Қазақстан Республикасының | |
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң | |
жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Бәшімов | – | заң ғылымдарының докторы, профессор, төраға (келісім бойынша), |
Волков | – | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша), |
Борчашвили | – | заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); |
аталған Комиссияның құрамынан: Н.М. Әбдіров, С.М. Айтпаева, Ж.Д. Бұсырманов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |