1. Азия Даму Банкiн құру туралы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Азия Даму Банкiне тиесiлi барлық қаражатқа, сондай-ақ осы Банкiнiң басқа да активтерiне депозитарий болуға өкiлдiк берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi аталған Келiсiмнiң шеңберiнде туындайтын мәселелер бойынша Азия Даму Банкiмен байланысты жүзеге асыратын ресми орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, Азия Даму Банкiн құру туралы Келiсiмде көзделген барлық операциялар мен мәмiлелердi орындауға, Қазақстан Республикасының атынан сыртқы қарыз үшiн
берiлетiн кепiлдiктердiң ең жоғары шеңберiнде төленуi немесе берiлуi мүмкiн кез келген сомаларды, кредиттердi алуға, сондай-ақ Азия Даму Банкiне Қазақстан Республикасының мүшелiк жарналарының дүркiн-дүркiн төленуiн қамтамасыз етуге уәкiлдiгi болады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Президентi