Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң жекелеген мәселелерiн құқықтық реттеу мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Z933600_
негiзiнде қаулы етемiн:
1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер ретiнде шаруашылық серiктестiктерiн, акционерлiк қоғамдарды, компанияларды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шаруашылық серiктестiктерiн, акционерлiк қоғамдар мен компанияларды тiркеу жөнiндегi орталық бюрода және оның облыстардағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы бөлiмшелерiнде жүзеге асырылсын.
Тiркеу үшiн құрылтайшылар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен Шаруашылық серiктестiктерiн, акционерлiк қоғамдар мен компанияларды тiркеу туралы Ережеде көзделген құрылтай құжаттарын және өзге де материалдарды ұсынуға тиiс.
Мемлекеттiк тiркеудiң деректерi 10 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шаруашылық серiктестiктерiн, акционерлiк қоғамдар мен компанияларды тiркеу жөнiндегi Орталық бюроға бiрыңғай мемлекеттiк реестр жүргiзу үшiн хабарланады.
Серiктестiктi, акционерлiк қоғамды, компанияны тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм серiктестiкке қатысушылар (құрылтайшылар) өтiнiш айтқан сәттен бастап 15 күннен кешiктiрмей шығарылады.
2. Акцияларының мемлекеттiк пакетi 51 процент және одан да көп болатын компания мемлекеттiк акционерлiк компания болып табылады деп белгiленсiн. Акцияларының мемлекеттiк пакетi 51 проценттен кем болатын компания, сондай-ақ акциялардың мемлекеттiк пакетi жоқ, бiрақ өзiн басқаруға мемлекет "алтын акция" арқылы қатысатын компания мемлекет қатысатын акционерлiк компания болып табылады.
Мемлекеттiк акционерлiк компаниялар мен мемлекет қатысатын акционерлiк компаниялар құру тәртiбi, сондай-ақ олардың басшылығын тағайындау тәртiбi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен Ережемен белгiленедi.
3. Акционерлiк қоғамдар мен компанияларда құрылтайшылар жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акция" енгiзе алады деп белгiленсiн. "Алтын акция" иесi акционерлiк қоғамды, компанияны басқаруға Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен "Алтын акция туралы" Ережеде белгiленген мәселелер бойынша жалпы жиналыстың, басқарманың және байқаушы кеңестiң шешiмдерiне "вето" құқы арқылы қатысады.
4. Инвестициялық жекешелендiру қорларына акционерлiк қоғамдар мен компаниялардың құқықтық мәртебесiн реттейтiн нормалар қолданылады деп белгiленсiн. Инвестициялық жекешелендiру қорлары қызметiнiң ерекшелiктерi олар туралы тиiстi Ережемен белгiленедi.
Инвестициялық жекешелендiру қоры өз қызметiн халықтың инвестициялық жекешелендiру купондарын және өз акцияларын эмиссиялау, қаражатты басқа эмитенттердiң бағалы қағаздарға инвестициялау және бағалы қағаздармен сауда жасау есебiнен ақшалай қаражатты тарту жолымен жүзеге асыратын ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам болып табылады.
Инвестициялық жекешелендiру купондарымен операцияларды Инвестициялық жекешелендiру қоры тек Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен Инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы Ережеге сәйкес берiлетiн мемлекеттiк лицензия бар болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жаңадан
сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына қолданылып отырған заңға тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн. 6. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және "Шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақ КСР Заңына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады. 7. Жарлық күшiне жарияланған күнiнен бастап енедi. Қазақстан Республикасының Президентi