"Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 265 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 маусымдағы
№ 265 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары

      1. Осы Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарын айқындайды.

      2. Егер Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедектігі бар адам, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында мүгедектігі бар ата-анасы (ата-аналары) не Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген жастағы зейнеткер ата-анасы (ата-аналары) бар мемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге көшуге байланысты ротацияға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.

      Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.

      3. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      4. Мемлекеттік қызметшінің ротациясын мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) жүзеге асырады.

      5. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, мемлекеттік қызметшіні басқа мемлекеттік лауазымға ротациялаған, лауазымын төмендеткен немесе қызметтен шығарған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін ғана оны ротациясы жүзеге асырылған алдыңғы лауазымға, сондай-ақ ротациядан бас тартуына байланысты лауазымы төмендетілген немесе қызметтен шығарылған лауазымға тағайындауға жол беріледі.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі мемлекеттік саяси қызметшіге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне (бұдан әрі – "А" корпусының қызметшілері) қатысты тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынуы бойынша қабылдануы мүмкін.

      6. Басқа елді мекенге ротация кезінде мемлекеттік қызметшіге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғынжай беріледі.

      Қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының қызметшілеріне, "Б" корпусының С-1, С-О-1 және D-О-1 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) ротациялық төлемдер белгіленеді.

      Ротация мерзімі басталған кезде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуіне үш және одан да аз жыл қалған мемлекеттік қызметшінің өтініші негізінде уәкілетті адамның осы қызметшіні ротациядан босату туралы актісі қабылданады.

      7. Ротация мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

      1) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалаларды, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы;

      3) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін және басқару тәжірибесін тиімді түрде пайдалану;

      4) мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру.

      8. Ротация мынадай схемалардың біреуі бойынша жүргізіледі:

      1) деңгейаралық ("орталық – өңір", "өңір – орталық");

      2) өңіраралық ("өңір – өңір");

      3) сектораралық ("орталық – орталық");

      4) ішкі өңірлік (өңірдің шегінде).

2-тарау. Мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібі

      9. Мемлекеттік саяси қызметшілер мен "А" корпусы қызметшілерінің ротациясы:

      1) мемлекеттік саяси қызметшілерді (Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өкілеттік мерзімі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында айқындалған мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда) бос немесе уақытша бос мемлекеттік саяси лауазымдарға;

      2) "А" корпусының қызметшілерін "А" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына;

      3) мемлекеттік саяси қызметшілер (Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өкілеттік мерзімі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында айқындалған мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда) мен "А" корпусының қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік саяси қызметшілер мен "А" корпусы қызметшілерінің ротациясы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі уәкілетті адамға (органға) не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне:

      1) осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген ротация мерзімдері басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, осы мемлекеттік органның ротацияға жататын мемлекеттік саяси қызметшілерінің және (немесе) "А" корпусы қызметшілерінің тізімін;

      2) өзге мемлекеттік органдардың ротация мерзімдері басталғанға дейін үш айдан аз уақыт қалған мемлекеттік саяси қызметшілерінің және (немесе) "А" корпусы қызметшілерінің тізімін енгізеді. Бұл тізімді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне жазбаша сұрау салу бойынша береді.

      11. Мемлекеттік қызметшінің ротациясы жоспарланған мемлекеттік органның бірінші басшысы не мемлекеттік қызметшінің ротациясы жоспарланған тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшінің ротация мерзімі басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін немесе осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген "А" корпусы қызметшісінің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік саяси қызметшінің немесе "А" корпусы қызметшісінің ротациясы туралы ұсыныс енгізеді.

      Егер мемлекеттік саяси лауазымға немесе "А" корпусының лауазымына ротация тәртібімен басқа мемлекеттік органнан мемлекеттік саяси қызметшіні немесе "А" корпусының қызметшісін тағайындау жүзеге асырылатын жағдайда, мемлекеттік қызметшіні тағайындау туралы ұсыныста ротацияны мемлекеттік қызметшінің ағымдағы жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысымен келіскені туралы ақпарат көрсетіледі.

      12. Ротация шеңберінде:

      1) мемлекеттік саяси қызметшілерді тағайындау – осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген мемлекеттік саяси қызметшінің ротация мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;

      2) "А" корпусының қызметшілерін тағайындау – "А" корпусы қызметшісінің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік саяси қызметшінің немесе "А" корпусы қызметшісінің ротациясы не өкілеттігін тоқтату туралы шешім болмаған жағдайда, олар тиісті шешім қабылданғанға дейін атқаратын лауазымдарында жұмысын жалғастыра береді.

      14. Мемлекеттік саяси қызметшілердің ротациясы оны соңғы атқаратын лауазымына тағайындаған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылым өзгергеннен не лауазымдар қайта аталғаннан кейін мемлекеттік саяси қызметшілер бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде қайта жаңартылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротация жүргізу мерзіміне мемлекеттік саяси қызметшінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.

      Уәкілетті адамның (органның) шешімі бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Осы мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.

      15. "А" корпусы қызметшілерінің ротациясы олар "А" корпусының лауазымдарына қойылатын арнаулы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жүргізіледі.

      16. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Президентінің актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, "А" корпусы қызметшісінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротация жүргізу мерзіміне "А" корпусы қызметшісінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.

      Уәкілетті адамның (органның) шешімі бойынша "А" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Осы "А" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте "А" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.

3-тарау. "Б" корпусының қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібі

      17. "Б" корпусы қызметшілерінің ротациясы:

      1) "Б" корпусының С-1, С-О-1 санаттарына жататын қызметшілерін мемлекеттік органның ішінде, оның ведомстволарын, осы мемлекеттік органның және оның ведомстволарының аумақтық органдарын қоса алғанда, С-1, С-О-1 санаттарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға;

      2) мемлекеттік органның ішінде, оның ведомстволарын, осы мемлекеттік органның және оның ведомстволарының аумақтық органдарын қоса алғанда, "Б" корпусының С-1, С-О-1 санаттарына жататын қызметшілері арасында;

      3) "Б" корпусының D-O-1 санатына жататын қызметшілерін тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында D-O-1 санатындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға;

      4) тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында "Б" корпусының D-O-1 санатына жататын қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

      18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген "Б" корпусы қызметшілерінің ротациясы ол соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылым өзгергеннен не лауазымдар қайта аталғаннан кейін "Б" корпусының қызметшілері бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін, бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде қайта жаңартылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротация жүргізу мерзіміне "Б" корпусы қызметшісінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.

      "Б" корпусының қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда, оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен тағы екі жылға ұзартылуы мүмкін не "Б" корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылуы не ол келіскен жағдайда лауазымы төмендетілуі мүмкін. Осы "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.

      Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілместен жүзеге асырылады.

      19. Персоналды басқару қызметі немесе персоналды басқарудың бірыңғай кадр қызметі ротация мерзімі басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей ротацияға жататын "Б" корпусы қызметшілерінің тізімін қалыптастырады және оны уәкілетті адамның қарауына енгізеді.

      20. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген "Б" корпусы қызметшілерінің ротациясы уәкілетті адамның актісімен жүргізіледі.

      "Б" корпусының D-O-1 санатындағы қызметшілерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінен тыс жерлерге ротациясы кезінде "Б" корпусы қызметшісінің ротациясы жеріндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ротация туралы актіні қабылдайды.

      "Б" корпусының қызметшісі белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген, осы Қағидалардың талаптары сақталмаған жағдайда, сондай-ақ ротацияға жататын "Б" корпусының қызметшісі соңғы жыл ішінде ротация ұсынылған жердегі мемлекеттік органның басшысы болып табылатын адамның тікелей басшылығымен жұмыс істеген жағдайда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келісуден бас тартады.

      21. Кемінде соңғы төрт жыл бойы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік лауазымдарды атқаратын (осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда), оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін "Б" корпусы қызметшілерінің арасында осы "Б" корпусы қызметшілерінің және уәкілетті адамдардың өзара келісімі болғанда уәкілетті адамдардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері ескеріледі.

      22. Ротация шеңберінде "Б" корпусының қызметшілерін тағайындау осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген "Б" корпусы қызметшілерінің ротация мерзімі басталғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте уәкілетті адам "Б" корпусының қызметшісін алдағы ротация туралы күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді. Осы мерзім өткеннен кейін уәкілетті адамның ротацияға жататын "Б" корпусының қызметшісін лауазымға тағайындау туралы тиісті актісі шығарылады.

      Егер "Б" корпусының қызметшісі ротация тәртібімен үміттеніп отырған лауазым ротация жүргізу кезінде бос болмаса, онда "Б" корпусының қызметшісі көрсетілген лауазым босағанға дейін атқарып отырған лауазымында жұмысын жалғастыра береді.

  Ротация жүргізу қағидалары мен
мерзімдеріне, ротацияға
жататын мемлекеттік
қызметшілердің санаттары
мен лауазымдарына
ҚОСЫМША

Мемлекеттік қызметшілердің өзара келісімі бойынша олардың арасында ротация жүргізуге жол берілетін "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдарының тізбесі

Санат

Лауазым

В санаттарының тобы

В-2

Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары

В-3

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігiнің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басқарма (қызмет) басшысы

В-4

Сектор меңгерушісі

С санаттарының тобы

С-2

Департамент директорының орынбасары

С-3

Басқарма басшысы

Басқарма басшысының орынбасары

Консул – консулдықтың басшысы

С-О-2

Басшының орынбасары

Кеден басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі

С-О-3

Басқарма басшысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органының басқарма басшысы

Кеден бекетінің басшысы

Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы

С-О-4

Бөлім басшысы

Кеден бекеті басшысының орынбасары

C-R-1

Аудандық аумақтық басқарманың басшысы

Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісінің басшысы

C-R-2

Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары

Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісі басшысының орынбасары

C-R-3

Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы

D санаттарының тобы

D-1

Мәслихат аппаратының басшысы

D-2

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының аппарат басшысы

Әкім аппараты басшысының орынбасары

Мәслихат аппараты басшысының орынбасары

D-3

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

D-O-2

Басшының орынбасары

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

D-O-3

Бөлім басшысы

D-R-1

Бөлім басшысы

D-R-2

Бөлім басшысының орынбасары

D-R-3

Сектор меңгерушісі

Е санаттарының тобы

Е-1

Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары

Е-2

Аппарат басшысы

Е-3

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

E-R-1

Бөлім басшысы

E-R-2

Бөлім басшысының орынбасары

E-R-3

Сектор меңгерушісі

E-G-1

Әкімнің орынбасары

E-G-2

Құрылымдық бөлімшенің басшысы


О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы"

Указ Президента Республики Казахстан от 19 июня 2023 года № 265.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п. 2.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы" следующее изменение:

      Правила и сроки проведения ротации, категории и должности государственных служащих, подлежащих ротации, утвержденные вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Указу.

      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении тридцати календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев

 
  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 19 июня 2023 года № 265
  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 29 декабря 2015 года № 152

Правила и сроки проведения ротации, категории и должности государственных служащих, подлежащих ротации

      1. Настоящие Правила и сроки проведения ротации, категории и должности государственных служащих, подлежащих ротации (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 41 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок и сроки проведения ротации государственных служащих, категории и должности государственных служащих, подлежащих ротации.

      2. Ротация, связанная с переездом в другой населенный пункт государственных служащих, являющихся лицами с инвалидностью, беременными, одинокими родителями, воспитывающими ребенка в возрасте до четырнадцати лет, имеющими (являющимися опекунами) детей с инвалидностью, в том числе усыновленных (удочеренных), многодетными родителями (опекунами) или на иждивении которых находится (находятся) родитель (родители) с инвалидностью либо родитель (родители) – пенсионер (пенсионеры) по возрасту, установленному законодательством о пенсионном обеспечении Республики Казахстан, допускается только по согласию данных государственных служащих, если иное не предусмотрено законом, определяющим правовые основы, а также порядок организации деятельности дипломатической службы Республики Казахстан.

      Указанные обстоятельства должны быть документально подтверждены.

      3. Положения настоящих Правил не распространяются на государственных служащих, избираемых в соответствии с законами Республики Казахстан.

Глава 1. Общие положения

      4. Ротация государственного служащего осуществляется лицом (органом), имеющим право назначения на должность и освобождения от должности государственных служащих государственного органа (далее – уполномоченное лицо).

      5. Назначение государственного служащего на предыдущую должность, с которой осуществлена ротация, а также с которой он был понижен в должности или уволен в связи с отказом от ротации, допускается не ранее чем через один год со дня его ротации на другую государственную должность, понижения или увольнения, если Президентом Республики Казахстан не будет принято иное решение.

      При этом решение Президента Республики Казахстан, указанное в части первой настоящего пункта, может быть принято в отношении политического государственного служащего и административного государственного служащего корпуса "А" (далее – служащие корпуса "А") по представлению первого руководителя соответствующего государственного органа.

      6. При ротации в другой населенный пункт государственному служащему на период исполнения им должностных обязанностей предоставляется служебное жилище без права приватизации в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях".

      В случае отсутствия служебного жилища политическим государственным служащим и служащим корпуса "А", административным государственным служащим корпуса "Б" (далее – служащие корпуса "Б") категорий C-1, С-О-1 и D-О-1, которые ротированы в другой населенный пункт, устанавливаются ротационные выплаты.

      На основании заявления государственного служащего, которому на момент наступления срока ротации осталось три и менее лет до достижения пенсионного возраста, установленного Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", принимается акт уполномоченного лица об освобождении от ротации данного служащего.

      7. Ротация проводится в следующих целях:

      1) повышения эффективности деятельности государственных органов, развития областей, городов республиканского значения, столицы, городов, являющихся административными центрами областей, городов областного значения, районов областей и районов в городах;

      2) профилактики коррупционных правонарушений;

      3) эффективного использования профессионального потенциала и управленческого опыта государственных служащих;

      4) профессионального развития и совершенствования управленческих компетенций государственных служащих.

      8. Ротация проводится по одной из следующих схем:

      1) межуровневая ("центр – регион", "регион – центр");

      2) межрегиональная ("регион – регион");

      3) межсекторальная ("центр – центр");

      4) внутрирегиональная (в пределах региона).

Глава 2. Порядок проведения ротации политических государственных служащих и служащих корпуса "А"

      9. Ротация политических государственных служащих и служащих корпуса "А" осуществляется путем должностного перемещения:

      1) политических государственных служащих (за исключением политических государственных служащих, назначаемых на должности Президентом Республики Казахстан, и политических государственных служащих, для которых Конституцией и законами Республики Казахстан определены сроки их полномочий) на вакантные или временно вакантные политические государственные должности;

      2) служащих корпуса "А" на вакантные или временно вакантные административные государственные должности корпуса "А";

      3) между политическими государственными служащими (за исключением политических государственных служащих, назначаемых на должности Президентом Республики Казахстан, и политических государственных служащих, для которых Конституцией и законами Республики Казахстан определены сроки их полномочий) и служащими корпуса "А".

      10. Ротация политических государственных служащих и служащих корпуса "А" осуществляется по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан.

      Служба управления персоналом государственного органа вносит уполномоченному лицу (органу) либо акиму соответствующей области, города республиканского значения, столицы:

      1) список политических государственных служащих и (или) служащих корпуса "А" данного государственного органа, подлежащих ротации, не позднее двух месяцев до наступления сроков их ротации, указанных в пунктах 14 и 16 настоящих Правил;

      2) список политических государственных служащих и (или) служащих корпуса "А" иных государственных органов, до наступления сроков ротации которых осталось менее трех месяцев. Данный список предоставляется службе управления персоналом государственного органа уполномоченным органом по делам государственной службы по письменному запросу.

      11. Первый руководитель государственного органа, в который планируется ротация государственного служащего, либо аким соответствующей области, города республиканского значения, столицы, в которые планируется ротация государственного служащего, в срок не позднее десяти рабочих дней до наступления срока ротации политического государственного служащего, указанного в пункте 14 настоящих Правил, или не позднее тридцати календарных дней до истечения срока полномочий служащего корпуса "А", указанного в пункте 16 настоящих Правил, вносит в Администрацию Президента Республики Казахстан предложение о ротации политического государственного служащего или служащего корпуса "А".

      В случае если на политическую государственную должность или должность корпуса "А" осуществляется назначение в порядке ротации политического государственного служащего или служащего корпуса "А" из другого государственного органа, в предложении о назначении государственного служащего указывается информация о согласовании ротации с первым руководителем государственного органа по месту текущей работы государственного служащего.

      12. Назначение в рамках ротации осуществляется:

      1) политических государственных служащих – в течение тридцати календарных дней после наступления срока ротации политического государственного служащего, установленного в пункте 14 настоящих Правил;

      2) служащих корпуса "А" – до истечения срока полномочий служащего корпуса "А".

      13. В случае отсутствия решения о ротации либо прекращении полномочий политического государственного служащего или служащего корпуса "А" они продолжают работу на занимаемых должностях до принятия соответствующего решения.

