Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Кеден комитетiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1 сәуiр 1995 ж. N 2160. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының кеден қызметiн мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру және оның жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң таратылатын Бас кеден басқармасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Кеден комитетi құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi: 
      Қазақстан Республикасындағы кеден iсiн мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады; 
      республика кеден органдарының қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарына сәйкес басшылық етедi; 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң таратылатын Бас кеден басқармасының мүлiктiк құқығының құқылық иегерi болып табылады деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде: 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi қызметкерлерiнiң санын анықтап, орналастыру, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн; 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi туралы Ереженi бекiтсiн; 
      кеден қызметiн ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi Үкiмет актiлерiн осы Жарлыққа сәйкестендiрсiн. 
      4. "Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметтерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 12 қарашадағы N 963 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 42, 619 бап) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     1 тармақтың соңғы абзацының күшi жойылған деп танылсын;
     2 тармақтан "ал Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы деп" сөздерi алынып тасталсын. 
     5. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

      

      

Об образовании Таможенного комитета при Кабинете Министров Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1995 г. N 2160. Утратил силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696) (вводится в действие со дня подписания)

      В целях совершенствования системы государственного управления и повышения эффективности работы таможенной службы Республики Казахстан постановляю: 
      1. Образовать Таможенный комитет при Кабинете Министров Республики Казахстан на базе упраздняемого Главного таможенного управления Министерства финансов Республики Казахстан. 
      2. Установить, что Таможенный комитет при Кабинете Министров Республики Казахстан: 
      осуществляет государственное управление таможенным делом в Республике Казахстан; 
      руководит деятельностью таможенных органов республики в соответствии с законодательством и международными договорами Республики Казахстан; 
      является правопреемником имущественных прав упраздняемого Главного таможенного управления Министерства финансов Республики Казахстан. 
      3. Кабинету Министров Республики Казахстан в месячный срок: 
      определить численность, решить вопросы размещения, финансового и материально-технического обеспечения Таможенного комитета при Кабинете Министров Республики Казахстан; 
      утвердить Положение о Таможенном комитете при Кабинете Министров Республики Казахстан; 
      привести в соответствие с настоящим Указом акты Правительства по вопросам организации и деятельности таможенной службы. 
      4. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 12 ноября 

 

1992 года N 963 "О реорганизации финансовой, налоговой и таможенной

служб Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 42,

ст. 619) следующие изменения:

     признать утратившим силу последний абзац пункта 1;

     исключить из пункта 2 слова "а Таможенный комитет Республики

Казахстан в Главное таможенное управление Министерства финансов

республики Казахстан".

     5. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.

 

          Президент

      Республики Казахстан