1. Меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер:
тауар-материалдық құндылықтар мен көрсетiлген қызмет үшiн заңды тұлғалармен есеп айырысуды қатаң түрде аударым тәртiбi бойынша жүргiзсiн. Қолдағы ақшаны пайдалануға ең төменгi жалақының 4 еселенген мөлшерiнен аспайтын сомада ғана жол берiледi;
халықтан тауарлар мен қызмет үшiн төлемдердiң есеп айырысу чектерiмен және коммерциялық банктердiң чектерiмен мiндеттi түрде қабылдануын қамтамасыз етсiн;
чектерге тауарларды /қызметтi/ сатып алудың ең төменгi құнының көлемiн ең төменгi жалақының 2 еселенген мөлшерiнде белгiлесiн.
төлем нысанына /қолдағы ақшамен, чектермен, аударым жасаумен/ қарамастан, халыққа сатылатын тауарларға /қызметке/ бiрдей бағалардың қолданылуын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi N 1544 қаулысының 1-тармағының күшi аталған Заңның 17 бабы жөнiнен 1994 жылға кiдiртiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен бiр ай мерзiмде осы Жарлықты бұзушыларға экономикалық санкциялар қолдану тетiгiн және оның орындалуына бақылау жасау тәртiбiн әзiрлесiн;
банк кәртiшкелерiн қолдану арқылы айырысу жүйесiн енгiзу жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеу мен жүзеге асыруды жеделдету шараларын қолдансын;
Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңының жобасын енгiзсiн.
4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол Қазақстан Республикасының
"Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Заңына тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн қолданылады. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 жылғы 27 қаңтар N 1532