Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 886 Жарлығы

  Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысының құрамында:

      1) Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы;

      2) Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылсын.

      3. Орталық мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен ұйымдардың іркіліссіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық 2022 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О некоторых вопросах административно-территориального устройства Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2022 года № 886.

      В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Перенести административный центр Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области из села Аксуат в село Акжар Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области.

      2. Образовать в составе Восточно-Казахстанской области:

      1) район Ақсуат с административным центром в селе Аксуат путем выделения из состава Тарбагатайского района;

      2) район Самар с административным центром в селе Самарское путем выделения из состава Кокпектинского района.

      3. Центральным государственным органам, местным представительным и исполнительным органам Восточно-Казахстанской области принять меры по обеспечению бесперебойного и эффективного функционирования соответствующих территориальных подразделений центральных государственных органов, местных представительных и исполнительных органов и организаций.

      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      5. Настоящий Указ вводится в действие с 7 июня 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев