6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мына актiлерiнiң
күшi жойылған деп танылсын: Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi кеңес құру туралы" 1994 жылғы
11 ақпандағы N 1561 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1994 ж., N 8, 79-бап), Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi
республикалық комиссия құру туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi
N 1871 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,
N 39, 420-бап.), Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа
қарсы күрес жөнiндегi кеңестiң құрамын iшiнара өзгерту туралы"
1994 жылғы 30 тамыздағы N 1846 Жарлығы, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы
күрес жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына өзгерiстер
енгiзу туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1993 Жарлығы,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа қарсы күрес
жөнiндегi кеңес туралы Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы
13 ақпандағы N 2042 Қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Президентi