"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валютаның енгiзiлуiне байланысты қаулы етемiн:
1. Мемлекеттiк баж ставкалары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол "Мемлекеттiк баж туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 19 желтоқсандағы N 1792 Заңына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Мемлекеттiк
баж туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн.
4. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы, 1994 жылғы қаңтардың 27-сi
N 1530
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1994 жылғы "27" қаңтардағы N 1530
Жарлығына
ҚОСЫМША
МЕМЛЕКЕТТIК БАЖ
СТАВКАЛАРЫ
1. Конституциялық Сотқа берiлетiн ұсыныстардан, өтiнiштерден және Конституциялық Соттың шешiмдерiн қайта беру үшiн, сотқа берiлетiн талап қойылған арыздардан, соның iшiнде шарт алдындағы даулар жөнiндегi арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер жөнiндегi
арыздардан /шағымдардан/, кассациялық шағымдардан, сондай-ақ сот
құжаттардың көшiрмелерiн /дубликаттарын/ бергенi үшiн мынадай
мөлшерлерде мемлекеттiк баж алынады:
а/ Қазақстан Республикасының
Конституциялық Сотына берiлетiн *
ұсыныстар мен өтiнiштерден 100 процент
б/ осы тармақтың "ж" тармақшасында
көрсетiлгендерден өзге талап
қойылған арыздардан, талаптың
құны мынадай болғанда:
2000 теңгеге дейiн талап құнының 5 процентi
2000 теңгеден 10000 теңгеге дейiн талап құнының 6 процентi
10 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейiн талап құнының 8 процентi
20 000 теңгеден асса талап құнының 10 процентi
в/мемлекеттiк басқару органдары мен
олардың лауазымды адамдарының нақты
тараптар құқықтарына нұқсан келтiрген
заңсыз әрекеттерiне берiлген
шағымдардан 1 процент
________
* Бұл жерде және бұдан әрi проценттiк ставкалар республикада
белгiленген ең төменгi жалақыға сәйкес есептеледi.
г/ некенi бұзу туралы талап қойылған
арыздардан 10 процент
қайталанған некенi бұзу туралы
арыздан 15 процент
некенi бұзу кезiнде мүлiктi бөлген
жағдайда баж осы тармақтың б/
тармақшасына сәйкес
талап құнына байланысты
белгiленедi
д/ белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз
кеткен немесе жан ауруы, не ақыл
кемдiгi салдарынан әрекет қабiлетi
жоқ деп танылған адамдармен, кем
дегенде үш жыл мерзiмге бас
бостандығынан айырылған адамдармен
некенi бұзу туралы талап қойылған
арыздардан 5 процент
е/ тұрғын жайларды жалдау шартын өзгерту
немесе бұзу туралы, мұрагерлiктi
қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы,
мүлiктi қамауға алудан босату туралы
талап қойылған арыздардан және
мүлiктiк сипаты жоқ немесе бағалауға
жатпайтын басқа да талап қойылған
арыздардан 10 процент
ж/ шарт алдындағы даулар жөнiндегi
талап қойылған арыздардан 10 процент
з/ ерекше жүргiзiлетiн iстер жөнiндегi
арыздардан /шағымдардан/ 10 процент
и/ сот шешiмдерiне кассациялық
шағымдардан талап қойылған немесе
өзге де арыздар
/шағымдар/ берген
кезде төленуге тиiс
ставканың, ал мүлiктiк
даулар бойынша даулы
сомадан есептелген
баждың 50 процентi
к/ Конституциялық Соттың шешiмдерiн
қайта беру, сот шешiмдерiнiң,
ұйғарымдарының, соттардың басқа
да қаулыларының көшiрмелерiн
/дубликаттарын/, сондай-ақ
тараптардың және iске қатысушы әрбiр құжат үшiн 5
басқа да адамдардың өтiнiшi процент және сонымен
бойынша соттар беретiн, iстiң бiрге дайындалған
iшiндегi басқа да құжаттардың әрбiр баж үшiн
көшiрмелерiн беру үшiн 1 процент
2. Төрелiк сотқа берiлетiн талап қойылған арыздардан, шарт
алдындағы даулар жөнiндегi арыздардан, сондай-ақ төрелiк соттың
шешiмдерiн қайта қарау туралы арыздардан мынадай мөлшерлерде
мемлекеттiк баж алынады:
а/ мүлiктiк сипаты бар талап қойылған талап құнының немесе
арыздардан /шетелдiк валюта түрiнде даулы соманың 10
мүлiктiк сипаты бар талап қойылған процентi, бiрақ 50
арыздардан мемлекеттiк баж тиiстi теңгеден кем болмауы
валютамен төленедi/ керек
б/ мүлiктiк сипаты жоқ талап қойылған
арыздардан,соның iшiнде кәсiпорындардың,
мекемелер мен ұйымдардың жоғары тұрған
органдар актiлерiн толық немесе iшiнара
жарамсыз деп тану туралы арыздардан 200 процент
в/ шарт алдындағы даулар және қаралуы
тиiс шаруашылық шарттарын жасаған,
өзгерткен немесе бұзған кезде пайда
болатын даулар жөнiндегi талап
қойылған арыздардан:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы
төрелiк сотында 200 процент
басқа төрелiк соттарда 100 процент
г/ төрелiк сот шешiмдерiнiң заңдылығы дауды бiрiншi сатыдағы
мен негiздiлiгiн тексеру туралы төрелiк сотта қарау
арыздардан туралы талап қойылған
арыздар берген кезде
төленуге тиiс ставканың,
ал мүлiктiк сипаты бар
даулар бойынша -даулы
сомадан есептелген
ставканың 50 процентi
д/ төрелiк сот шешiмдерiнiң,
ұйғарымдарының, өзге де қаулыларының
көшiрмелерiн беру және тараптар әрбiр құжат үшiн 5
мен iске қатысушы басқа адамдардың процент және сонымен
өтiнiшi бойынша төрелiк сот беретiн бiрге дайындалған
iс iшiндегi басқа да құжаттардың әрбiр бет үшiн
көшiрмелерi үшiн 1 процент
3. Уәкiлдiк берiлген мекемелерде нотариалдық жұмыстар атқарғаны
үшiн, сондай-ақ нотариалды ретпен куәландырылған құжаттардың
көшiрмелерiн /дубликаттарын/ бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк
баж алынады:
а/тұрғын үйлер салу үшiн мерзiмi
белгiленбей пайдалануға жер
учаскелерiн беруге байланысты
шарттарды куәландыру үшiн:
облыстық орталықтарында, Алматы
және Ленинск қалаларында 10 процент
басқа елдi мекендерде 5 процент
б/тұрғын үйлердi, пәтерлердi,
сая-жайларды,көлiкжайларды, өзге
де үй-жайларды, ғимараттар мен
құрылыстарды жатсындыру шарттарын
куәландыру үшiн:
балаларына, жұбайына, ата-аналарына шарт сомасының 0,5
процентi
аға-iнiлерiне, апа-қарындастарына,
атасына, әжесiне, немерелерiне шарт сомасының 1
процентi
басқа адамдарға шарт сомасының 10
процентi
в/автокөлiк құралдарын жатсындыру
шарттарын куәландыру үшiн
балаларына, жұбайына, ата-аналарына шарт сомасының 0,5
процентi
аға-iнiлерiне, апа-қарындастарына, шарт сомасының 1
атасына, әжесiне, немерелерiне процентi
басқа адамдарға шарт сомасының 10
процентi
г/бағалануға тиiс өзге де шарттарды шарт сомасының 5
куәландыру үшiн процентi
д/мүлiктi бөлу шарттарын, кепiлдiк
және бағалануға жатпайтын басқа да
мәмілелердi куәландыру үшiн:
нақты тараптар үшiн 10 процент
тараптардың тым болмағанда бiреуi
заңды ұйым болса 50 процент
е/өсиетхаттарды куәландыру үшiн:
заң бойынша мұрагерлер шеңберiне
кiретiн адамдар үшiн 10 процент
басқа адамдар үшiн 50 процент
ж/мұраға құқық беретiн куәлiктер
беру үшiн:
бiрiншi кезектегi мұрагерлерге мұра сомасының 0,5
процентi
екiншi кезектегi мұрагерлерге мұра сомасының 1
процентi
басқа мұрагерлерге мұра сомасының 10
процентi
з/некеде тұрған кезiнде жиған ортақ
мүлiктен үлес алуға меншiк құқығын
беретiн куәлiктi жұбайларға беру
үшiн: 10 процент
и/мүлiктi пайдалануға және оған иелiк
етуге және кредит операцияларын
жүргiзуге құқық беретiн сенiмхаттарды
куәландыру үшiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына 10 процент
басқа адамдарға 15 процент
к/автомотокөлiктi сату құқығынсыз
пайдалануға және оған иелiк етуге
құқық беретiн сенiмхаттарды
куәландыру үшiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына 10 процент
басқа адамдарға 100 процент
л/автомотокөлiк құралдарын сатуға
сенiмхаттарды куәландыру үшiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына 10 процент
басқа адамдарға 200 процент
м/өзге сенiмхаттарды куәландыру үшiн 10 процент
н/мұра мүлiктi қорғауға шаралар
қолданғаны үшiн 100 процент
о/теңiз қарсылығын бiлдiргенi үшiн 1 процент
п/құжаттың бiр тiлден екiншi тiлге
аударылу дұрыстығын айғақтау үшiн
/әр бетiне/ 5 процент
р/атқару жазбаларын жазу үшiн алатын соманың 2
процентi
с/құжаттар көшiрмелерiнiң және
олардан алынған үзiндiлердiң
дұрыстығын айғақтау үшiн /әр бетiне/:
нақты тараптар үшiн 5 процент
заңды ұйымдар үшiн 10 процент
т/құжаттардағы қойылған қолдың
растығын: соның iшiнде аудармашы
қолының түпнұсқалығын айғақтау
үшiн /әр бетiне құжат үшiн/:
нақты тараптар үшiн 5 процент
заңды ұйымдар үшiн 10 процент
у/заңды және нақты тараптардың
арыздарын басқа бiр заңды және
нақты тараптарға беру, сондай-ақ
осы баптағы "а"-"т" тармақшаларына
көрсетiлгендерден өзге нотариалдық
жұмыстарды атқарғаны үшiн 5 процент
ф/нотариалды түрде куәландырылған
құжаттардың көшiрмелерiн
/дубликаттарын/ бергенi үшiн 5 процент
х/банкiлерден шоттар ашқан кезде
қойылған қолдардың түпнұсқалығын
айғақтау үшiн /әрбiр құжат үшiн/ 10 процент
4. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу үшiн, сондай-ақ азаматтарға
азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi қайта беру және
азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды өзгертуге, толықтыруға,
түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi беру үшiн
мынадай мөлшерлерде мемлекеттiк баж алынады.
а/некенi тiркеу үшiн 15 процент
б/некенi бұзуды тiркеу үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ
жұбайлардың өзара келiсiмi бойынша 200 процент
жұбайлардың екеуi де бiрiншi некеде 200 проценттен 250
тұрған болса, сот шешiмi негiзiнде процентке дейiн
/жұбайлардың бiреуiнен
немесе екеуiнен/
егер жұбайлардың бiреуi некеде 250 проценттен 300
қайта тұрған болса, сот шешiмi процентке дейiн
негiзiнде /жұбайлардың бiреуiнен
немесе екеуiнен/
белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз
кеткен немесе жан ауруы, не ақыл
кемдiгi салдарынан әрекет қабiлетi
жоқ деп танылған адамдармен, не
қылмыс жасағаны үшiн кем дегенде
үш жыл мерзiмге бас бостандығынан
айырылған адамдармен 5 процент
в/фамилиясын, атын және әкесiнiң
атын өзгерткенi үшiн 10 процент
г/туу туралы, некенi тiркеу туралы,
некенi бұзу туралы, қайтыс болу
туралы жазбаларды өзгертуге,
толықтыруға, түзетуге және қалпына
келтiруге байланысты куәлiктердi
бергенi үшiн 0,5 процент
д/туылғанын, әкелiктi анықтауды,
бала асырап алуды тiркеу туралы
куәлiктер беру үшiн 0,5 процент
е/азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы
куәлiктердi қайта бергенi үшiн 5 процент
5. Шет елге шығу ресiмдеу кезiнде мынадай мөлшерлерде
мемлекеттiк баж алынады;
а/Қазақстан Республикасының азаматтарына
шет елге шығуға құқық беретiн шетелдiк
паспорттар беру жағдайларының барлығы
немесе осы паспорттардың қолданылу
мерзiмiн ұзарту үшiн 100 процент
б/шетелдiк паспорттарда немесе оларды
алмастыратын құжаттарда шет елге
шығуға құқық беретiн рұқсаттарды
ресiмдеу үшiн:
жеке және қызмет бабындағы iстер
бойынша туристiк сапарларға 50 процент
емделуге 20 процент
в/азаматтығы жоқ адамға шет елге
шығу құқығымен куәлiк беру немесе
куәлiктi қолдану мерзiмiн ұзарту
үшiн 50 процент
г/шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ
адамдарға мынадай құқықтар мен рұқсат
беру немесе оларды ұзарту:
Қазақстан Республикасынан шығу 50 процент
Қазақстан Республикасына келу және
Қазақстан Республикасынан шығу 100 процент
д/Қазақстан Республикасы азаматтарының
шетелдiк паспорттарында шекарадан
бiрнеше рет өтуге рұқсаттарды ресiмдеу
үшiн, сондай-ақ шетелдiк азаматтар мен
азаматтығы жоқ адамдарға шекарадан
бiрнеше рет өтуге рұқсат беру үшiн 200 процент
е/Қазақстан Республикасынан шығуға және
Қазақстан Республикасына келуге,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы
аумағында тұрақты тұратын шетелдiк
азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға
да, құқық беретiн құжаттарға
өзгерiстер енгiзу үшiн 100 процент
ж/Қазақстан Республикасы азаматтарына,
шетелдiк азаматтарға және азаматтығы
жоқ адамдарға шет елден шақыру туралы шақырылған әрбiр
құжаттарды беру үшiн адам үшiн 50
процент
з/шетелдiк азаматтар мен азаматтығы
жоқ адамдардың қоныстануына ықтиярхат
беру 50 процент
и/Қазақстан Республикасы азаматтығына
қабылдау туралы арыздардан 50 процент
к/Қазақстан Республикасы азаматтығынан
шығу туралы арыздардан 200 процент
л/жоғалған, не бүлiнген шетелдiк
паспорттардың орнына оларды осы баптың тиiсiнше
алмастыратын құжаттар, рұқсаттар, "а","в","г","д","ж",
Қазақстан Республикасына шақыру "з" тармақшаларында
туралы құжаттар, қоныстануға көрсетiлген мөлшерде
ықтиярхат беру үшiн
6. Өзге де жұмыстар атқарғаны үшiн мынадай мөлшерлерде
мемлекеттiк баж алынады:
а/тұрғылықты орнын тiркеу үшiн 5 процент
б/аң аулау құқығына рұқсаттар
беру үшiн 5 процент
в/мемлекеттiк кәсiпорындарды
шаруашылық серiктестiк немесе жарғылық қор
акционерлiк қоғам етiп қайта құнының 0,1 процентi
құру үшiн
г/мемлекеттiк кәсiпорынды ұжымдық
кәсiпорын етiп қайта құру, оның бағаланған құнының
мүлкiн конкурс бойынша сату үшiн 0,2 процентi
д/аукциондарда мемлекеттiк кәсiпорын
мүлкiн заңды ұйымдар мен азаматтарға сату бағасының
сату үшiн 0,5 процентi