1. Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) ашылып, оған Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Өкiлеттi өкiлдiгiнiң қызмет пен өндiрiстiк алаңдары, мейманхана кешенi, көлiк құралдары берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) штат кестесi мен шығыстарының сметасын анықтасын;
бiр ай мерзiмде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) туралы Ереженi бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ КСР-iнiң РКФСР-дегi Тұрақты өкiлдiгiн құру туралы" 1991 жылғы 28 қазандағы N 487 және "Қазақ КСР Президентiнiң "Қазақ КСР-iнiң РКФСР-дегi Тұрақты өкiлдiгiн құру туралы" 1991 жылғы 28 қазандағы N 487 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1992 жылғы 12 маусымдағы N 804 Жарлықтарының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президентi