. На основании представленных предложений, информации и иных документов государственный орган, получивший запрос международного судебного органа, готовит консолидированный ответ и представляет его в МИД для дальнейшего направления через МИД в соответствующий международный судебный орган по дипломатическим каналам, за исключением Суда Евразийского экономического союза (далее – Суд Союза).

      Консолидированный ответ на запрос Суда Союза направляется в Министерство юстиции.

      Направление консолидированного ответа или иной информации на запрос международного судебного органа напрямую не допускается, за исключением случаев, предусмотренных в ратифицированных международных договорах, поручениях Президента, руководства Администрации Президента, Премьер-Министра и его заместителей.";

      пункт 40 изложить в следующей редакции:

      "40. Уполномоченный государственный орган, инициирующий обращение в международный судебный орган, в течение 20 (двадцать) рабочих дней согласовывает проект соответствующего обращения с МИД, Министерством торговли и интеграции, Министерством юстиции и уведомляет в установленном порядке о согласованном проекте обращения Администрацию Президента и Канцелярию Премьер-Министра в срок не позднее чем за 10 (десять) рабочих дней до направления его в соответствующий международный судебный орган.

      В случае обращения в Суд Союза уполномоченный государственный орган направляет обращение, подготовленное в соответствии с частью первой настоящего пункта, в Министерство юстиции.

      Министерство юстиции в течение 5 (пять) рабочих дней со дня получения оригиналов писем государственных органов, предусмотренных абзацем вторым пункта 37 и пунктом 40 настоящих Правил, представляет их в МИД для дальнейшего направления в Суд Союза по дипломатическим каналам.";

      2) в Указ Президента Республики Казахстан от 6 мая 2015 года № 20 "Об органах и организации, уполномоченных на обращение в Суд Евразийского экономического союза" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 29-30, ст. 188):

      подпункты 1) и 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1) рассмотрении спора, возникающего по вопросам реализации Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года (далее – Договор), международных договоров в рамках Евразийского экономического союза (далее — Союз) и решений органов Союза являются министерства иностранных дел, индустрии и инфраструктурного развития, национальной экономики, торговли и интеграции, юстиции и финансов Республики Казахстан, а также Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан;

      2) разъяснении положений Договора, международных договоров в рамках Союза и решений органов Союза являются Генеральная прокуратура Республики Казахстан, министерства иностранных дел, индустрии и инфраструктурного развития, национальной экономики, торговли и интеграции, юстиции Республики Казахстан, а также Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан.";

      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:

      "1-1. Обращения государственных органов в Суд Союза направляются в порядке, определяемом Правилами подготовки информации о выполнении международных договоров Республики Казахстан и представления ее на рассмотрение Президента Республики Казахстан, а также согласования проектов решений международных организаций, участницей которых является Республика Казахстан, и их реализации, подготовки международных мероприятий Республики Казахстан с участием Президента Республики Казахстан, выполнения достигнутых договоренностей, взаимодействия с международными судебными органами и осуществления координации международной деятельности государственных органов Республики Казахстан, утвержденными Указом Президента Республики Казахстан от 12 августа 2010 года № 1037.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев