Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 683 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

      1) Нұржан Светқалиға, ақын – "Көкірегім көне кітап" жыр кітабы үшін;

      2) Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына, жазушы – "Адамның бір қызығы бала деген" кітабы үшін;

      3) Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына, авторлық ұжымға – "Көшпенді фрескалар" киізден бастырылған паннолары топтамасы мен "Әлем өрнектері" гобелендер топтамасы үшін;

      4) Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына, суретші – "Балалықтан даналыққа жол" топтамалар жинағы үшін берілсін.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О присуждении Государственной премии Республики Казахстан 2024 года в области литературы и искусства имени Абая

Указ Президента Республики Казахстан от 22 октября 2024 года № 683

      Рассмотрев рекомендации Комиссии по присуждению Государственной премии Республики Казахстан в области литературы и искусства имени Абая, ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Присудить Государственную премию Республики Казахстан 2024 года в области литературы и искусства имени Абая:

      1) Нұржан Светқали, поэту – за книгу стихов "Көкірегім көне кітап";

      2) Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы, писателю – за книгу "Адамның бір қызығы бала деген";

      3) Бапанову Алибаю Калтаевичу и Бапановой Сауле Сыздыковне, авторскому коллективу – за коллекцию панно из войлока "Көшпенді фрескалар" и коллекцию гобеленов "Әлем өрнектері";

      4) Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлы, художнику – за сборник коллекций "Балалықтан даналыққа жол".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев