"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1994 жылғы 26 сәуiрде Алматыда қол қойылған Қазақстан-Қытай мемлекеттiк шекарасы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық
Республикасы арасындағы
КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы желісінің оның келісілген учаскелерінде өтуін дәлдеу және анықтау мақсатында мына төмендегілер жайында уағдаласты:
Уағдаласушы Тараптар қазіргі Қазақстан-Қытай шекарасы туралы шарттардың негізінде, халықаралық құқықтың жалпы жұрт қабылдаған нормаларына сәйкес, тең құқықты консультациялар, өзара түсіністік пен өзара икемділік рухында, сондай-ақ шекара мәселелері жөніндегі келіссөздердің барысында қол жеткен уағдаластықтар негізінде Қытай мен Қазақстан арасындағы тарихтан қалған шекара мәселелерін әділ әрі ұтымды шешуге, екі мемлекет арасындағы шекара желісінің өтуін дәлдеуге және анықтауға келісті.
Уағдаласушы тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара желісінің мына төмендегідей өтуі жайында келісті:
Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы бірінші шекара нүктесі қазақстан аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 3251 белгісі бар биік) оңтүстік-шығысқы қарай шамамен 6.6 км қашықтықта Оңтүстік Алтай жотасының (қытай картасында - Алтай жотасы) қырқасында жатыр, бұл шекара нүктесі Қытай аумағындағы 3318.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3318 белгісі бар Каладиәр биігі) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен
4.4 км, 2993.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2956) солтүстік шығысқа қарай шамамен 9.6 км қашықтықта орналасқан.
Бірінші
шекара нүктесінен Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының желісі 3589.0 белгісі бар биік (қытай картасында - 3544 белгісі бар Муцзытаушань тауы), 3118.6 белгісі бар биік (қытай картасында - 3092), 3331.0 белгісі бар (қытай картасында - 3352) арқылы екінші шекара нүктесіне дейін жалпы батыс бағытында Оңтүстік Алтай жотасының (қытай картасында - Алтай жотасы) қырқасында созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған жотаның қырқасында оның Қазақстан аумағындағы 3359.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3324) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.4 км, 3033.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3011) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.2 км және Қытай аумағындағы 3042.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3018 белгісі бар Улә биігі) солтүстікке қарай шамамен 12.1 км қашықтықтағы кезеңінде орналасқан.
Екінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Ақ-қаба өзенінің (қытай картасында - Акэхабахэ өзені) бастауына дейін жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытындағы қолатта созылып жатыр, одан соң осы өзеннің су ағынының ортасындағы немесе оның үшінші шекара нүктесіне дейін жалпы оңтүстік-батыс бағытындағы бас тарамынан ортасындағы ағыстың бойымен төмен қарай жалғасады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1645.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1650) шығысқа қарай шамамен 3.7 км және 1781.8 белгісі бар Шұбар-Тобылғы тауынан (қытай картасында - 1781 белгісі бар Цюбарэртабулэцзяшань тауы) оңтүстікке қарай шамамен 10.0 км және Қытай аумағындағы 1608.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1608) солтүстік-батысқа қарай шамамен 8.5 км қашықтықтағы қара-Қаба өзені (қытай картасында - Калахабэхэ өзені) су ағынының ортасы немесе олардың бас тарамдарының ортасы қиылысқан жерде орналасқан.
Үшінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 14.9 км бойында батыс-оңтүстік-батыс бағытында тік сызық бойымен төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі осы тік сызықтың Білезіктің бір айырық басы өзені (қытай картасында - Болэчжэкэиньбиэрайлакэбашихэ өзені) су ағынының ортасымен немесе Қазақстан аумағындағы 2699.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2709) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 8.2 км және 2311.3 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2311) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 2.2 км және Қытай аумағындағы 1890.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1878) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.4 км қашықтықтағы оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде орналасқан.
Төртінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Білезіктің бір айырық, басы өзенінің (қытай картасында - Болэчжэкэиньбиэрайлакэбашихэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе осы өзеннің су ағына ортасының Көпіртас-су өзені (қытай картасында - Копоэртасыхэ өзені) су ағынының ортасымен қиылысқан жерге немесе олардың бас тарамдарының ортасына дейін жалпы батыс бағытындағы оның бас тарамының ортасымен төмен қарай, одан соң Көпір-тас-су өзенінің (қытай картасында - Копоэртасыхэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен бесінші шекара нүктесіне дейін жалпы оңтүстік-батыс бағытында жалғасады. Бұл шекара нүктесі Көпір-тас-су өзені (қытай картасында - Копоэртасыхэ өзені) су ағынының ортасы мен Білезік өзені су ағыны ортасының немесе олардың бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1865.8 белгісі бар (қытай картасында - 1867) Мохнатай тауынан оңтүстікке қарай шамамен 3.4 км қашықтықтағы және Қытай аумағындағы 1890.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1878) батысқа қарай шамамен 5.8 км және 888.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 888) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 12.6 км қашықтықта орналасқан.
Бесінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 12.4 километрге созылатын батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен алтыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1416.2 белгісі бар биікте (қытай картасында - 1412 белгісі бар Кэсэньашицикэчжэньшань тауы) Қызыл-Ащы-Кезең жотасының қырқасында 1671.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1669) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 8.0 км және 1820.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1821) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.0 км және Қытай аумағындағы 888.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 888) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 9.1 км қашықтықта орналасқан.
Алтыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 10.4 километрге созылатын батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Қазақстан аумағындағы Ақтас өзені (қытай картасында - Акэтасыхэ өзені) су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде 1396.3 белгісі бар Мраморная тауынан (қытай картасында - 1397) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.6 км және 1416.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1412) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.0 км және Қытай аумағындағы 982 белгісі бар Тохтаның биігі тауынан (қытай картасында - 941 белгісі бар биік) шығыс-солтүстік-шығысқа шамамен 6.6 км қашықтықта орналасқан.
Жетінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Ақтас өзенінің (қытай картасында - Акэтасыхэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен қарай жалпы батыс бағытындағы сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Ақтас өзені (қытай картасында - Акэтасыхэ өзені) су ағыны ортасының және оның бас тарамы ортасының Алқабек өзені (қытай картасында - Алакэбекэхэ өзені) су ағыны ортасымен немесе олардың бас тарамдары ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1459.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1461) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 13.4 км және 1396.3 белгісі бар Мраморная тауынан (қытай картасында - 1397) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.4 км және Қытай аумағындағы 982 белгісі бар Тохтаның биігі тауынан (қытай картасында - 941 белгісі бар биік) солтүстікке қарай шамамен 2.3 км қашықтықта орналасқан.
Сегізінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Алқабек өзенінің ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен қарай жалпы оңтүстік-батыс бағытында тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Алқабек өзені (қытай картасында - Алакэбекэхэ өзені) су ағымының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 449.3 белгісі бар биіктен (қытай картасыында - 449) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.0 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 617 белгісі бар биік) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 6.2 км және 462 белгісі бар биіктен солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 25.0 км қашықтықта орналасқан.
Тоғызыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Китайка өзенінің (қытай картасында - Алакэбекэхэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен қарай жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында оныншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Китайка өзені (қытай картасында - Алакэбекэхэ өзені) су ағыны ортасының және Қара Ертіс өзені (қытай картасында - Ээрцисыхэ өзені) су ағыны ортасының немесе осы өзендердің бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 434.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 436) оңтүстікке қарай шамамен 4.0 км, Қытай аумағындағы 462 белгісі бар биіктен батысқа қарай шамамен 20.8 км қашықтықта орналасқан.
Оныншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі әуелі Қара Ертіс өзені (қытай картасында - Ээрцисыхэ өзені) оңтүстік (сол жақтағы) тарамының ағысын бойлап, оның су ағынының ортасымен, одан соң ескі арнаның ортасымен жалпы оңтүстік бағытында он бірінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған ескі арнаның ортасында Қазақстан аумағындағы 446.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 447) солтүстікке қарай шамамен 4.9 км, Қытай аумағындағы 462 белгісі бар биіктен батысқа қарай шамамен 19.8 км және 703 белгісі бар Тастөбе тауынан (қытай картасында - Тасытэпэйшань тауы) солтүстік-батысқа қарай шамамен
29.0 км қашықтықта орналасқан.
Он бірінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Безымянная тауы (қытай картасында - 424 белгісі бар биік) арқылы шамамен 49.4 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен он екінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Қазақстан аумағындағы Қутал өзені (қытай картасында - Куталэхэ өзені) су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде 693.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 693) шығысқа қарай шамамен 1.4 км және Қытай аумағындағы 746 белгісі бар Ақбұғылақ - Төбе тауынан (қытай картасында - Акэдоволакэшань тауы) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 15.0 км қашықтықта орналасқан.
Он екінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі әуелі Қутал өзені (қытай картасында - Куталэхэ өзені) ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен, одан соң Үлкен Ұласты өзенінің (қытай картасында - Улэкуньуластытухэ өзені) ағысын бойлап жоғары қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен он үшінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы Үлкен Ұласты өзенінің (қытай картасында - Улэкуньуластытухэ өзені) батыс және шығыс бастаулары су ағындары ортасының немесе осы өзен бастаулары бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде 2979.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2971) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.1 км және 2594.0 белгісі бар Сарытолағай тауынан (қытай картасында - 2592 белгісі бар Шалэйтологоишань тауы) оңтүстікке қарай шамамен 13.5 км және Қытай аумағындағы 3621 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3602) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.2 км қашықтықта орналасқан.
Он үшінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі әуелі Үлкен Ұласты өзені (қытай картасында - Улэкуньуластытухэ өзені) батыс бастауының ағысын бойлап жоғары қарай оның су ағынының ортасымен немесе бас тарамының ортасымен, одан соң мұздық қолатпен жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында он төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Сауыр жотасының (қытай картасында - Сауэршань тауы) қырқасында Қазақстан аумағындағы 2979.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2971) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен
6.7 км және Қытай аумағындағы 3621 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3602) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 5.4 км және 3823 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3835) батысқа қарай шамамен 2.5 км қашықтықта орналасқан.
Он төртінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Сауыр жотасының (қытай картасында - Сауэршань тауы) қырқасын бойлап 3728.8 белгісі бар биік (қытай картасында - 3735) арқылы жалпы батыс бағытында он бесінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі аты жоқ биіктегі (қытай картасында - 3087 белгісі бар биік) жоғарыда аталған жотаның қырқасында Қазақстан аумағындағы 2982.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2992) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км және 3255.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3260) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.2 км және Қытай аумағындағы 2942 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2993) солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.6 км қашықтықта орналасқан.
Он бесінші
шекара нүктесі Тарбағатай жотасының (қытай картасында - Таэрбахатайшань тауы) қырқасында аты жоқ биікте Қазақстан аумағындағы 1392.6 белгісі бар Құртөбе шоқысынан (қытай картасында - 1392) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 5.2 км және 2716.6 белгісі бар Шақпақтас тауынан (қытай картасында - 2728 белгісі бар Сэбатасышань тауы) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 21.3 км және Қытай аумағындағы 2261 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2243) солтүстікке қарай шамамен
15.3 км қашықтықта орналасқан.
Он алтыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тарбағатай жотасының (қытай картасында - таэрбахайшань тауы) қырқасында жалпы батыс бағытында 1744.9 белгісі бар биік (қытай картасында - 1744), Боқайасу (қытай картасында - Букайасудабань асуы), Құзғынтас асуы (қытай картасында - Куцзыгунтасыдабань асуы), 2427.5 белгісі бар биік (қытай картасында - 2430), Хабарасу асуы арқылы он жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі 2431.4 белгісі бар Сары-Чеку тауындағы (қытай картасында - 2430 белгісі бар биік) жоғарыда аталған жотаның қырқасында Қазақстан аумағындағы 2190.7 белгісі бар Сарыапай тауынан (қытай картасында - 2203 белгісі бар Саланаишань тауы) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 10.0 км және Қытай аумағындағы 2287 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2280) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 5.7 км, 2385 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2351 белгісі бар биік) солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.1 км қашықтықта орналасқан.
Он жетінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Ластай жотасы тауының (қытай картасында - аты жоқ тау) қырқасында жалпы оңтүстік бағытында он сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі 1885.6 белгісі бар биікте (қытай картасында - 1912) жоғарыда аталған таудың қырқасында Қазақстан аумағындағы 1434.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1426) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.7 км және 2198.0 белгісі бар Жуантөбе тауынан (қытай картасында - 2196 белгісі бар Чжуваньтобешань тауы) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11.2 км Қытай аумағындағы 2385 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2351) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 9.2 км қашықтықта орналасқан.
Он сегізінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Бурханбұлақ өзеніне (қытай картасында - Буэрханьбулакэхэ өзені) дейін созылып жатыр, одан соң осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы оңтүстік-оңтустік-батыс бағытында ағысты бойлап төмен қарай он тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы Бурхан бұлақ өзені (қытай картасында - Буэрханьбулакэхэ өзені) су ағыны ортасының және Каракитат өзені (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) су ағыны ортасының немесе осы өзендердің бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1191.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1177) шығысқа қарай шамамен 1.9 км және 1434.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1426) оңтүстікке қарай шамамен 8.2 км және Қытай аумағындағы 1162 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 1.6 км қашықтықта орналасқан.
Он тоғызыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Каракитат өзенінің (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені)ағысын бойлап осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен төмен қарай жалпы оңтүстік бағытында жиырмасыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Каракитат өзені су ағынының ортасында (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 929.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 931) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 15.8 км және 857.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 862) шығысқа қарай шамамен 5.4 км және Қытай аумағындағы 884 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.1 км қашықтықта орналасқан.
Жиырмасыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 14.1 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма бірінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Ақшоқы өзенінің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1273.8 белгісі бар Боқты тауынан (қытай картасында - 1271 белгісі бар Бакэтушань тауы) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.5 км және 900.9 белгісі бар Жаманши тауынан (қытай картасында - 923 белгісі бар Цзяманьцишань тауы) шамамен 3.5 км және Қытай аумағындағы 884 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 13.0 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма бірінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 3.1 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма екінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1273.8 белгісі бар Боқты тауынан (қытай картасында - 1271 белгісі бар Бакэтушань тауы) шығысқа қарай шамамен 7.4 км және Қытай аумағындағы 884 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 15.5 км және 7846 шаршыдағы Каракитат өзені арқылы (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) өтетін автомобиль жолы көпірінен солтүстік-батысқа қарай шамамен 8.4 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма екінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 3.8 километрге созылатын оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма үшінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың тартылып бара жатқан, аты жоқ өзен арнасының ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 640.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 640) шығысқа қарай шамамен 7.0 км және 1273.8 белгісі бар Боқты тауынан (қытай картасында - 1271 белгісі бар Бакэтушань тауы) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.6 км және Қытай аумағындағы 7846 шаршысында Каракитат өзені арқылы (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) өтетін автомобиль жолы көпірінен батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 8.9 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма үшінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 11.2 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Қазақстан поселкісі Бақты мен Қытай қаласы Тачэнді қосатын тас жолдың орта желісімен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 590.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 597) шығысқа қарай шамамен 12.4 км және 640.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 640) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11.9 км және Қытай аумағындағы 7846 шаршыдағы Каракитат өзені (қытай картасында - Калацитатэхэ өзені) арқылы өтетін автомобиль жолы көпірінен батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 12.6 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма төртінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 8.9 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма бесінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 421.3 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 426) шығысқа қарай шамамен 7.3 км, 590.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 597) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 15.5 км және Қытай аумағындағы 448 белгісі бар Ташабкан тауынан (қытай картасында - 463 белгісі бар Тасыкакэ биігі) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.5 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма бесінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 12.5 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма алтыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Емел өзені (қытай картасында - Эминьхэ өзені) су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 485.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 487) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 13.0 км және 405.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 405) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 0.8 км және Қытай аумағындағы 448 белгісі бар ташабкан тауынан (қытай картасында - 463 белгісі бар Тасыкакэ биігі) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.4 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма алтыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 23.8 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың тартылып бара жатқан аты жоқ өзен арнасының (қытай картасында құрғақ арна) ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 795.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 795) солтүстік-шығысқа қарай 4.1 км және 485.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 487) оңтүстікке қарай шамамен 11.6 км және Қытай аумағындағы 931.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 929) солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.5 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма жетінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 17.1 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Шаған-Тоғай өзенінің (қытай картасында - Чаханьтохайхэ өзені) су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 893.3 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 891) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 6.2 км және 843.3 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 822) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.0 км, Қытай аумағындағы 931.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 929) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен
12.6 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма сегізінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 20.3 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен жиырма тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың дала жолының (қытай картасында - соқпақ) ортасымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 806.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 778) шығысқа қарай шамамен 6.0 км және 852.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 832) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.9 километрге және Қытай аумағындағы 1197.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1204 белгісі бар Пусяньдэнэнбасы биігі) солтүстікке қарай шамамен 12.9 км қашықтықта орналасқан.
Жиырма тоғызыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 2.4 километрге созылатын батыс-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен отызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Бурган арығының ортасымен (қытай картасында - аты жоқ қолаттың суағарымен) қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 806.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 778) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.2 км және Қытай аумағындағы 1197.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1204 белгісі бар Пусяньдэнэнбасы биігі) солтүстікке қарай шамамен 11.7 км және 855.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 855)солтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.8 км қашықтықта орналасқан.
Отызыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Бурган арағының ортасымен (қытай картасында - аты жоқ қолаттың суағары) жалпы батыс бағытында отыз бірінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Бурган арығының ортасында (қытай картасында - аты жоқ қолат суағарының Ханьцяоэрлу жолының ортасымен қиылысқан жерінде) Қазақстан аумағындағы 806.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 778) оңтүстікке қарай шамамен 2.4 км және Қытай аумағындағы 855.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 855) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 2.9 км қашықтықта орналасқан.
Отыз бірінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік-батыс бағытында отыз екінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі аты жоқ өзеннің құрғап қалған арнасы ортасының, Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасы) қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы Долаты өзені (қытай картасында - Долатэгоу өзені) мен Шүршіт өзенінің (қытай картасында - Цюэрцютэхэ өзені) қосылатын жерінен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.2 км және Қытайдың аумағындағы 855.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 855) батысқа қарай шамамен
4.55 км қашықтықта орналасқан.
Отыз екінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік бағытында отыз үшінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Долаты өзеннің (қытай картасында - Долатэгоу өзені) су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасымен) қиылысқан жерінде, Қазақстан аумағындағы Долаты өзені (қытай картасында - Долатэгоу өзені) мен Шүршіт өзенінің (қытай картасында - Цюэрцютэхэ өзені) қосылатын жерінен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.9 км және Қытай аумағындағы 855.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 855) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.0 км және 958.6 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 962) батысқа қарай шамамен 5.5 км қашықтықта орналасқан.
Отыз үшінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік бағытында отыз төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Шуршут өзені (қытай картасында - Цюэрцютэхэ өзені) су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасы) қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы Долаты өзені (қытай картасында - Долатэгоу өзені) мен Шуршут өзенінің (қытай картасында - Цюэрцютэхэ өзені) қосылатын жерінен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.8 км және Қытай аумағындағы 958.6 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 962) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.5 км және 1581 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1593) батысқа қарай шамамен 10.8 км қашықтықта орналасқан.
Отыз төртінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында отыз бесінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Теректі өзеннің (қытай картасында - Цзяманьтелекэтэхэ өзені) су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасы) қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 913.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 893) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 10.6 км және Қытай аумағындағы 1581 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1593) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 14.8 км және 1535 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1577) солтүстік-батысқа қарай шамамен 15.7 км қашықтықта орналасқан.
Отыз бесінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында отыз алтыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Кепели өзеннің су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасы) қиылысқан жерінде, Қазақстан аумағындағы 913.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 893) солтүстік-шығысқа қарай 5.9 км және Қытай аумағындағы 1535 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1577) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 15.0 км қашықтықта орналасқан.
Отыз алтыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында отыз жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі аты жоқ биікте (қытай картасында - 695 белгісі бар биік) Қазақстан аумағындағы 913.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 893) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.1 км және Қытай аумағындағы 1535 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1577) батысқа қарай шамамен 15.6 км және 952.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 953) солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.9 км қашықтықта орналасқан.
Отыз жетінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында отыз сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Кусак өзені (қытай картасында - Телекэтихэ өзені) су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының жоғарыда аталған қызыл сызықпен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 378.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 379) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 13.2 км және Қытай аумағындағы 809.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 813) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км және 1328 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1323 белгісі бар Соланбэй биігі) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 10.1 км қашықтықта орналасқан.
Отыз сегізінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 7.4 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен отыз тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 378.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 379) шығысқа қарай шамамен 12.0 км және 1328 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1323 белгісі бар Соланбэй биігі) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.0 км және Қытай аумағындағы 1141 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1119) батысқа қарай шамамен 12.1 километрде орналасқан.
Отыз тоғызыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 1.8 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырқыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 378.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 379) шығысқа қарай 12.8 км және Қытай аумағындағы 1328 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1323 белгісі бар Соланбэй биігі) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.0 км және 1141 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1119) батысқа қарай шамамен 11.3 километрде орналасқан.
Қырқыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 14.9 километрге созылатын шығыс-оңтүстік-шығыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық бірінші нүктеге дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1465.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1463) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 22.7 км және Қытай аумағындағы 1141 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1119) оңтүстікке қарай шамамен 8.5 км және 714.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 714) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1.2 км қашықтықта орналасқан.
Қырық бірінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 9.3 километрге созылатын шығыс-оңтүстік-шығыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық екінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1465.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1463) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 28.6 км және Қытай аумағындағы 984.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 985) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 3.2 км және 1241 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1309) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 12.0 км қашықтықта орналасқан.
Қырық екінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 9.2 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық үшінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1465.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1463) шығысқа қарай шамамен 30.9 км және Қытай аумағындағы 1241 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1309) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 6.9 км қашықтықта орналасқан.
Қырық үшінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 13.8 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 376.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 370) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.8 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 371 белгісі бар биік) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.6 км және 585 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 635) солтүстікке қарай шамамен 21.0 км қашықтықта орналасқан.
Қырық төртінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 2.4 километрге созылатын оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық бесінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жолдың түйіскен жерінің ортасымен қиылысқан жерінде, Қазақстан аумағындағы 376.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 370) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.2 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 371 белгісі бар биік) батысқа қарай шамамен 4.9 км және 585 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 635) солтүстікке қарай шамамен 19.3 км қашықтықта орналасқан.
Қырық бесінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 7.3 километрге созылатын батыс-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық алтыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың аты жоқ жыраның (қытай картасында - Каладабаньгоу жырасы) суағарымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1264.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1273) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.9 км, 409.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 408) оңтүстікке қарай шамамен 9.8 км және Қытай аумағындағы 882 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.8 км қашықтықта орналасқан.
Қырық алтыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі жалпы батыс-солтүстік-батыс бағытындағы аты жоқ жыраның (қытай картасында - Каладабаньгоу жырасы) суағары бойымен жоғары қарай қырық жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Сарыгура жотасының (қытай картасында - Алатаошань жотасы) қырқасында аты жоқ асуда (қытай картасында - Каладабань асуы), Қазақстан аумағындағы 1899.6 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1921) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен
16.0 км және 608.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 649) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 10.1 км және Қытай аумағындағы безымянная тауынан (қытай картасында - 1822 белгісі бар биік) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 6.0 км қашықтықта орналасқан.
Қырық жетінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі 2552.4 белгісі бар биік (қытай картасында - 2568) арқылы жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында Сарыгура жотасы (қытай картасында - Алатаошань жотасы) қырқасының бойымен қырық сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі 2512.0 белгісі бар биікте (қытай картасында - 2488) жоғарыда аталған жотаның қырқысында Қазақстан аумағындағы 1899.6 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1921) оңтүстікке қарай шамамен 13.1 км және Қытай аумағындағы 2533 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.2 км қашықтықта орналасқан.
Қырық тоғызыншы шекара нүктесі Жоңғар Алатауы жотасының (қытай картасында - Алатаошань таулары) қырқасында 2169.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2169) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 10.2 км және Қазақстан аумағындағы 3439.0 белгісі бар Испул тауынан (қытай картасында - 3430) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.0 км және Қытай аумағындағы 3450 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3472 белгісі бар Бэйтухамэнь биігі) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 5.4 км қашықтықта орналасқан.
Қырық тоғызыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Жоңғар Алатауы жотасының (қытай картасында - Алатаошань таулары) қырқасымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында 3722.0 белгісі бар Сандықтас тауы (қытай картасында - 3737), Тарлаулы асуы (қытай картасында - Майлицицигэшанькоу асуы), Сарыбирюк асуы (қытай картасында - Цюнкэгэдабань асуы), Көкетау асуы (қытай картасында - Кукэтому асуы), Басқан асуы (қытай картасында - Басаньсыкэ асуы), 3990.0 белгісі бар биік (қытай картасында - 3976) арқылы елуінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған жотаның қырқасында, Қазақстан аумағындағы 3721.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3726) шығысқа қарай шамамен 14.3 км және Қытай аумағындағы 3461 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3449 белгісі бар Тундалинь биігі) солтүстікке қарай шамамен 8.6 км қашықтықта орналасқан.
Елуінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Конгор-Обо тауларының (қытай картасында - Кацзаньтаошань таулары) қырқасымен әуелі жалпы оңтүстік-батыс бағытында Демекпе асуына (қытай картасында - Элэсэньбулэгэдабань асуы) дейін, одан соң жалпы оңтүстік-шығыс бағытында Көксу асуы (қытай картасында - Дэмукэдабань асуы) арқылы елу бірінші шекара нүктесіне дейін бұрылады. Бұл шекара нүктесі Беджинтау жотасының (қытай картасында - Бечжэньтаошань таулары) қырқасында 4082.0 белгісі бар биікте (қытай картасында - 4123), Қазақстан аумағындағы 4062.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4062) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 8.2 км және 3900.1 белгісі бар Қабылтау тауынан (қытай картасында - 3938 белгісі бар биік) шығысқа қарай шамамен 3.5 км және Қытай аумағындағы 3461 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3449 белгісі бар Тундалинь биігі) оңтүстікке қарай шамамен 11.7 км қашықтықта орналасқан.
Елу бірінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Беджинтау жотасының (қытай картасында - Бечжэньтаошань таулары) қырқасымен жалпы шығыс бағытында Казан-дабан асуы (қытай картасында - Канкадабахань асуы) арқылы елу екінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған жотаның қырқасында 4086.5 белгісі бар биікте (қытай картасында - 4074), Қазақстан аумағындағы 3957.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3921) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.6 км және Қытай аумағындағы 4048.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4102) батысқа қарай шамамен 8.3 км және 3432.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3432) солтүстік-батысқа қарай шамамен 5.9 км қашықтықта орналасқан.
Елу екінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі жалпы оңтүстік бағытында әуелі аты жоқ өзенге дейін, одан әрі осы өзеннің, Жыланды өзені мен Үлкенқазан өзенінің (қытай картасында - Хоэргосыхэ деген жалпы атаулы өзен) ағысын бойлап төмен қарай осы өзендердің су ағынының немесе олардың басты тарамдарының ортасымен, содан соң Қазанкөл көлі су айдынының, одан әрі Қорғас өзенінің (қытай картасында - Хоэргосыхэ өзені ортасымен, одан әрі Қорғас өзенінің (қытай картасында - Хоэргосыхэ өзені) ағысымен төмен қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен елу үшінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қорғас өзенінің ағын суының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы тас жол айырығынан (қытай картасында - 863 биік белгісі бар тас жол айырығы) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 8.7 км және 1368.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1372) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.2 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 1062 белгісі бар биік) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу үшінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі қазақстандық Қорғас елді мекені мен қытайлық Никанчи елді мекені (қытай картасында - Хоэргосы елді мекені) арасындағы тас жолды кесіп өте отырып, Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен жалпы оңтүстік бағытында елу төртінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі Қорғас өзенінің су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 601.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 607) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.4 км және 672.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 666) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу төртінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Қорғас өзенінің (қытай картасында - Хоэргосыхэ өзені) ағысымен төмен қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы оңтүстік бағытында елу бесінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қорғас өзенінің су ағынының ортасы мен Іле өзенінің су ағыны ортасының немесе олардың бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 613.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 613) солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 11.1 км және 579.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 587) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен
10.4 км мен Қытай аумағындағы 5064 - шаршыдағы дала жолдарының түйіскен жерінен солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу бесінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытында шамамен 30.8 километрге созылатын тік сызықты бойлап, елу алтыншы шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі аты жоқ биікте (қытай картасында - 1103 белгісі бар биік) Қазақстан аумағындағы 1528.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) солтүстікке қарай шамамен 10.6 км және 3029.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3022) солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 22.2 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 1446 белгісі бар биік) солтүстік-батысқа қарай шамамен 11.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу алтыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытында шамамен 12.2 километрге созылатын тік сызықты бойлап, елу жетінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі 1601.6 белгісі бар Текельган төбешігінде (қытай картасында - 1606 белгісі бар Тэцилэганьшань тауы) Қазақстан аумағындағы 3029.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3022) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 15.3 км және 1528.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) шығысқа қарай шамамен 6.0 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 1446 белгісі бар биік) оңтүстік-батысқа қарай шамамен
4.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу жетінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік бағытында шамамен 3.0 километрге созылатын тік сызықты бойлап, елу сегізінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі тау сілемінің қырқасында Қазақстан аумағындағы 3029.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3022) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 14.1 км және 1528.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.4 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 2265 белгісі бар биік) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.4 км қашықтықта орналасқан.
Елу сегізінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі жоғарыда аталған тау сілемінің қырқасымен жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында 2456.4 белгісі бар биік (қытай картасында - 2458) арқылы жалғасады, одан соң Темерликтау жотасының (қытай картасында - аты жоқ таулар) қырқасында жалпы шығыс бағытында елу тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Темерликтау жотасының (қытай картасында - аты жоқ таулар) Қазақстан аумағындағы 3129.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3124) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 13.0 км және Қытай аумағындағы 3155 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3235) батысқа қарай шамамен 4.3 км қашықтықта орналасқан.
Елу тоғызыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Қаратау жотасының қырқасымен жалпы оңтүстік бағытында 3555.8 белгісі бар Сарынохой тауы (қытай картасында - 3547 белгісі бар Шаэрнохайшань тауы) арқылы, одан соң тау беткейімен төмен түсе отырып, алпысыншы шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Хасан өзені су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 2624.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2700) оңтүстікке қарай шамамен 4.3 км және Қытай аумағындағы 2615 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2601) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.1 км және 2819 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.5 км қашықтықта орналасқан.
Алпысыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі тау беткейімен жоғары өрлейді және одан әрі Сарытау тауларының (қытай картасында - Шаэртаошань таулары) қырқасымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында Қарағайлы асуы (қытай картасында - Аэрциньдабань асуы), Аккурунды асуы (қытай картасында - Акэкулундэшанькоу асуы) арқылы жалғасады, одан соң тау беткейімен алпыс бірінші шекара нүктесіне дейін төмен түседі. Бұл шекара нүктесі Сүмбе өзенінің (қытай картасында - Сумубайхэ өзені) су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 2233.9 (қытай картасында - 2240) белгісі бар биіктен солтүстікке қарай шамамен
3.4 километр және 2281.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2271) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 0.7 км және Қытай аумағындағы 3089 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3175) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.6 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс бірінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Сумбе өзенінің (қытай картасында - Сумубайхэ өзені) ағысымен төмен қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы оңтүстік-шығыс бағытында алпыс екінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Сумбе өзені (қытай картасында - Сумубайхэ өзені) су ағынының ортасы мен Текес өзенінің су ағыны ортасының немесе олардың бас тарамдары ортасының қиылысында Қазақстан аумағындағы 2136.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2136) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен
14.4 км және Қытай аумағындағы Ирменде өзені мен Қарасу өзенінің қосылысқан тұсынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.7 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс екінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Текес өзенінің ағысымен жоғары қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында алпыс үшінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Текес өзені су ағынының ортасында оның айналмасының оңтүстік бөлігінде Қазақстан аумағындағы 1818.0 белгісі бар Ноғойтологой тауынан (қытай картасында - 1825) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.4 км және 1987.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1985) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 6.6 км және Қытай аумағындағы 1798 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1810) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.6 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс үшінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік бағытында шамамен 4.4 км тік сызық бойымен созылып алпыс төртінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі 1853.0 белгісі бар Нохой-тологой тауында (қытай картасында - Могайтолигайшань тауы) Қазақстан аумағындағы 3430 шаршыдағы тас жолдар айырығынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.1 км және 1818.0 белгісі бар Нохой-тологой тауынан (қытай картасында - 1825) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.7 км және Қытай аумағындағы 1798 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1810) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.5 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс төртінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында шамамен 8.3 тік сызық бойымен созылып, алпыс бесінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы аты жоқ биікте (қытай картасында - 1826 белгісі бар биік) 3430 шаршыдағы тас жолдар айырығынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен
7.5 км және 1818.0 белгісі бар Нохой-тологой тауынан (қытай картасында - 1825) оңтүстікке қарай шамамен 9.2 км және Қытай аумағындағы 1798 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1810) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.5 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс бесінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік бағытында шамамен 2.1 км тік сызық бойымен созылып, алпыс алтыншы шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 3430 шаршыдағы тас жолдар айырығынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.2 км және Қытай аумағындағы 1798 (қытай картасында - 1810) белгісі бар биіктен оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 9.9 км және 2723 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2623) солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.3 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс алтыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында бөлгіленген қызыл сызықтың бойымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында алпыс жетінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Нарынқол өзені су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 3430 шаршыдағы тас жолдар айырығынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.7 км және Қытай аумағындағы 2723 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2623) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.0 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс жетінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Нарынқол өзенінің ағысымен жоғары қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытында оның бастауына дейін созылып, содан соң мұздық қолатпен алпыс сегізінші шекара нүктесіне дейін өрлейді. Бұл шекара нүктесі аты жоқ биікте (қытай картасында - 4281 белгісі бар биік) жотаның қырқасында Қазақстан аумағындағы 4227.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4245) шығысқа қарай шамамен 7.0 км және Қытай аумағындағы 4225 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4237) батысқа қарай шамамен 10.7 км және 4006 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4023) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 7.9 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс сегізінші
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Меридиальный жотасының (қытай картасында - аты жоқ жота) қырқасында жалпы оңтүстік бағытында Алаайғыр асуы (қытай картасында - Алааигээршанькоу асуы), 4426.0 белгісі бар биік (қытай картасында - 4460) арқылы алпыс тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған жотаның қырқасында 6276.0 белгісі бар Бүкілодақтық география қоғамының 100 жылдығы шыңында (қытай картасында - 6242 белгісі бар биік) Қазақстан аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 5790 белгісі бар биік) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 10.7 км және Қытай аумағындағы 6769 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 6731) батысқа қарай шамамен
6.8 км және 5581 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 5573) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 12.0 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс тоғызыншы
шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі батыс-оңтүстік-батыс бағытындағы жотаның қырқасымен Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының соңғы нүктесіне дейін созылып жатыр.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның жоғарыда сипатталған желісі 1:100000 масштабындағы бұрынғы КСРО карталары мен ҚХР карталарына қызыл түспен енгізілген. Мемлекеттік шекара желісінің сипаттамасында көрсетілген барлық қашықтықтар сол карталар бойынша өлшенген.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның желісі қызыл түспен енгізілген, жоғарыда аталған карталар осы Келісімге қоса тіркеліп отыр және оның ажырамас бір бөлігін құрайды.
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің 1-бабына сәйкес он бесінші шекара нүктесінен он алтыншы шекара нүктесіне дейін, қырық сегізінші шекара нүктесінен қырық тоғызыншы шекара нүктесіне дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара желісінің өтуі туралы мәселелерді шешу үшін келіссөздерді жалғастыру қажет деп келісті.
Осы Келесімнің 2-бабында көрсетілген жерде Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара желісін белгілеу мақсатында Уағдаласушы Тараптар екі жаққа тең негізде Бірлескен демаркациялық комиссия құрып, бұл комиссияға шекара демаркациясын жүзеге асыруды: суды айырып тұрған шекаралық тау жоталарының дәл жағдайларын және шекаралық өзендердің немесе олардың бас тарамдарының ортасын анықтауды, осы Келісімнің 5-бабына сәйкес шекаралық өзендердегі аралдардың қай жаққа тиесілі екендігін айқындауды, шекаралық белгілер орнатуды, шекара демаркациясы туралы құжаттардың жобасын дайындауды, егжей-тегжейлі демаркациялық карталар жасауды, сондай-ақ жоғарыда аталған міндеттерді орындауға байланысты әр түрлі нақты мәселелерді шешуді тапсыруға ұйғарды.
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің 2-бабында сипатталған Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара желісі суды айырып тұрған шекаралық, тау жоталарымен, ал шекаралық өзендерде - өзеннің ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен өтеді. суды айырып тұрған тау жоталарының дәл жағдайлары және өзеннің немесе оның бас тарамының ортасы және осыған сәйкес өзендердегі аралдардың қай жаққа тиесілі екендігі Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны демаркациялау кезінде нақты анықталады.
Өзеннің бас тарамын анықтау үшін судың орта деңгейдегі молдығы негізгі өлшем ретінде алынады.
Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген шекаралық өзендер кеме жүрмейтін өзендер болып табылады.
Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы-Қытай Халық Республикасы-Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы-Қытай Халық Республикасы-Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекараларының түйіскен нүктелерін мүдделі мемлекеттер жеке анықтайды деп келісті.
Уағдаласушы Тараптар Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының жергілікті жерде демаркацияланған желісі сондай-ақ әуе кеңістігі мен жер қойнауларын тік бағыттар бойынша да межелейді деп келісті.
Шекараға шектес алапта, соның ішінде шекаралық өзендерде болуы мүмкін кез келген табиғи өзгерістер Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының жергілікті жерде демаркацияланған желісінің жағдайына, сондай-ақ егер Уағдаласушы Тараптар басқаша келіспеген болса, аралдардың қай жаққа тиесілі екендігіне өзгеріс енгізбейді.
Шекара желісі демаркацияланғаннан кейін шекаралық өзендерде пайда болған аралдардың қай жаққа тиесілі екендігі шекараның демаркацияланған желісінің жағдайына сәйкес анықталады, ал шекараның демаркацияланған желісінде тікелей пайда болған аралдардың қай жаққа тиесілі екендігі Уағдаласушы Тараптар арасындағы консультациялар арқылы әділ әрі ұтымды негізде анықталады.
Осы Келісім бекітілуге тиіс және бекіту грамоталары алмасылған күннен бастап күшіне енеді. Бекіту грамоталарын алмасу ең қысқа мерзімде Пекин қаласында жүзеге асырылады.
Осы Келісім Алматы қаласында 1994 жылы 26 сәуірде әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды. Түсіндіру кезінде алшақтық болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс және қытай тілдеріндегі текстерге жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасы
Үшін Үшін