      14. Ротация политических государственных служащих проводится каждые четыре года со дня его назначения на последнюю занимаемую должность. При этом указанный срок не возобновляется при переназначении политических государственных служащих на равнозначные ранее занимаемым должностям после реорганизации государственного органа, изменения структуры либо переименования должностей.

      В срок для проведения ротации, указанный в части первой настоящего пункта, не включается период отсутствия политического государственного служащего на работе более двух месяцев подряд в связи с выходом в социальный отпуск или временной нетрудоспособностью, а также в связи с прикомандированием к государственным органам, загранучреждениям Республики Казахстан и иным организациям.

      По решению уполномоченного лица (органа) срок пребывания политического государственного служащего на занимаемой должности может быть продлен на два года. Последующее продление срока пребывания данного политического государственного служащего на занимаемой должности допускается по решению Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан (далее – Национальная комиссия) на два года. При этом максимально допустимый срок пребывания политического государственного служащего на занимаемой должности не может превышать восьми лет.

      15. Ротация служащих корпуса "А" проводится при условии их соответствия специальным квалификационным требованиям к должностям корпуса "А".

      16. Срок полномочий служащего корпуса "А" составляет четыре года, если иной срок не установлен законами и актами Президента Республики Казахстан.

      В срок для проведения ротации, указанный в части первой настоящего пункта, не включается период отсутствия служащего корпуса "А" на работе более двух месяцев подряд в связи с выходом в социальный отпуск или временной нетрудоспособностью, а также в связи с прикомандированием к государственным органам, загранучреждениям Республики Казахстан и иным организациям.

      По решению уполномоченного лица (органа) срок пребывания служащего корпуса "А" на занимаемой должности может быть продлен на два года. Последующее продление срока пребывания данного служащего корпуса "А" на занимаемой должности допускается по решению Национальной комиссии на два года. При этом максимально допустимый срок пребывания служащего корпуса "А" на занимаемой должности не может превышать восьми лет.

Глава 3. Порядок проведения ротации служащих корпуса "Б"

      17. Ротация служащих корпуса "Б" осуществляется путем должностного перемещения:

      1) служащих корпуса "Б", относящихся к категориям С-1, С-О-1, на вакантные административные государственные должности категорий С-1, С-О-1 внутри государственного органа, включая его ведомства, территориальные органы данного государственного органа и его ведомств;

      2) между служащими корпуса "Б", относящимися к категориям С-1, С-О-1, внутри государственного органа, включая его ведомства, территориальные органы данного государственного органа и его ведомств;

      3) служащих корпуса "Б", относящихся к категории D-O-1, на вакантные административные государственные должности категории D-O-1 в пределах соответствующей области, города республиканского значения, столицы либо между областями, городами республиканского значения, столицей;

      4) между служащими корпуса "Б", относящимися к категории D-O-1, в пределах соответствующей области, города республиканского значения, столицы либо между областями, городами республиканского значения, столицей.

      18. Ротация служащих корпуса "Б", указанных в пункте 17 настоящих Правил, проводится каждые четыре года со дня его назначения на последнюю занимаемую должность. При этом указанный срок не возобновляется при переназначении служащих корпуса "Б" на равнозначные ранее занимаемым должностям, соответствующим ранее исполняемым должностным полномочиям, после реорганизации государственного органа, изменения структуры либо переименования должностей.

      В срок для проведения ротации, указанный в части первой настоящего пункта, не включается период отсутствия служащего корпуса "Б" на работе более двух месяцев подряд в связи с выходом в социальный отпуск или временной нетрудоспособностью, а также в связи с прикомандированием к государственным органам, загранучреждениям Республики Казахстан и иным организациям.

      В случае письменного отказа служащего корпуса "Б" от ротации актом уполномоченного лица срок его пребывания на данной должности может быть продлен еще на два года либо служащий корпуса "Б" может быть освобожден от занимаемой должности, либо в случае его согласия понижен в должности. Последующее продление срока пребывания данного служащего корпуса "Б" на занимаемой должности допускается по решению Национальной комиссии на два года. При этом максимально допустимый срок пребывания служащего корпуса "Б" на занимаемой должности не может превышать восьми лет.

      Понижение в государственной должности осуществляется без проведения конкурсных процедур.

      19. Служба управления персоналом или единая кадровая служба управления персоналом не позднее двух месяцев до наступления срока ротации формирует список служащих корпуса "Б", подлежащих ротации, и вносит его на рассмотрение уполномоченному лицу.

      20. Ротация служащих корпуса "Б", указанных в пункте 17 настоящих Правил, проводится актом уполномоченного лица.

      При ротации служащих корпуса "Б" категории D-O-1 за пределы области, города республиканского значения, столицы акт о ротации принимается акимом области, города республиканского значения, столицы по месту ротации служащего корпуса "Б" по согласованию с уполномоченным органом по делам государственной службы.

      Уполномоченный орган по делам государственной службы отказывает в согласовании в случае несоответствия служащего корпуса "Б" установленным квалификационным требованиям, несоблюдения требований настоящих Правил, а также в случае если подлежащий ротации служащий корпуса "Б" в течение последнего года работал под непосредственным руководством лица, являющегося руководителем государственного органа по месту предлагаемой ротации.

      21. Допускается проведение ротации между служащими корпуса "Б", не менее четырех последних лет занимающими государственные должности согласно приложению к настоящим Правилам (за исключением государственных служащих, указанных в пункте 17 настоящих Правил, а также избираемых в соответствии с законами Республики Казахстан), в том числе работающими в разных государственных органах, актами уполномоченных лиц при взаимном согласии данных служащих корпуса "Б" и уполномоченных лиц. При этом учитываются результаты оценки эффективности деятельности государственных органов по соответствующим направлениям и оценки деятельности служащего корпуса "Б".

      22. Назначение служащих корпуса "Б" в рамках ротации осуществляется после наступления срока ротации служащих корпуса "Б", установленного в пункте 18 настоящих Правил.

      При этом уполномоченное лицо письменно уведомляет служащего корпуса "Б" о предстоящей ротации не позднее чем за тридцать календарных дней. По истечении данного срока издается соответствующий акт уполномоченного лица о назначении на должность служащего корпуса "Б", подлежащего ротации.

      В случае если должность, на которую претендует служащий корпуса "Б" в порядке ротации, не освобождена к моменту проведения ротации, то служащий корпуса "Б" продолжает работу на занимаемой должности до освобождения указанной должности.

 
  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Правилам и срокам
проведения ротации, категориям
и должностям государственных
служащих, подлежащих ротации

ПЕРЕЧЕНЬ
государственных должностей корпуса "Б", между которыми допускается проведение ротации по взаимному согласию государственных служащих

Категория

Должность

Группа категорий В

В-2

Заместитель руководителя структурного подразделения

В-3

Руководитель управления (службы) Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан, Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан

В-4

Заведующий сектором

Группа категорий С

С-2

Заместитель директора департамента

С-3

Руководитель управления

Заместитель руководителя управления

Консул – руководитель консульства

С-О-2

Заместитель руководителя

Заместитель руководителя таможни

Заведующий секретариатом Совета по этике Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

С-О-3

Руководитель управления

Руководитель управления территориального органа Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

Руководитель таможенного поста

Руководитель территориального отдела – старший судебный исполнитель

С-О-4

Руководитель отдела

Заместитель руководителя таможенного поста

C-R-1

Руководитель районного территориального управления

Руководитель Администратора районного и приравненного к нему суда

C-R-2

Заместитель руководителя районного территориального управления

Заместитель руководителя Администратора районного и приравненного к нему суда

C-R-3

Руководитель отдела районного территориального управления

Группа категорий D

D-1

Руководитель аппарата маслихата

D-2

Руководитель аппарата ревизионных комиссий областей, городов республиканского значения, столицы

Заместитель руководителя аппарата акима

Заместитель руководителя аппарата маслихата

D-3

Руководитель структурного подразделения

D-O-2

Заместитель руководителя

Заведующий Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана

D-O-3

Руководитель отдела

D-R-1

Руководитель отдела

D-R-2

Заместитель руководителя отдела

D-R-3

Заведующий сектором

Группа категорий Е

Е-1

Заместители акимов районов, районов в городе и городов областного значения

Е-2

Руководитель аппарата

Е-3

Руководитель структурного подразделения

E-R-1

Руководитель отдела

E-R-2

Заместитель руководителя отдела

E-R-3

Заведующий сектором

E-G-1

Заместитель акима

E-G-2

Руководитель структурного подразделения