Халық шаруашылығының ғылыми қамтымды салаларында iрi технологиялық жобаларды қалыптастыру мен жүзеге асыру, жаңа техника мен жаңа технологиялардың әзiрленуiн жеделдету мақсатында қаулы етемiн: 1. "Техножүйелер" Ұлттық акционерлiк компаниясы /"Техножүйелер" ҰАК/ құрылысын, оның құрамына: Радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi ұлттық орталық; Қазақ мемлекеттiк ғылыми техникалық ақпарат институты; "Жаңа технологиялар" ғылыми-техникалық орталығы "Ұқсату" ғылыми-технологиялық орталығы "Қазақпараттелеком" акционерлiк қоғамы "Сирек және таза металдар" акционерлiк қоғамы "Қаражамбасмұнай" ғылыми-өндiрiстiк кешенi "Денсаулық" ғылыми-диагностикалық орталығы енгiзiлсiн. 2. "Техножүйелер" ҰАК-ына: ақпараттандыру мен есептеу техникасы; ғылыми-техникалық ақпарат; радиотехника мен электроника; байланыс пен телекоммуникациялар; дәстүрлi емес энергетика мен сирек металдар салаларында ғылыми-техникалық прогрестi дамыту;
мұнай өндiру мен мұнай өңдеуде, энергетикада, байланыста, медицинада, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтау мен ұқсатуда, сирек кездесетiн элементтердi пайдалана отырып, жаңа материалдар мен бұйымдар жасауда жаңа технологияларды енгiзу жауапкершiлiгi жүктелсiн.
"Техножүйелер" ҰАК-ына Приозерск қаласында Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi ұлттық орталығының негiзiнде Жаңа технологияларының ұлттық технопаркiн қалыптастыру тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi екi ай мерзiмде:
"Техножүйелер" ҰАК-ының заңдық мәртебесiн және оған мемлекеттiк құрылымдардың қатысу тәртiбiн анықтау;
"Техножүйелер" ҰАК-ының аппаратын орналастыру мен қызметiн қамтамасыз ету;
"Техножүйелер" ҰАК-ының қарамағына нарықты өткiзiлуiне қарай құнын Үкiметке өтейтiндей шарт қойып, сирек металдар мен сирек кездесетiн элементтердiң мемлекеттiк резервiн беру мәселелерiн шешсiн.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде "Мұнайгаз" Мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы бұрын қабылдаған нормативтiк актiлердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
5. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi