Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 404 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 21) тармақшасына сәйкес отандық және шетелдік инвесторлар іске асыратын инвестициялық жобаларды тиімді және пәрменді түрде қолдау жөніндегі қызметті үйлестіру мен бақылау деңгейін арттыру есебінен оларды іске асыру арқылы экономикалық өсудің жоғары қарқынын және ұлттық экономиканы нақты эртараптандыруды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штабтың) мынадай:

      1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;

      2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Инвестициялық штабтың шешімдерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту, оның ішінде атқаратын лауазымынан босату жөнінде ұсыныстар енгізу өкілеттіктері айқындалсын.

      2. Мыналардың:

      1) Инвестициялық штаб төрағасы мен мүшелерінің Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсанына кемінде бір рет жүргізілген жұмыс туралы есеп ұсына отырып, инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру үшін;

      2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының Инвестициялық штаб шешімдерін орындамау немесе тиісінше орындамау үшін дербес жауапкершілігі белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды шұғыл тәртіппен қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О мерах по повышению эффективности работы по привлечению инвестиций в экономику страны

Указ Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2023 года № 404

      В целях обеспечения высоких темпов экономического роста и реальной диверсификации национальной экономики путем реализации инвестиционных проектов, реализуемых отечественными и иностранными инвесторами, за счет повышения уровня координации и контроля деятельности по их эффективной и действенной поддержке в соответствии с подпунктом 21) статьи 44 Конституции Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Определить следующие полномочия Совета по привлечению инвестиций (Инвестиционный штаб):

      1) принимать решения, обязательные для исполнения центральными и местными государственными органами, а также субъектами квазигосударственного сектора;

      2) разрабатывать временные нормативные правовые акты, имеющие силу закона, принимаемые Правительством Республики Казахстан в соответствии со статьей 61 Конституции Республики Казахстан;

      3) вносить Президенту Республики Казахстан и Премьер-Министру Республики Казахстан предложения по привлечению к дисциплинарной ответственности, в том числе освобождению от занимаемых должностей руководителей центральных и местных государственных органов, а также субъектов квазигосударственного сектора за неисполнение или ненадлежащее исполнение решений Инвестиционного штаба.

      2. Установить персональную ответственность:

      1) председателя и членов Инвестиционного штаба за улучшение инвестиционного климата, а также своевременную реализацию инвестиционных проектов с предоставлением Президенту Республики Казахстан не реже одного раза в квартал отчета о проведенной работе;

      2) руководителей центральных и местных государственных органов, а также субъектов квазигосударственного сектора за неисполнение или ненадлежащее исполнение решений Инвестиционного штаба.

      3. Правительству Республики Казахстан в оперативном порядке принять меры, вытекающие из настоящего Указа.

      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев