Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Зейнеткерлердiң және 1994 жылы зейнет демалысына шығатын адамдардың мүдделерiн қорғау мақсатында, әрi "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемiн:
1. Зейнет демалысына 1994 жылы шығатын адамдарға зейнетақы мөлшерiн есептеген кезде оның зейнет демалысына өтiнiш берер алдындағы соңғы 15 жылғы жұмысының қатарынан алғандағы кез келген 12 айының /зейнет демалысына шығатын адамның қалауы бойынша/ орташа айлық табысы алынатын болып белгiленсiн.
2. Жасына немесе мүгедектiгiне байланысты зейнетақыны қайта есептеген кезде зейнетақы тағайындалған еңбекақысына қарағанда кемiнде 2 жыл табысы неғұрлым жоғары жұмыста iстеген зейнеткерлерге зейнетақының жаңа мөлшерi осы аталған 2 жылғы жұмысының соңғы 2 айының орташа айлық табысынан белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992-1995 жылдары зейнет демалысына шығатын адамдарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы N 1164 қаулысын /Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары 1992 ж., N 6, 125-бап/ өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн.
4. Осы Жарлықтың Заңмен бiрдей күшi бар және ол Қазақстан
Республикасының жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңесi Қазақстан Республикасының Зейнеткерлiк туралы заңдарына тиiстi өзгертулер енгiзгенге дейiн қолданылатын болады. 5. Жарлық 1994 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы қаласы. 1994 жылғы 18 қаңтар N 1508