"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 109 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:

      "I. Жалпы ережелер" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.";

      "II. Комиссияның миссиясы, негізгі міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комиссияның миссиясы, негізгі міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құрады және олардың шекараларын белгілейді, сайлау округтерінің тізімін және олардың шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;";

      11) және 14) тармақшалар алып тасталсын;

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) жаңа шақырылымды қалыптастыру кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының санына сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындайды;";

      28) және 28-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мәслихаттар депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын бұзушылықтар анықталған кезде олардың шешімдерінің күшін жояды;

      28-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;";

      31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттарының депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау алдындағы үгітті және сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      32) бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар берген сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметті өзінің интернет-ресурсында орналастырады;";

      36) тармақша алып тасталсын;

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін, Парламент Сенатының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихат депутаттарын, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін белгілейді;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) сайлаушылар (таңдаушылар) тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға және аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихатының депутаттарын кері шақырып алу үшін азаматтардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысанын белгілейді;";

      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) Президент, мәслихат депутаттары үшін куәліктің және омырауға тағатын белгінің үлгісін, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі және өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері куәлігінің үлгісін белгілейді;";

      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) ақпараттық бюллетенді мезгіл-мезгіл жариялайды;";

      66) және 67) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "66) кандидаттарға сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемін айқындайды;

      67) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау жөніндегі, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу бойынша сайлау комиссияларына басшылық етеді;";

      мынадай мазмұндағы 91-1), 91-2), 91-3) және 91-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "91-1) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      91-2) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;

      91-3) сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      91-4) аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";

      "III. Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру";

      "IV. Комиссияның мүлкі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Комиссияның мүлкі";

      "V. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Комиссияны қайта ұйымдастыру және тарату".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. Тоқаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 "Об утверждении Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 23 января 2023 года № 109

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 "Об утверждении Положения о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 2) статьи 14 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:";

      в Положении о Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      заголовок раздела "I. Общие положения" изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Юридический адрес Комиссии: 010000, Республика Казахстан, город Астана, улица Бейбитшилик, 4.";

      заголовок раздела "II. Миссия, основная задача, функции, права и обязанности Комиссии" изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Миссия, основная задача, функции, права и обязанности Комиссии";

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 9-1) следующего содержания:

      "9-1) образует избирательные округа по выборам депутатов Мажилиса Парламента по одномандатным территориальным избирательным округам и устанавливает их границы, публикует в средствах массовой информации список избирательных округов и сведения об их границах;";

      подпункты 11) и 14) исключить;

      подпункт 26) изложить в следующей редакции:

      "26) в соответствии с численностью населения административно-территориальных единиц определяет количество избираемых от них депутатов маслихатов при формировании нового созыва;";

      подпункты 28) и 28-1) изложить в следующей редакции:

      "28) при организации и проведении выборов депутатов маслихатов, акима района, города областного значения, города районного значения, села, поселка, сельского округа и членов иных органов местного самоуправления осуществляет контроль за соответствием деятельности территориальных избирательных комиссий требованиям Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" и при выявлении нарушений Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" отменяет их решения;

      28-1) совместно с уполномоченным органом по делам государственной службы устанавливает перечень документов, необходимых для проверки соответствия кандидата в акимы района, города областного значения, города районного значения, села, поселка, сельского округа требованиям законодательства Республики Казахстан в сфере государственной службы;";

      подпункты 31) и 32) изложить в следующей редакции:

      "31) определяет порядок осуществления предвыборной агитации и информационного обеспечения выборов Президента Республики Казахстан, депутатов Парламента, маслихатов Республики Казахстан, акима района, города областного значения, города районного значения, села, поселка, сельского округа, а также членов иных органов местного самоуправления;

      32) размещает на своем интернет-ресурсе представленные средствами массовой информации, пользователями онлайн-платформ сведения о размере оплаты, условиях и порядке предоставления эфирного времени, печатной площади и объема информации для проведения предвыборной агитации;";

      подпункт 36) исключить;

      подпункт 38) изложить в следующей редакции:

      "38) устанавливает форму и текст бюллетеня для голосования по выборам Президента и депутатов Мажилиса Парламента по партийным спискам, форму бюллетеней для голосования по выборам депутатов Сената Парламента, депутатов Мажилиса Парламента, избираемых по одномандатным территориальным избирательным округам, депутатов маслихатов, акима района, города областного значения, города районного значения, села, поселка, сельского округа и членов иных органов местного самоуправления, порядок их изготовления, также степень защищенности;";

      подпункт 42) изложить в следующей редакции:

      "42) устанавливает формы списков избирателей (выборщиков), подписного листа для сбора подписей избирателей в поддержку кандидатов в Президенты, сбора подписей выборщиков в поддержку кандидатов в депутаты Сената Парламента и для сбора подписей избирателей в поддержку кандидатов в акимы района, города областного значения, города районного значения, села, поселка, сельского округа, подписного листа для сбора подписей граждан за отзыв депутатов Мажилиса Парламента и маслихата Республики Казахстан, избранных по одномандатному территориальному избирательному округу, иных избирательных документов;";

      подпункт 44) изложить в следующей редакции:

      "44) устанавливает образец удостоверения и нагрудного знака для Президента, депутатов маслихатов, а также образец удостоверения акима района, города областного значения, районного значения, села, поселка, сельского округа и членов иных органов местного самоуправления;";

      подпункт 58) изложить в следующей редакции:

      "58) периодически публикует информационный бюллетень;";

      подпункты 66) и 67) изложить в следующей редакции:

      "66) определяет порядок и объемы выделения средств для выступления кандидатам;

      67) публикует в средствах массовой информации информацию об общей сумме денег, поступивших в избирательный фонд, и его источниках в течение пяти дней после опубликования итогов выборов Президента, депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан;";

      подпункт 74) изложить в следующей редакции:

      "74) руководит избирательными комиссиями по выборам Президента Республики Казахстан, депутатов Парламента Республики Казахстан, по отзыву депутатов Мажилиса Парламента, избранных по одномандатным территориальным избирательным округам;";

      дополнить подпунктами 91-1), 91-2), 91-3) и 91-4) следующего содержания:

      "91-1) разрабатывает и утверждает правила аккредитации общественных объединений и некоммерческих организаций, к уставной деятельности которых относится осуществление деятельности по наблюдению за выборами;

      91-2) осуществляет аккредитацию республиканских общественных объединений и некоммерческих организаций, к уставной деятельности которых относится осуществление деятельности по наблюдению за выборами;

      91-3) разрабатывает и утверждает правила приобретения товаров, работ и услуг, необходимых для организации и деятельности избирательных комиссий в период подготовки и проведения выборов, референдума;

      91-4) разрабатывает и утверждает квалификационные требования к членам территориальных избирательных комиссий;";

      заголовок раздела "III. Организация деятельности Комиссии" изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Организация деятельности Комиссии";

      заголовок раздела "IV. Имущество Комиссии" изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Имущество Комиссии";

      заголовок раздела "V. Реорганизация и упразднение Комиссии" изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Реорганизация и упразднение Комиссии".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев