Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 145 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республи касының Ақпараттық доктринасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын əзірлесін жəне бекітсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 20 наурыздағы
№ 145 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚПАР АТТЫҚ ДОКТРИНАСЫ

Мазмұны

      1-бөлім. Кіріспе

      2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      3-бөлім. Негізгі ережелер

      3.1. Мақсаттары мен қағидаттары

      3.2. Ақпараттық кеңістікті дамыту пайымы

      3.3. Ақпараттық кеңістікті дамыту тəсілдері

      3.3.1. Ақпараттық саясатты жетілдіру

      3.3.2. Отандық ақпараттық контенттің бəсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру

      3.3.3. Ақпараттық кеңістікті құндылықтық тұрғыдан толықтыру

      4-бөлім. Қорытынды

1-бөлім. Кіріспе

      Елдің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің орнық ты жұмыс істеуін дамыту мен қауіпсіздігін қамта масыз ету мемлекеттік саясаттың базалық басым дықтарының бірі болып табылады.

      Осы бағыт шеңберінде ашық ақпараттық кеңістікті, сұранысқа ие жəне мықты медианы қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген сөз бостандығын, əркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тəсілмен еркін ақпарат алу жəне тарату құқығын қамтамасыз етуге байланысты міндеттер кешені шешіледі.

      Сонымен қатар, ақпараттық саладағы жаңа шынайы жағдай мен туындап жатқан ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу тəсілдерін қайта ойластыруды, ақпараттық салада мем лекеттік институттар мен басқа да қоғамдық қаты настар субъектілерінің арасындағы өзара қарымқатынас тардың жалпы парадигмасын өзгертуді талап етеді.

      Бүгінгі күні əлем өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Ақпараттық саланың барған сайын серпінді дамуымен күшейген жаһандану процесі жалғасуда. Технологиялардың дамуы, жаңа цифрлық жəне ақпараттық-коммуникациялық құралдардың жаппай енуі қазіргі заманғы медиакеңістікті түбегейлі түрде өзгертті.

      Геосаяси турбуленттілік жəне халықаралық саяси аренадағы өзара сенімсіздіктің күшеюі ақпа раттық өзара іс-мəселелеріне жаңаша қарауға мəж бүр етуде. Анық ақпаратты тарату, анық емес жəне манипуляциялық ақпаратқа қарсы іс-қимыл жəне жалпы алғанда, қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан əрі – БАҚ) деген сенімін арттыру мəселелері барған сайын өзекті бола түсуде.

      Саяси жаңғыру жəне қоғам өмірін одан əрі демократияландыру міндеттерін шешу ақпараттық саланы ырықтандыру, БАҚ саласындағы қарымқатынасты шамадан тыс регламенттеуден бас тарту, сөз бостандығы мен пікір білдіру кепілдіктерін күшейту қажеттігіне байланысты.

      Олардың негізінде Қазақстанда, өңірде жəне əлемде болып жатқан процестерге өзіндік көзқарасы бар, бəсекеге қабілетті жəне еркін БАҚ-тардың жұ мыс істеуінің маңыздылығын ұғыну жатыр. Елдің шы найы ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігі осыған байланысты.

      Жалпыұлттық құндылықтар мен саяси-əлеуметтік дүниетанымның тұтас жүйесін, əсіресе тарихи турбуленттілік жағдайында қалыптастыруға деген сұраныс артып келеді.

      Осыған байланысты, жаһандық ақпараттық экожүйенің толыққанды қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасының алдында елдің осы саладағы ұлттық мүдделерінің мəнін көрсететін нақты ақпа раттықкоммуникациялық императивтер мен құн дылық бағдарларын əзірлеу міндеті тұр.

      Бұл стратегиялық міндетті іске асыру ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі векторы мен базалық тəсілдерін айқындауға мүмкіндік беретін доктриналық, дүниетанымдық сипаттағы құжат əзірлеуді талап етеді.

      Ақпараттық доктрина (бұдан əрі – доктрина) отандық ақпараттық саланы дамыту көзқарастарының, оның ашықтығы мен бəсекеге қабілеттілігін арттыру қағидаттары мен тетіктерінің жүйесін білдіреді. Доктрина халықтың мүддесіне сай келетін, мемлекет пен қоғамның одан əрі дамуына ықпал ететін идеялық-құндылық бағдарларды да айқындайтын болады.

      Ақпараттық-коммуникациялық саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізге алынатын құжаты бола отырып, доктрина қоғам мен мемлекет мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге, медиалық процестің барлық субъектілерінің құқықтарын іске асыруы үшін тең жағдайлар жасауға арналған.

      Доктринаны іске асырудың негізгі бағыты елдің жəне оның азаматтарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық сын-қатерлер мен тəуекелдерге уақтылы ден қою болып табылады.

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      Тəуелсіздік жылдарында Қазақстанның ақпараттық саясаты өз дамуының бірнеше кезеңінен өтті. 1990- шы жылдардың басынан 2000-шы жылдардың басына дейін отандық телевизия мен баспа индустриясының белсенді түрде қалыптасу үрдісі байқалды. Осы кезеңде мемлекеттік ақпараттық сая сат отандық БАҚ-ты қолдауға бағытталды, бірақ, бұл ретте медиасаланың барлық субъектілерінен тең қашықтықты сақтау қағидатын ұстанды.

      2000 – 2010 жылдар аралығында отандық медианың дамуына, ақпарат тарату нарығында үстемдікке ұмтылатын ірі ойыншылардың пайда болуына орай мемлекеттік ақпараттық саясат медиалық саланы реттеу əдістерін регламенттеуге жəне күшейтуге бағытталды.

      Соңғы жылдары ұлттық медиакеңістігі біртіндеп, бірақ айтарлықтай трансформацияға ұшырауда. Жаңа коммуникация арналарының пайда болуына байланысты аудиторияны одан əрі сегменттей отырып, медиатұтыну мəдениеті де өзгерді. Ақпараттық орта шекараларының біртіндеп жойылуы бұқаралық санаға əсер ететін факторлардың спектрін кеңейтті.

      Дегенмен, "мемлекет – қоғам – азамат" қатынастары жүйесіндегі коммуникативтік тетіктердің жетілмегендігі ақпараттық ашықтық қағидатын толық қанды іске асыруға кедергі келтіреді.

      Мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың мəлімделетін ақпараттық ашықтығы ақпараттық жұмысты жоспарлау мен жүргізу тəсілдерін қайта қа рауды жəне формализм көріністерін жоюды талап етеді.

      Құқық қолдану практикасын бағалау қоғамның ақпаратқа қол жеткізу құқығы туралы нашар біле тінін, халықтың ақпараттық сауаттылық деңгейінің төмен екенін көрсетеді. Бұл ақпараттық ұшындыруға қарсы іс-қимыл тетіктері тиімділігінің төмен болуы мен бірге тұтынушылардың оқиғаларды бұрмалап қабылдауына ықпал етеді жəне қате мінез-құлық көзқарастарын қалыптастырады.

      Медиалық кеңістікте түрлі манипуляторлық технологияларды пайдалана отырып, арандатушы жəне беделін түсіруші контентті тарату қаупі азаматтардың, əсіресе кəмелетке толмағандардың ақпа - раттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыз дылығын көрсетеді.

      Оның үстіне, "нейрожелі" жəне "deepfake" технологияларының таралуына орай медиакеңістікке жалған бейне-, аудиоконтентті тарату тəуекелі де бар.

      Жалпы алғанда, ақпараттық кеңістіктің ашықтығы республиканың медиалық саласының жалпы əлемдік трендтерден артта қалғанын көрсетті, бұл отан дық БАҚ-тың тіпті ішкі ақпараттық өрісте де шетелдіктермен бəсекелес болуын қиындата түседі. Осы тұрғыда қазақ тіліндегі ақпараттық ресурс тардың қоғамдық сананы қалыптастыруға əсер ету мəселесі өте өзекті болып отыр.

      Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің дамуын талдау отандық ақпараттық ортаны азаматтардың құндылық-идеологиялық көзқарастарына теріс əсер ететін жəне ішкі саяси тұрақтылыққа қатер төндіретін сыртқы деструктивті əсер ден, жалған ақпараттан қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.

      Сонымен қатар, БАҚ-тың жекелеген түрлері бөлінісінде отандық медиасаланы дамытудың өзіндік ерекшеліктері бар:

      1. Бүгінгі күні азаматтардың 9 %-дан астамы үшін баспа басылымдары əлі де негізгі ақпарат көзі болып қалып отыр. Бұл ретте газет оқуға деген қызығушылықтың адам жасына тікелей тəуелді екені байқалады – адамның жасы неғұрлым үлкен болса, ол баспа басылымдарын соғұрлым жиі оқиды. Ауқымды аудиторияның баламалы коммуникация арналарына көшуі қоғамның баспа басылымдарына деген қызығушылығының ұдайы төмендеп бара жатқанын айғақтайды.

      Осындай жағдай телерадио хабарларын таратуда да байқалады. Бірақ, бұл ретте танымалдылық деңгейіндегі алшақтық əсіресе өңірлер бөлінісінде жер гілікті телевизия деңгейінде байқалады, бұл көбінесе монетизация деңгейінің төмендігіне жəне ха - лыққа ұсынылатын контенттің сапасына байланыс ты.

      Негізгі телевизия контенті сериалдар мен ойынсауық сипаттағы ток-шоуларға толы. БАҚ-тың танымал болуының маңызды құрамдас бөліктері, халықтың медиалық сауаттылығын арттыру жəне тұтынылатын контентке сыни көзқарасты қалыптастыру факторы – талдамалық бағдарламалардың, журналистік зерттеулердің, жарқын публицистиканың тапшылығы байқалады.

      Жалпы, телерадио хабарларын тарату саласындағы барлық субъектілердің техникалық базасы елеулі түрде жаңғыртуды қажет етеді.

      Дегенмен, телевизия мен радио өзінің аудиториясы ең ауқымды болатын, ең ықпалды ақпарат көздерінің бірі болып қала береді. Сонымен қатар, олар төтенше жағдайлар кезінде халықты жедел хабардар ету міндеттерін шешу құралы болып табылады, елдің ең шалғай нүктелеріне жетуге мүмкіндік береді жəне адамдардың елде жəне əлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

      Отандық теле- жəне радиостанцияларға тиісті көңіл бөлінген жағдайда, олардың шетелдік медиа алпауыттарымен бəсекеге түсуге мүмкіндік беретіндей əлеуеті бар екенін атап өту қажет. Бұл ретте мемлекеттік тілдегі контенттің оң өсу серпіні байқалады жəне орта мерзімді перспективада бұл үрдіс тек күшейе түседі.

      2. Соңғы жылдары интернет-ресурстар отандық БАҚ арасында кең танымалдыққа ие болуда, бірақ мұндада мемлекеттік тілде сапалы контент жасау мəселесі өзекті күйінде қалып отыр.

      Бұл ретте интернет-БАҚ тек жаңалықтар таспасы форматында ғана басым бола бастады. Бейінді жаңалықтар материалдарын жасаумен қатар, авторлық жəне журналистік зерттеуді дамыту өзек ті күйінде қалып отыр. Жергілікті жерлерде, оның ішінде конвергентті жəне мультимедиялық жур на лис тика бойынша кəсіби мамандардың жетіс пеушілігі салдарынан тұрғындарды жедел хабардар ету əлі күнге дейін қамтамасыз етілмейді.

      Интернет-БАҚ-ты негізінен жаңалықтар агрегаторы ретінде көрсету контент тұтынушыларының əлеуметтік медиаға көшуіне белгілі бір дəрежеде ықпал етті.

      Бұл бағыттағы тағы бір өзекті мəселе – нарықтың шектеулі екені. 19 миллион халқы бар еліміз үшін интернет-БАҚ-тың жұмысын монетизациялау өте қиын, бұл отандық журналистердің біліктілігіне де теріс əсер етеді.

      3. Мобильді Интернеттің дамуының арқасында əлеуметтік желілер ел халқының кем дегенде жартысы, негізінен жастар үшін негізгі ақпарат көзіне айналды (2021 жылғы əлеуметтанушылық зерттеулер респонденттердің 45,2%-ы əлеуметтік медиадан ақпарат алуды таңдайтынын көрсетті).

      Жаһандық мессенджерлер мен онлайн-платформалардың дамуы медиаиндустрияның архитектурасын түбегейлі түрде өзгертті. Жалған ақпарат көз дерінің біріне айналып отырған кейбір əлеуметтік же лілерді саясаттандырудың барынша өсуі бай қалады.

      Медиа-нарықта əлеуметтік желілер мен мессенджер лердің пайда болуы тұтынушыға онлайн-режимде ақпарат алуға мүмкіндік бере отырып, ақпарат алмасу процесін түбегейлі түрде өзгертті. Əлеуметтік желілер коммуникацияның негізгі арнасына жəне контентті тарату ортасына айналды, бұл нəтижесінде дəстүрлі БАҚ арқылы ақпаратты тұтыну үлесінің төмендеуіне алып келді. COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясы əлеуметтік медианың позициясын одан əрі күшейтті.

      Мессенджерлердің дамуына, блогерлік феноменнің пайда болуына байланысты дəстүрлі журналистиканың классикалық ұғымы мен аудиторияны хабардар ету əдістері трансформацияға ұшырады.

      Қазіргі кезде кейбір блогерлердің аудиториясы сан жағынан жекелеген БАҚ аудиторияларымен бəсекелесе алады. Бұл ретте блогосфераның қоғамдықсаяси ақпарат алудың баламалы арнасына айналу үрдісі байқалады.

      Виртуалды шындық (VR) жəне толықтырылған шындық (AR) сияқты технологиялар танымалдылығының артуы байқалады, олар тұтынушылармен барынша белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, əлеуметтік желілермен интеграциялануға мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар, мəтіннің немесе бейненің үзіндісі түріндегі қысқа жəне жеңіл контенттің таны малдылығы бұқаралық аудитория күрделі жəне құ рылымдалған ақпарат қабылдауды тоқтататын медиатұтыну əдеттерінің өзгеруіне алып келеді.

      Ақпараттар ағынын қысқа жəне жарқын бейнелер арқылы қабылдау тұтас бір түсінік бермейді, білімнің бөлшектенуіне алып келеді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары болмаған жағдайда, бұл жаппай жалған ақпарат пен қоғамдық пікірді манипуляциялау тəуекелін тудырады.

3-бөлім. Негізгі ережелер

3.1. Мақсаттары мен қағидаттары

      Осы доктринаның мақсаты елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігін қамта масыз ету, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатер лерге жауап беретін, қоғамды топтастыруға жəне аза маттық бірдейлікті нығайтуға бағытталған ақ параттық саясатты құру болып табылады.

      Бұл ретте доктрина ақпараттық саланың барлық қатысушыларының мынадай негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарын айқындайды:

      сөз бостандығы. Доктрина қазақстандықтардың бірлігі мен топтасуының негізгі факторы ретінде сөз бостандығы мен пікір алуандылығын қорғау қағидатын ұстанады;

      ақпаратқа қол жеткізу. Доктрина əрбір азаматтың мемлекет кепілдік берген жəне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында бекі тілген ақпаратты заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тəсілмен еркін алу жəне тарату құқығынан туын дайды;

      дамуға бағдар. Доктринаның негізгі міндеттерінің бірі бүкіл ақпараттық кеңістіктің үздіксіз дамуы мен сапалы өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ отандық медиа өнімдерінің бəсекеге қабілетті болуы мен азаматтар арасында сұранысқа ие болуын арттыру болып табылады;

      сенім жəне құпиялылық. Ақпаратты трансляциялайтын медиалық процеске қатысушылар, оның ішінде БАҚ бұрмалау жəне манипуляция жасау элементтерінсіз объективті жəне анық ақпарат беруге мүдделі болуға тиіс. Барлық шаралар коммуни кативтік процестің барлық қатысушылары арасында сенім деңгейін арттыруға бағытталуға тиіс. Бұл ретте доктрина əркімнің жеке өміріне қол сұғылмаушылық жеке жəне отбасылық құпия, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау құқығын қолдайды;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ұлттық ақпараттық кеңістікті дамыту жəне бəсекеге қабілетті отандық медиасаланы қалыптастыру сыртқы сынқатерлерге қарсы іс-қимыл мен олардың салдарын төмендетудің шешуші факторы, сондай-ақ саланың орнықты дамуының базалық шарты болуға тиіс.

3.2. Ақпараттық кеңістікті дамыту пайымы

      Ақпараттық кеңістікте медиалық процестің барлық қатысушылары мүдделерінің теңгерімі қамтамасыз етілген.

      Реттеу мен қолдаудың құқықтық жəне институционалдық тетіктері отандық медиасаланың серпінді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Қоғамдық санадағы іргелі рухани-адамгершілік, дəстүрлі құндылықтар көзқарастары ақпараттық кеңістіктегі негізгі идеологиялық векторды айқын дай ды.

      Қоғамда деструктивті, манипуляциялық жəне анық емес контентке төзімді иммунитет қалыптастырылды, ақпараттық кеңістікті сыртқы қатерлерден қорғаудың тиімді жүйесі құрылды.

      Азаматтар медиалық жəне ақпараттық сауаттылықтың жоғары деңгейіне ие.

      Тəуелсіз беделді отандық БАҚ əлемдік медианарықта бəсекеге түсуге мүмкіндік беретін сапалы контент шығаруда.

      Мемлекеттік ақпараттық саясат серпінді дамуға алғышарттар мен жағдайлар жасай отырып, ақпараттық кеңістікті дамытудың өзекті үрдістеріне сəйкес келеді.

3.3. Ақпараттық кеңістікті дамыту тəсілдері

      Қазақстанның əлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылатынын ескере отырып, мемлекеттік ақпараттық саясат өзгермелі əлемдік процестер мен үрдістерге жүйелі ден қоюды, сондай-ақ ұлттық мүдделерге сəйкес жаңа құралдарды белсенді түрде енгізуді көздейтін болады.

      Сонымен қатар, мұнда Қазақстанның сыртқы жəне ішкі даму контурындағы нақты жағдайларды ескеретін теңгерімді жəне прагматикалық көзқарас қажет.

      Доктринаны іске асыру аясында қабылданып жатқан шаралар кешендік тұрғыда отандық ақпараттық өнімнің жəне тұтас саланың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға; ақпараттық өрістің негізгі саясиидеологиялық бағыттарында ұлттық құн ды лық тардың үстемдігін қамтамасыз етуге; сыртқы ақпа раттық ықпалды тежеудің тиімді тетік терін тұжы рымдауға; халықаралық деңгейде сапалы ақпа раттық қатысуды арттыруға; саланың норма тивтік құқықтық базасын жетілдіруге ықпал етуге тиіс.

      Ақпараттық кеңістікті дамытудың негізгі тəсілдері:

      ақпараттық саясатты жетілдіру;

      отандық ақпараттық контенттің бəсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру;

      ақпараттық кеңістікті құндылықтық тұрғыдан толықтыру.

3.3.1. Ақпараттық саясатты жетілдіру

      Мемлекеттік ақпараттық саясат мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) ішкі жəне сыртқы ақпараттық өрісте ұлттық мүдделерді ілгерілету;

      2) бəсекеге қабілетті жəне қауіпсіз ұлттық ақпараттық кеңістікті қолдау жəне дамыту, жергілікті БАҚты нығайту;

      3) Қазақстанды аймақтық ақпараттық хабқа айналдыру, аймақтық интеграцияның бірыңғай стратегиясын қалыптастыру;

      4) Қазақстан үшін практикалық қызығушылық тудыратын халықаралық ақпараттық компаниялармен тең құқылы жəне өзара тиімді қатынастарды нығайту;

      5) азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің, құқықтары мен бостандықтарының теңгерімін, олардың өзара жауаптылығын сақтау;

      6) отандық ақпараттық кеңістікте үстемдікті қамтамасыз ету, негативті ақпараттық ықпал ету қатерлеріне ден қою жəне жалған нарративтермен күресу мəселелерінде мемлекет пен қоғамның тиімді өзара іс-қимылы;

      7) ақпараттық қауіпсіздік тəуекелдерін басқарудың қазіргі заманғы əдістерін енгізу;

      8) сыртқы ақпараттық шабуылдарға, деструктивті идеологияның, үгіт-насихат пен жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;

      9) мемлекет пен БАҚ əріптестігінің оңтайлы моделін, оның ішінде медиасаланың дамуын ынталандыру тетіктерін қалыптастыру;

      10) медиасаланың жаңа субъектілері (интернетплатформалар, əлеуметтік желілер, инфлюенсерлер жəне т.б.) қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін заңнамалық шараларды қабылдау;

      11) салалық журналистиканы жəне журналистік қызметті өзін-өзі реттеу институттарын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      12) конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен ынсаптылығын сақтау мақсатында қажет шамада ғана жəне тек заңдармен шектелуі мүмкін əркімнің мемлекет иелігіндегі ақпаратқа тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету.

3.3.2. Отандық ақпараттық контенттің бəсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру

      Отандық БАҚ-тың бəсекеге қабілеттілігін арттыру, сапалы отандық контентті қалыптастыру, оған деген сұранысты ұлғайту мақсатында:

      1) халық арасында сыни ойлауды дамытуға, орнықты моральдық-адамгершілік бағдарларды қалыптастыруға ықпал ететін талдамалық мазмұны бар отандық ақпараттық өнімнің үлесін арттыру;

      2) халықтың түрлі нысаналы топтары үшін ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жəне мемлекет имид жін нығайтуға бағытталған ғылыми-білім беру, мə дени-ағарту сипатындағы, бос уақытқа арналған жəне өзге де сипаттағы ақпараттық жобаларды қол дау;

      3) отандық ақпараттық өнім өндірушілердің сырт қы нарықтарға шығуын ынталандыру;

      4) журналистер мен инфлюенсерлердің кəсіби дағдыларын жетілдіруге жағдай жасау;

      5) жаңа ақпараттық трендтерді жəне цифрлық технологияларды игеру;

      6) қала мен ауыл арасындағы Интернетке қол жеткізудегі алшақтықты азайту;

      7) телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту саясатын жалғастыру жəне ақпарат жəне телерадио хабарларын тарату саласында қазіргі заманғы отандық техникалық стандарттарды енгізу жоспарлануда.

3.3.3. Ақпараттық кеңістікті құндылықтық тұрғыдан толықтыру

      Түрлі медиаарналар арқылы трансляцияланатын дүниетанымдық көзқарастар негізін Қазақстанның əлемдік аренадағы ұстанымдарына сəйкес келетін, əрбір азаматқа қоғамымыздың негізгі құндылықтарын жеткізетін идеялар құрауға тиіс.

      Мемлекеттік ақпараттық саясаттың идеологиялық құрамдас бөлігі қоғамды топтастыруға, адамгершілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ мынадай ұлттық құндылықтарды ұстануға бағытталатын болады:

      1) қазақстандық қоғамның басты құндылығы – тəуел сіздік пен патриотизм. Тəуелсіздіктің арқа сында қоғам мен адам еркін жəне үйлесімді дамуға мүмкіндік алды. Патриотизм азаматтардың тəуелсіздікті қорғауға дайын болуынан ғана емес, елдің бүгіні мен болашағы үшін жеке жауаптылықты сезінуінен де көрінеді;

      2) əділеттілік, заңның үстемдігі жəне сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік. Қоғамда, экономика мен саясатта əділ қатынастарды қалыптастыру елдің табысты дамуының кепілі болып табылады. Құқықтық мəдениетті үнемі жетілдіріп отыру қажет. Заңдылық пен құқықтық тəртіп – əрбір азаматтың сая си, азаматтық, мəдени құқықтарын іске асырудың басты шарты. Цензураға тыйым салумен жəне азаматтық жауаптылықпен ұштасқан сөз бостандығы ақпараттық саланы дамытудың негізгі қозғаушысы болып қала беруге тиіс;

      3) мемлекеттік тіл, тарих жəне мəдениет. Мемлекеттік тіл топтастырушы фактор болып табылады. Қазақ тіліндегі контенттің сапасын үнемі арттырып, оның таралу ауқымын кеңейту керек. Ұлттық тарих пен мəдениет қоғамның жасампаз қуатының қайнар көзі болып табылады. Бұл құндылықтарды дəріптеу қоғамда өзара түсіністік пен бірліктің берік іргетасын жасап, ортақ болашақтың контурын қалыптастырады;

      4) еңбексүйгіштік пен білімге ұмтылу. Бұл құндылықтар жеке табыс пен қоғамның əл-ауқатын арттырудың кепілі бола отырып, кəсібилік пен құзы реттіліктің негізі болып табылады. Біздің қоғамда еңбек адамы өнеге тұтар үлгі болуға тиіс;

      5) отбасы құндылықтары жəне баланы қорғау. Отбасында адамгершілік тəрбиесінің, дəстүрлер сабақтастығының жəне ұлттың мəдени кодын сақтаудың негіздері қаланады. Ақпараттық саясат дəстүрлі отбасы институтын нығайтуға, бақытты бала лық шақты қамтамасыз етуге бағытталған;

      6) жасампаздық жəне прогрестілік. Азаматтардың қажыр-қуаты мен таланты – ел дамуының негізгі факторы. Азаматтардың шығармашылық қабілеттерін ашуға жəне өз мүмкіндігін өзі іске асыруына жағдай жасау халықтың жасампаздық күшіне серпін береді;

      7) табиғатқа, қоршаған əлемге ұқыпты қарау. Экологиялылық – барлық азаматтар, мемлекет жəне бизнес үшін стратегиялық маңызды өмірлік қағидат. Экологиялық ойлауға баулу ақпараттық саясаттың негізгі бағыты болуға тиіс.

4-бөлім. Қорытынды

      Осы доктрина қазіргі заманғы мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру философиясы мен рухын көрсететін тұжырымдамалық құжат болып табылады.

      Доктринаны іске асыру құжатта баяндалған көптеген проблемаларды шешуге, ықтимал тəуекелдердің алдын алуға жəне осы жоғары серпінді салада жүйелік саясатты жолға қоюға мүмкіндік береді.

      Доктринада мəлімделген ақпараттық саладағы қоғам дық қатынастардың барлық субъектілерінің негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарының сақталуы елдің медиасаласын жаңа сапалық, бəсекеге қабілетті даму деңгейіне шығарады.

      Доктринаны іске асырудың қорытындысы əлемдік медиа нарығының органикалық жəне тең дəрежелі бөлігі ретінде отандық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру болуға тиіс.

      Азаматтық қоғам институттарын, БАҚ пен Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің басқа да субъектілерін белсенді түрде тарту доктринаның мақсаттарына қол жеткізу мен міндеттерін іске асы руға ықпал ететін болады. Қоғамдық институттардың саналы жəне жауапты қолдауы болмаса, толыққанды ақпараттық егемендікті қамтамасыз ету мүмкін емес.

      Қоғамды топтастыруға жəне азаматтық бірдейлікті нығайтуға ықпал ете отырып, ұзақ мерзімді перспективада ақпараттық саясаттың векторы мен мазмұнын айқындайтын негізгі алынатын құндылықтар осы доктринаның маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

      Доктрина жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік тетігін жетілдіруге, ақпараттық процестің барлық қатысушылары арасында тиімді комму никациялар жүйесін құруға мүмкіндік береді, Əділетті Қазақстанды құру бағыты аясында ақ параттық саланың міндеттерін шешуге ықпал ететін болады.

 

Об утверждении Информационной доктрины Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 20 марта 2023 года № 145.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов
Президента и Правительства
Республики
Казахстан и республиканской
печати

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Информационную доктрину Республики Казахстан.

      2. Правительству Республики Казахстан в трехмесячный срок разработать и утвердить План действий по реализации Информационной доктрины Республики Казахстан.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНА
Указом Президента
Республики Казахстан
от 20 марта 2023 года № 145

ИНФОРМАЦИОННАЯ ДОКТРИНА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Астана, 2023 год

Содержание

      Раздел 1. Введение

      Раздел 2. Анализ текущей ситуации

      Раздел 3. Основные положения

      3.1. Цели и принципы

      3.2. Видение развития информационного пространства

      3.3. Подходы к развитию информационного пространства

      3.3.1. Совершенствование информационной политики

      3.3.2. Повышение конкурентоспособности и качества отечественного информационного контента

      3.3.3. Ценностное наполнение информационного пространства

      Раздел 4. Заключение

Раздел 1. Введение

      Развитие и обеспечение устойчивого функционирования и безопасности единого информационного пространства страны является одним из базовых приоритетов государственной политики.

      В рамках этого направления решается комплекс задач, связанных с формированием открытого информационного пространства, востребованных и сильных медиа, обеспечением гарантированных Конституцией Республики Казахстан свободы слова, права каждого свободно получать и распространять информацию любым, не запрещенным законом, способом.

      Вместе с тем, новая реальность в информационной сфере и возникающие угрозы информационной безопасности требуют переосмысления подходов в проведении государственной информационной политики, изменения общей парадигмы взаимоотношений между государственными институтами и другими субъектами общественных отношений в информационной сфере.

      Сегодня мир входит в новый этап своего развития. Продолжается процесс глобализации, усиливающийся все более динамичным развитием информационной сферы. Развитие технологий, массовое проникновение новых цифровых и информационно-коммуникационных инструментов кардинально преобразили современное медиапространство.

      Геополитическая турбулентность и усиливающееся взаимное недоверие на международной политической арене заставляют по-новому смотреть на вопросы информационного взаимодействия. Все более актуальными становятся вопросы распространения достоверной информации, противодействия недостоверной и манипулятивной информации и в целом повышения доверия общества к средствам массовой информации (далее - СМИ).

      Решение задач политической модернизации и дальнейшей демократизации общественной жизни связано с необходимостью либерализации информационной сферы, отказа от излишней регламентации отношений в сфере СМИ, усиления гарантий свободы слова и выражения мнений.

      В их основе лежит осознание важности функционирования конкурентоспособных и свободных СМИ с собственным взглядом на процессы, происходящие в Казахстане, регионе и мире. От этого зависит подлинная информационная безопасность и идеологический суверенитет страны.

      Возрастает также запрос на формирование целостной системы общенациональных ценностей и политико-социального мировоззрения, особенно в условиях исторической турбулентности.

      В этой связи перед Республикой Казахстан как полноправным участником глобальной информационной экосистемы стоит задача выработки четких информационно-коммуникационных императивов и ценностных ориентиров, отображающих суть национальных интересов страны в данной сфере.

      Реализация этой стратегической задачи требует разработки документа доктринального, мировоззренческого характера, позволяющего определить основной вектор и базовые подходы государственной информационной политики на долгосрочную перспективу.

      Информационная доктрина (далее - доктрина) представляет систему взглядов на развитие отечественной информационной сферы, принципов и механизмов повышения ее открытости и конкурентоспособности. Доктрина также будет определять идейно-ценностные установки, отвечающие интересам народа, способствующие дальнейшему развитию государства и общества.

      Являясь основополагающим документом для формирования государственной политики в информационно-коммуникационной сфере, доктрина призвана обеспечить баланс интересов общества и государства, создание равных условий для реализации прав всеми субъектами медийного процесса.

      Ключевым направлением реализации доктрины является обеспечение информационной безопасности страны и ее граждан, своевременное реагирование на информационные вызовы и риски.

Раздел 2. Анализ текущей ситуации

      За годы независимости информационная политика Казахстана проходила несколько стадий своего развития. С начала 1990-х до начала 2000-х годов наблюдалась тенденция активного становления отечественной телевизионной и печатной индустрии. В этот период государственная информационная политика была направлена на поддержку отечественных СМИ, придерживаясь при этом принципа равноудаленности от всех субъектов медиаотрасли.

      В период 2000-2010 годов с развитием отечественных медиа, появлением крупных игроков, стремящихся к доминированию на рынке распространения информации, государственная информационная политика была направлена на регламентацию и усиление методов регулирования медийной отрасли.

      На протяжении последних лет национальное медиапространство претерпевает постепенную, но значительную трансформацию. С появлением новых каналов коммуникации менялась культура медиапотребления с дальнейшей сегментацией аудитории. Постепенное стирание границ информационной среды расширило спектр факторов, оказывающих влияние на массовое сознание.

      Между тем, несовершенство коммуникативных механизмов в системе отношений "государство - общество - гражданин" препятствует полноценной реализации принципа информационной открытости.

      Декларируемая информационная открытость государственных и общественных институтов требует пересмотра подходов в планировании и ведении информационной работы и исключения проявлений формализма.

      Оценка правоприменительной практики показывает слабую информированность общества о своем праве на доступ к информации, низкий уровень информационной грамотности населения. Это в сочетании с низкой эффективностью механизмов противодействия информационным вбросам способствует искаженному восприятию потребителями событий и формирует ошибочные поведенческие установки.

      Опасность распространения в медийном пространстве провокационного и дискредитирующего контента с использованием различных манипуляторных технологий подчеркивает важность обеспечения информационной безопасности граждан, особенно несовершеннолетних.

      Кроме того, с распространением технологий "нейросеть" и "deepfake" существует риск вброса в медиапространство ложного видео-, аудиоконтента.

      В целом, открытость информационного пространства выявила отставание медийной отрасли республики от общемировых трендов, затрудняющее конкуренцию отечественных СМИ с иностранными даже на внутреннем информационном поле. На этом фоне высокоактуальным является вопрос влияния казахоязычных информационных ресурсов на формирование общественного сознания.

      Анализ развития информационного пространства Республики Казахстан показывает необходимость принятия мер по защите отечественной информационной среды от внешнего деструктивного воздействия, дезинформации, негативным образом влияющих на ценностно-идеологические установки граждан и несущих угрозу внутриполитической стабильности.

      Вместе с тем, развитие отечественной медийной отрасли в разрезе отдельных видов СМИ имеет свои особенности:

      1. На сегодняшний день для свыше 9% граждан печатные издания остаются основным источником информации. При этом отмечается прямая зависимость интереса к чтению газет от возраста - чем старше человек, тем чаще читает печатные СМИ. Переход широкой аудитории на альтернативные каналы коммуникации свидетельствует о том, что интерес общества к печатным изданиям неуклонно снижается.

      Схожая ситуация прослеживается и в телерадиовещании. Но при этом разрыв в уровне популярности особенно заметен в разрезе регионов на уровне местного телевидения, что во многом связано с низким уровнем монетизации и качеством предлагаемого населению контента.

      Основной телевизионный контент заполнен сериалами и ток-шоу развлекательного характера. Наблюдается дефицит аналитических программ, журналистских расследований, яркой публицистики - важных составляющих узнаваемости СМИ, фактора повышения медийной грамотности населения и формирования критического отношения к потребляемому контенту.

      В целом, техническая база всех субъектов сферы телерадиовещания нуждается в серьезной модернизации.

      Тем не менее, телевидение и радио остаются одними из самых влиятельных источников информации с самой широкой аудиторией. Кроме того, они являются инструментом для решения задач оперативного информирования населения в чрезвычайных ситуациях, позволяют достичь самых отдаленных точек страны и дают возможность людям быть в курсе событий, происходящих в стране и мире.

      Необходимо отметить, что отечественные теле- и радиостанции обладают потенциалом, позволяющим при должном внимании конкурировать с зарубежными медиагигантами. При этом заметна положительная динамика роста контента на государственном языке и в среднесрочной перспективе этот тренд будет только усиливаться.

      2. В последние годы интернет-ресурсы набирают широкую популярность среди отечественных СМИ, но здесь также остается актуальным вопрос производства качественного контента на государственном языке.

      При этом интернет-СМИ стали превалировать только в формате новостных лент. Наряду с созданием профильных новостных материалов, остается актуальным развитие авторской и расследовательской журналистики. По- прежнему не обеспечивается оперативность информирования населения на местах, в том числе из-за нехватки профессиональных кадров, компетентных в вопросах конвергентной и мультимедийной журналистики.

      Позиционирование интернет-СМИ в основном в качестве новостных агрегаторов в определенной мере также способствовало миграции потребителей контента в социальные медиа.

      Другой актуальный вопрос в данном направлении - ограниченность рынка. В стране с населением 19 млн чел. интернет-СМИ очень сложно монетизировать свою работу, что также негативно сказывается на компетенциях отечественных журналистов.

      3. Благодаря развитию мобильного Интернета социальные сети стали основным источником информации как минимум для половины населения страны, причем преимущественно молодежи (социологические исследования 2021 года показали, что 45,2% респондентов предпочитают получать информацию в социальных медиа).

      Развитие глобальных мессенджеров и онлайн-платформ кардинально изменило архитектуру медиаиндустрии. Отмечается высокий рост политизации некоторых социальных сетей, которые становятся одними из источников дезинформации.

      Появление на медиарынке социальных сетей и мессенджеров коренным образом изменило процесс обмена информацией, позволив потребителю получать информацию в онлайн-режиме. Социальные сети стали главным каналом коммуникаций и средой распространения контента, что в результате привело к снижению доли потребления информации посредством традиционных СМИ. Пандемия коронавирусной инфекции COVID-19 дополнительно усилила позиции социальных медиа.

      С развитием мессенджеров, появлением феномена блогерства претерпели трансформацию классическое понятие традиционной журналистики и методы информирования аудитории.

      На текущий момент аудитории некоторых блогеров по численности могут конкурировать с аудиториями отдельных СМИ. При этом наблюдается тенденция превращения блогосферы в альтернативный канал получения общественно-политической информации.

      Отмечается рост популярности таких технологий, как виртуальная реальность (VR) и дополненная реальность (AR), которые позволят интегрироваться с социальными сетями, обеспечивая более активное взаимодействие с потребителями.

      Вместе с тем популярность короткого и неперегруженного контента в виде отрывка текста или фрагмента видео приводит к изменению привычек медиапотребления, когда массовая аудитория перестает воспринимать сложную и структурированную информацию.

      Восприятие потока информации через короткие и яркие образы не дает целостного представления, приводит к фрагментарности знания. При отсутствии навыков критического мышления это создает риски масштабной дезинформации и манипуляции общественным мнением.

Раздел 3. Основные положения

3.1. Цели и принципы

      Целями настоящей доктрины являются обеспечение информационной безопасности и идеологического суверенитета страны, выстраивание отвечающей современным тенденциям и вызовам информационной политики, направленной на консолидацию общества и укрепление гражданской идентичности.

      При этом доктрина определяет следующие основные принципы взаимодействия всех участников информационной сферы:

      свобода слова. Доктрина придерживается принципа защиты свободы слова и плюрализма мнений как основополагающего фактора единства и консолидации казахстанцев;

      доступ к информации. Доктрина исходит из права каждого гражданина, гарантированного государством и закрепленного в Конституции, законах Республики Казахстан, свободно получать и распространять информацию любым, не запрещенным законом, способом;

      ориентир на развитие. Одной из ключевых задач доктрины является создание условий для непрерывного развития и качественного роста всего информационного пространства, а также повышения конкурентоспособности и востребованности отечественной медиапродукции среди граждан;

      доверие и конфиденциальность. Участники медийного процесса, транслирующие информацию, в том числе и СМИ, должны быть заинтересованы в предоставлении объективной и достоверной информации без элементов искажения и манипулирования. Все меры должны быть нацелены на повышение уровня доверия между всеми участниками коммуникативного процесса. При этом доктрина поддерживает право каждого на неприкосновенность частной жизни, личную и семейную тайну, защиту своей чести и достоинства;

      обеспечение информационной безопасности. Развитие национального информационного пространства и формирование конкурентоспособной отечественной медиасферы должны стать ключевым фактором по противодействию и снижению последствий внешних вызовов, а также базовым условием устойчивого развития отрасли.

3.2. Видение развития информационного пространства

      В информационном пространстве обеспечен баланс интересов всех участников медийного процесса.

      Правовые и институциональные механизмы регулирования и поддержки обеспечивают динамичное функционирование отечественной медиасферы.

      Фундаментальные духовно-нравственные, традиционные ценностные установки в общественном сознании определяют основной идеологический вектор в информационном пространстве.

      В обществе сформирован устойчивый иммунитет к деструктивному, манипулятивному и недостоверному контенту, создана эффективная система защиты информационного пространства от внешних угроз.

      Граждане обладают высоким уровнем медийной и информационной грамотности.

      Независимые авторитетные отечественные СМИ производят качественный контент, позволяющий конкурировать на мировом медиарынке.

      Государственная информационная политика соответствует актуальным тенденциям развития информационного пространства, создавая предпосылки и условия для динамичного развития.

3.3. Подходы к развитию информационного пространства

      Учитывая, что Казахстан является частью мирового сообщества, государственная информационная политика будет подразумевать системное реагирование на меняющиеся мировые процессы и тенденции, а также активное внедрение новых инструментов в соответствии с национальными интересами.

      Вместе с тем здесь нужен сбалансированный и прагматичный взгляд, учитывающий реальные условия как на внешнем, так и на внутреннем контуре развития Казахстана.

      Принимаемые в рамках реализации доктрины меры в комплексе должны способствовать повышению конкурентоспособности отечественной информационной продукции и всей сферы в целом; обеспечению доминирования национальных ценностей в основных политико-идеологических направлениях информационного поля; выработке эффективных механизмов сдерживания внешнего информационного влияния; наращиванию качественного информационного присутствия на международном уровне; совершенствованию нормативной правовой базы отрасли.

      Основные подходы к развитию информационного пространства:

      совершенствование информационной политики;

      повышение конкурентоспособности и качества отечественного информационного контента;

      ценностное наполнение информационного пространства.

3.3.1. Совершенствование информационной политики

      В государственной информационной политике будет обеспечено:

      1) продвижение национальных интересов на внутреннем и внешнем информационном поле;

      2) поддержание и развитие конкурентоспособного и безопасного национального информационного пространства, укрепление местных СМИ;

      3) превращение Казахстана в региональный информационный хаб, формирование единой стратегии региональной интеграции;

      4) укрепление равноправных и взаимовыгодных отношений с международными информационными компаниями, представляющими практический интерес для Казахстана;

      5) соблюдение баланса интересов, прав и свобод граждан, общества и государства, их взаимной ответственности;

      6) эффективное взаимодействие государства и общества в вопросах обеспечения доминирования в отечественном информационном пространстве, реагирования на угрозы негативного информационного воздействия и борьбы с ложными нарративами;

      7) внедрение современных методов управления рисками информационной безопасности;

      8) совершенствование механизмов противодействия внешним информационным атакам, распространению деструктивной идеологии, пропаганды и дезинформации;

      9) формирование оптимальной модели партнерства государства и СМИ, в том числе механизмов стимулирования развития медиаотрасли;

      10) принятие законодательных мер, обеспечивающих прозрачность деятельности новых субъектов медиасферы (интернет-платформ, социальных сетей, инфлюенсеров и др.);

      11) создание условий для развития отраслевой журналистики и институтов саморегуляции журналистской деятельности;

      12) обеспечение права каждому на равный доступ к информации, находящейся в распоряжении государства, которое может быть ограничено только законами и лишь в той мере, в какой это необходимо в целях защиты конституционного строя, охраны общественного порядка, прав и свобод человека, здоровья и нравственности населения.

3.3.2. Повышение конкурентоспособности и качества отечественного информационного контента

      В целях повышения конкурентоспособности отечественных СМИ, формирования качественного отечественного контента, увеличения его востребованности планируется:

      1) наращивание доли отечественного информационного продукта с аналитическим содержанием, способствующего развитию критического мышления у населения, формированию устойчивых морально-нравственных ориентиров;

      2) поддержка информационных проектов научно-образовательного, культурно-просветительского, досугового и иного характера для разных целевых групп населения, ориентированных на повышение конкурентоспособности нации и укрепление имиджа государства;

      3) стимулирование выхода отечественных производителей информационной продукции на внешние рынки;

      4) создание условий для совершенствования профессиональных навыков журналистов и инфлюенсеров;

      5) освоение новых информационных трендов и цифровых технологий;

      6) снижение разрыва в доступе к сети Интернет между городом и селом;

      7) продолжение политики развития телекоммуникационной инфраструктуры и внедрение современных отечественных технических стандартов в сфере информации и телерадиовещания.

3.3.3. Ценностное наполнение информационного пространства

      Основу мировоззренческих установок, транслируемых через различные медиаканалы, должны составлять идеи, которые соответствуют позициям Казахстана на мировой арене, доносящие до каждого гражданина основные ценности нашего общества.

      Идеологическая составляющая государственной информационной политики будет направлена на консолидацию общества, укрепление нравственных принципов, а также приверженности следующим национальным ценностям:

      1) независимость и патриотизм как главная ценность казахстанского общества. Благодаря независимости общество и личность имеют возможности для свободного и гармоничного развития. Патриотизм проявляется не только в готовности граждан встать на защиту независимости, но и в осознании личной ответственности за настоящее и будущее страны;

      2) справедливость, верховенство закона и нулевая терпимость к коррупции. Залогом успешного развития страны является формирование справедливых отношений в обществе, экономике и политике. Необходимо постоянное повышение правовой культуры. Законность и правопорядок - главное условие для реализации политических, гражданских, культурных прав каждого гражданина. Свобода слова в сочетании с запретом цензуры и гражданской ответственностью должны оставаться главным двигателем развития информационной сферы;

      3) государственный язык, история и культура. Государственный язык является консолидирующим фактором. Следует постоянно повышать качество казахоязычного контента и расширять ареал его распространения. Национальная история и культура являются источником созидательной энергии общества. Культивирование этих ценностей создает прочный фундамент взаимопонимания и единства в обществе, формируя контуры общего будущего;

      4) трудолюбие и стремление к знаниям. Эти ценности лежат в основе профессионализма и компетентности, являясь залогом личного успеха и повышения благосостояния общества. В нашем обществе человек труда должен стать образцом для подражания;

      5) семейные ценности и охрана детства. В семье закладываются основы нравственного воспитания, преемственности традиций и сохранения культурного кода нации. Информационная политика направлена на укрепление традиционного института семьи, обеспечение счастливого детства;

      6) созидательность и прогрессивность. Энергия и талант граждан - ключевой фактор развития страны. Создание условий для раскрытия творческих способностей и самореализации граждан придаст динамику созидательной силе народа;

      7) бережное отношение к природе, окружающему миру. Экологичность - это стратегически важный жизненный принцип для всех граждан, государства и бизнеса. Привитие экологического мышления должно стать ключевым направлением информационной политики.

Раздел 4. Заключение

      Настоящая доктрина является концептуальным документом, отражающим философию и дух формирования современной государственной информационной политики.

      Реализация доктрины позволит решить многие изложенные в документе проблемы, предупредить возможные риски и выстроить системную политику в этой сверхдинамичной отрасли.

      Соблюдение декларируемых доктриной основных принципов взаимодействия всех субъектов общественных отношений в информационной сфере выведет медиаотрасль страны на качественно новый, конкурентный уровень развития.

      Итогом реализации доктрины должно стать формирование отечественного информационного пространства как органичной и равноценной части мирового медиарынка.

      Достижению целей и реализации задач доктрины будет способствовать активное вовлечение в нее институтов гражданского общества, СМИ и других субъектов информационного пространства Казахстана. Без сознательной и ответственной поддержки общественных институтов невозможно обеспечить полноценный информационный суверенитет.

      Важнейшими составляющими данной доктрины являются основополагающие ценностные установки, которые будут определять вектор и содержание информационной политики на долгосрочную перспективу, способствуя консолидации общества и укреплению гражданской идентичности.

      Доктрина позволит усовершенствовать государственный механизм противодействия дезинформации, создать эффективную систему коммуникаций между всеми участниками информационного процесса, будет способствовать решению задач информационной сферы в рамках курса на построение Справедливого Казахстана.