1. Алматы қаласында, Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы аумағының шекарасында - "Атакент" еркiн сауда аймағы /ЕСА/ құрылсын.
2. ЕСА-ның негiзгi мiндеттерi:
- өзiн-өзi ақтау мен өзiн-өзi қаржыландыру принциптерiне сүйенiп қызмет атқаратын халықаралық маңызы бар бiртұтас сауда экономикалық және экспозициялық-ақпараттық кешенiн қалыптастыру;
- өзара тиiмдi iскерлiк ынтымақтастықты жолға қоюға, өнеркәсiптiк-технологиялық кооперацияны кеңейтуге және шетел инвестицияларын тартуға қолайлы жағдайлар туғызу;
- сыртқы сауда операцияларының ауқымын кеңейту мен жеделдетуге, экспорт базасын дамытуға және отандық өнiмдердiң, тауарлар мен ғылыми-техникалық әзiрлемелердiң кең әрi алуан түрiн сыртқы нарыққа жылжытуға;
- ақпарат, консалтинг, маркетинг және өзге сервис қызметiн қамтитын қызмет көрсету индустриясын дамыту деп саналсын.
3. Еркiн сауда аймағын басқарудың жоғарғы органы - Төраға басқаратын Әкiмшiлiк кеңесi болып белгiленсiн. ЕСА-ның әкiмшiлiк кеңесiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
Әкiмшiлiк кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн Әкiмшiлiк Кеңес туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ЕСА-ның дербес бюджетi болады, оның кiрiс бөлiгi аймақтық аумағында қызмет ететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң салық төлемдерiнiң есебiнен және басқа түсiмдерден құралады.
4. Қазақстан Республикасының Заңдары ЕСА-ның аумағында осы Жарлықта көзделген ерекшелiктер ескерiлiп, қолданылады деп белгiленсiн.
5. ЕСА аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн ЕСА аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
6. ЕСА-ның қызмет атқаруының экономикалық тәртiбi өзгерген жағдайда оның шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне олар ЕСА-ның шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi ретiнде тiркелген сәттегiге сәйкес келетiн шарттар бойынша үш жылдан кем емес мерзiмге қызметiн жалғастыруына кепiлдiк берiледi.
7. <*>
Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды, 8-12 тармақтары тиiсiнше
7-11 тармақтар болып саналды - ҚР Президентiнiң
1995.10.05. N 2488 Жарлығымен.
7. ЕСА аумағы Қазақстан Республикасының кеден аумағының iшiндегi Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарлыққа сәйкес белгiленетiн арнайы кеден тәртiбi қолданылатын аумақ ретiнде қаралсын.
ЕСА аумағының шегi оның Қазақстан Республикасының кеден шекарасы болып табылатын дериметрiмен шектеледi.
ЕСА аумағындағы кеден тәртiбiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кеден органы қамтамасыз етедi.
8. Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларында және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдерде тиым салынған және көрсетiлгеннен басқа тауарлар /қызмет/ және өзге заттар импорты, ЕСА аумағында пайдалануға арналған көлiк құралдары лицензиялау мен квоталаудан босатылсын. ЕСА аумағында өндiрiлген тауарлар /қызмет/ экспорты шектеусiз жүзеге асырылады.
Сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асырушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар /қызмет/ және өзге заттардың, көлiк құралдарының өтуiн арнайы мемлекеттiк кеден пункттерi арқылы ғана жүргiзедi.
9. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай
мерзiмде "Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк кеңесi туралы" және "Атакент" еркiн сауда аймағының шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу тәртiбi туралы" ережелердi бекiтсiн. 10. Осы Жарлық Заң күшiне ие және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi "Атакент" еркiн сауда аймағы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағанға дейiн қолданылады. 11. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi