Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 134 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі деп аталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспедегі "1995 жылғы 26 желтоқсандағы" деген сөздер алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      9 және 26-тармақтардағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарламаларды, ақпарат беру туралы сұрау салуларды жіберу, консультациялар жүргізу, тергеп-тексерулер туралы хабарлау жолымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) Ұлттық әл-ауқат қорының (бұдан әрі – Қор) директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін Қордың және Қор ұйымдарының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;

      10-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-1) тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін келісу;";

      60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, нарық субъектілеріне мәмілелерді (әрекеттерді) жүзеге асыруға алдын ала келісім беру;";

      мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге келісім беру;";

      72) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 82-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "82-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;";

      мынадай мазмұндағы 84-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "84-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдау және анықтау;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымында:

      "Қаржы нарықтары және өзге де салалар департаменті" деген жолдағы "және өзге де салалар" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік сала департаменті";

      "Экономикалық интеграция басқармасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық ынтымақтастық басқармасы";

      "Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы" деген жолдағы "басқармасы" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Индустрия және мемлекеттік қолдау департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті".

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 1 марта 2023 года № 134

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Переименовать Республиканское государственное учреждение "Департамент Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по городу Нур-Султану" в Республиканское государственное учреждение "Департамент Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по городу Астане".

      2. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 428 "О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в преамбуле слова "от 26 декабря 1995 года" исключить;

      в Положении об Агентстве по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      в пунктах 9 и 26 слова "Нур-Султан", "Нур-Султану" заменить соответственно словами "Астана", "Астане";

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) выработка предложений по формированию государственной политики в сфере защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности;";

      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) осуществление взаимодействия с антимонопольными органами государств-участников Евразийского экономического союза в соответствии с международными договорами, в том числе путем направления уведомлений, запросов о предоставлении информации, проведения консультаций, информирования о расследованиях в соответствии с порядком, установленным законодательством Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктами 10-1) и 10-2) следующего содержания:

      "10-1) согласование порядка осуществления закупок Фондом национального благосостояния (далее – Фонд) и организациями Фонда, утверждаемого решением совета директоров Фонда;

      10-2) согласование методики расчета инфраструктурных сборов, утверждаемой уполномоченным органом в сфере гражданской авиации;";

      дополнить подпунктом 44-1) следующего содержания:

      "44-1) согласование перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг, утверждаемого государственным органом, осуществляющим руководство соответствующей отраслью (сферой) государственного управления;";

      подпункт 60) изложить в следующей редакции:

      "60) предоставление субъектам рынка предварительного согласия на осуществление сделок (действий) в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области защиты конкуренции;";

      дополнить подпунктом 60-1) следующего содержания:

      "60-1) предоставление согласия на государственную регистрацию, перерегистрацию субъектов рынка, а также прав на недвижимое имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области защиты конкуренции;";

      подпункт 72) исключить;

      дополнить подпунктом 82-1) следующего содержания:

      "82-1) согласование в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, бизнес-плана к республиканскому проекту государственно-частного партнерства, инвестиционного предложения республиканского государственного инвестиционного проекта, конкурсной (аукционной) документации республиканского проекта государственно-частного партнерства, в том числе при внесении в них изменений и (или) дополнений в части, относящейся к области защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности, по проектам, предусматривающим обеспечение частными партнерами реализации государственных функций;";

      дополнить подпунктом 84-1) следующего содержания:

      "84-1) анализ и выявление системных проблем, поднимаемых заявителями;";

      в структуре Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан, утвержденной вышеназванным Указом:

      в строке "Департамент финансовых рынков и иных отраслей" слова "и иных отраслей" исключить;

      дополнить строкой следующего содержания:

      "Департамент социальной сферы";

      строку "Управление экономической интеграции" изложить в следующей редакции:

      "Управление международного сотрудничества";

      в строке "Управление правового регулирования конкуренции" слово "Управление" заменить словом "Департамент";

      строку "Департамент индустрии и государственной поддержки" изложить в следующей редакции:

      "Департамент индустрии, государственной поддержки и закупок".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев