ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін наградталсын:
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен | ||
---|---|---|
Калетаев Дархан Аманұлы | – | Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; |
І дәрежелі "Айбын" орденімен | ||
Қызыр Думан Манарбекұлы | – | Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі; |
ІІ дәрежелі "Достық" орденімен | ||
Қаражанова Макка Сағынғалиқызы | – | Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина |
Маслюк Галина Дмитриевна | – | Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина; |
"Құрмет" орденімен | ||
Әлібеков Аслан Аманжолұлы | – | Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған); |
"Ерен еңбегі үшін" медалімен | ||
Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы | – | Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі |
Кагенов Азамат Мағжанұлы | – | Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы |
Маманов Дархан Серікұлы | – | Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы |
Сәбитұлы Бекзат | – | Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы – консулы; |
"Шапағат" медалімен | ||
Амангелдин Руслан Берекеұлы | – | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары |
Денисенко Анна Владимировна | – | Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі |
Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы | – | Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы |
Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы | – | Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |