Әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Австрия Федеральдық Үкiметiнiң арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1995 жылғы 31 тамыз N 2442

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. 1993 жылғы 26 сәуiрде Алматыда қол қойылған Әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Австрия Федеральдық  Үкiметiнiң арасындағы Келiсiм, аталған Келiсiмнiң 13-бабына енгiзiлген қосымшасымен бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Австрия Федеральдық
Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы
Келісім

      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Австрия Федеральдық Үкіметті, бұдан былай "Келісуші Жақтар" деп аталады,
      1944 жылы 7 желтоқсанда Чикагода қабылданған қол қоюға ашық халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның қатысушылары ретінде,
      өздеріне тиісті территориялар арасында және сыртқары жерлерге әуе қатынасын орнықтыру мақсатымен Келісім жасауды қалай отырып,
      төмендегідей келісімдерге келді:

1-бап
Айқындамалар

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн қолданылған атаулар, контекстен басқамен туындамаса, мына мағыналарды бiлдiредi:
      а) "Келiсушi Жақтар"  атауы - бiр жағынан Қазақстан Республикасының Yкiметiн, екiншi жағынан Австрия Федеральдық Үкiметiн бiлдiредi;
      б) "Конвенция"  атауы - 1944 жылы 7 желтоқсанда қол қоюға ашық деп Чикагода қабылданған халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияны бiлдiредi, және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес енгiзiлген кез келген Қосымша мен Конвенцияның 90, 94-баптарына сәйкес оның Қосымшасына немесе өзiне енгiзiлген кез келген түзетулердi де бiлдiредi, егер осы Қосымшалар мен түзетулер екi Келiсушi Жақтармен де қабылданған немесе бекiтiлген болса;
      в) "авиациялық билiк орындары"  атауы: Қазақстан Республикасына қатысты - Көлiк министрлiгiн, ал Австрия Республикасына қатысты - Федеральдық қоғамдық экономика және көлiк министрiн, немесе екi жағдайда да көрсетiлген билiк орындарының мiндетiн атқаруға осы кезде өкiлеттiк алған кез келген адамды әйтпесе ұйымды бiлдiредi;
      г) "территория"  (мемлекетке қатысты) атауы - сол мемлекеттiң егемендiгiнде жатқан жер бетiн, территориялық су бетiн бiлдiредi;
      д) "әуе қатынасы"  атауы - әуе кемелерiмен орындалатын жолаушы, жүк және пошта тасымалдарының реттелген кез келген әуе қатынасын бiлдiредi;
      е) "халықаралық әуе қатынасы"  атауы - бiр мемлекеттiң территориясынан астам әуе кеңiстiгiмен жүзеге асатын әуе қатынасын бiлдiредi;
      ж) "авиация кәсiпорыны"  атауы - халықаралық әуе қатынасын жасауға ниеттенген немесе оны пайдаланатын кез келген авиациялық-тасымалдау кәсiпорынын бiлдiредi;
      з) "тағайындалған авиакәсiпорын"  атауы - осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және өкiлеттiк алған авиакәсіпорынды білдіреді;
      и) "коммерциялық емес мақсаттармен аялдама жасау"  атауы - жолаушыларды, жүкті және поштаны тиеу мен түсіруден басқа кез келген мақсаттар мен қонуды білдіреді;
      к) "тасымалдау көлемі"  атауы:
      1) әуе кемесіне қатысты - маршруттың бүкіл бойында немесе оның бір бөлігінде ұшып жүрген әуе кемесінің жүк көтерімділігін білдіреді;
      2) орнатылған әуе қатынасына қатысты-пайдаланылатын әуе кемесінің тасымалдау көлемі мен толық маршрут бойында немесе оның бір бөлігінде ұшатын сол әуе кемесінің ұшу жиілігінің көбейтіндісін білдіреді.

2-бап
Тасымалдаулар құқығының берілуі

      1. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жаққа оның жүйеленген халықаралық әуе жолдарына қатысты мынадай құқықтар бередi:
      а) өзiнiң территориясы үстiнен қонбастан ұшып өту құқығын бередi;
      б) өз территориясына коммерциялық емес мақсаттармен қоныс жасау құқығын бередi;
      с) осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсетiлгендегiдей екiншi Келісушi Жақтың территориясына халықаралық сапардағы жолаушыларды, пошта мен жүктi тиеу немесе түсiру мақсатында қоныс жасау құқығын бередi.
      2. Әрбiр Келiсуші Жақ екiншi Жаққа осы Келiсiмге тiркелiп отырған кестеде көрсетiлген маршруттар бойынша жүйеленген халықаралық әуе қатынасын орнату мақсатында осы Келiсiммен анықталған құқықтарды бередi. Мұндай әуе жолдары мен маршруттар бұдан былай "келiсiлген әуе жолдары" және "белгiленген маршруттар" деп аталады.
      3. Бұл баптың 2-тармағындағы қағидалардың ешқайсысы да Келісуші Жақтар тағайындаған авиакәсiпорынына үстеме ақы алу үшін немесе жалдану шарттары бойынша екiншi Келiсушi Жақ территориясындағы пункттер арасына тасымалдау мақсатымен жолаушыларды, пошта мен жүктi әуе кемесiне отырғызып, тиеуге құқық бередi деп қарамалдайды.

3-бап
Қажетті өкілеттіктер

      1. Әрбiр Келiсушi Жақ белгiленген маршрут бойынша келiсiлген әуе жолдарын пайдалану мақсатымен екiншi Келiсушi Жақты жазбаша түрде хабардар ете отырып, бiр немесе одан артық авиакәсiпорынын тағайындауға құқықты болады.
      2. Осындай хабарландыру алған екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары, осы Келiсiмнiң 4 және 5 тармағындағы қағидаларға сәйкес, жедел түрде әрбiр тағайындалған авиакәсiпорнының ұшуына жедел түрде рұқсатын бередi.
      3. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақты жазбаша түрде хабардар ете отырып, әлгiдей тағайындалған авиакәсiпорынына рұқсат беруден бас тартып, басқасын тағайындауды талап етуге құқықты болады.
      4. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың тағайындаған авиакәсiпорынынан халықаралық әуе жолдарын пайдалануда Конвенция қағидаларына сай осы екiншi Келiсушi Жақта дағдылы және орынды түрде қолданылып жүрген заңдар мен ережелерде алдын-ала белгiленген шарттарды орындай алатын қабілетiнiң барлығына дәлелдемелер талап ете алады.
      5. Әрбiр Келiсушi Жақ авиакәсiпорынын тағайындаған екiншi Келiсушi Жақтың, әйтпесе оның азаматтарының тағайындалған авиакәсiпорыны үстiнен айрықша иелiк билiгiн жүргiзе алатындығына және пәрмендi бақылау жасай алатындығына дәлелi жоқ барлық жағдайда, ол авиакәсiпорынына осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ұшу рұқсатын беруден бас тарта алады, әйтпесе тағайындалған авиакәсiпорынынан осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды пайдалану үстiнде қажет болады деген әрқилы шарттардың орындалуын талап ете алады.
      6. Тағайындалған және осылайша рұқсат алған авиакәсiпорыны, осы Келiсiмнiң 11-бабындағы қағидаға сәйкес орнатылған тарифтер күшiне енгiзiлген жағдайда және осы Келiсiмнiң 5-бабындағы қағидаларға сәйкес келiсiлген әуе жолдарына қатысты уағдаластыққа қол жеткiзiлген жағдайда келiсiлген әуе жолдарын пайдалану жұмысын әрқашан бастай алады.

4-бап
Рұқсатты жою және уақытша тоқтату

      1. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорынының ұшуларына берiлген рұқсатты жоюға немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтардың пайдалануын уақытша тоқтата тұруға, әйтпесе сол құқықтарды пайдалану үстiнде қажет болады деген әрқилы шарттардың орындалуын мынадай барлық жағдайларда талап ете алады:
      а) авиакәсiпорынын тағайындаған Келiсушi Жақтың немесе оның азаматтарының қолында сол авиакәсiпорынының үстiнен айрықша иелiк барлығына күмән келтіргендей немесе пәрмендi бақылау жүргізе алатындығына сенбегендей барлық жағдайларда;
      б) егер осы авиакәсiпорыны өзiнiң ұшуына құқық берген Келiсушi Жақтың заңдары мен ережелерiн бұзған жағдайларда;
      в) егер авиакәсiпорыны, қандай-бiр себептермен болса да, осы Келiсiмде жазылған талаптарды орындамағандай жағдайда.
      2. Егер осы баптың 1 тармағында көрсетiлген рұқсатты жедел түрде жою, уақытша тоқтата тұру немесе шарттардың орындалуын талап ету заңдар мен ережелердiң одан әрi де бұзылуына тиым салу үшiн қажеттi шара болмаса, онда сол тармақта сөз болған құқық екiншi Келiсушi Жақпен кеңесуден кейін барып жүзеге асады. Мұндай жағдайда кеңесулер бiр Келiсушi Жақтардың бiрiнен сұраныс түскен күннен бастап 60 (алпыс) күннiң iшiнде жеткiзiлуi қажет.

5-бап
Келісілген әуе жолдарын
пайдаланудың принциптері

      Шарттасқан жүйелi әуе қатынасы бойынша атқарылатын тасымалдар көлемi мынандай талаптарға сәйкес болуы тиiстi:
      1. Келiсушi Жақтардың тағайындаған авиакәсiпорындарына белгiленген маршруттар бойынша келiсiлген әуе жолдарын пайдаланудың әдiл де теңдес жағдайлары жасалатын болады.
      2. Келiсiлген әуе жолдарын пайдалану кезiнде бiр Келiсушi Жақтың авиакәсiпорыны екiншi Келiсушi Жақтың авиакәсiпорынының мүддесiн еске ала отырып, соңғы авиакәсiпорыны осы маршрут бойынша немесе оның бiр бөлiгiнде әуе жолын пайдаланып, тасымал атқарғанда оған зиян келтiрмеуге тиiстi.
      3. Келiсушi Жақтардың тағайындаған авиакәсiпорындары қызмет атқаратын келiсiлген әуе жолдары белгiленген маршруттардағы тасымалдардың қоғамдық талғамдарына сай болулары тиiстi, және әрбiр авиакәсiпорынының бiрiншi кезектегi мiндетi - авиакәсiпорынын тағайындаған Келiсушi Жақ пен қозғалыстың соңғы баратын елiнiң территориялары арасында жолаушыларды, жүк пен поштаны тасымалдағанда олардың қазiргi және болжамды сұранымдарын қанағат ете алатындай сыйымдылық беру болып табылады.
      4. Белгiленген маршруттар бойындағы үшiншi мемлекеттердiң пункттерiнде тиелетiн және түсiрiлетiн жолаушыларды, жүктер мен поштаны тасымалдаудың шарттары жалпы принципке сай болады да, сөйтiп сыйымдылық мыналардан тәуелдi болады:
      а) тасымалдардың басталатын және аяқталатын елдерi арасындағы тасымалдауларға деген мұқтаждықтардан;
      б) келiсiлген әуе жолдары өтетiн аймақтың тасымалдық мұқтажынан, осы аймақта орналасқан мемлекеттердiң авиакәсiпорындары орнатқан жергiлiктi және аймақтық әуе жолдарын есепке ала отырып;
      в) трансферттiк тасымалдау мұқтаждықтардан.
      5. Келісілген әуе жолдарындағы ұшу кестесі Келісуші Жақтардың авиациялық билік орындарының бекітуіне келісілген әуе жолдарын пайдалана бастаудан 30 (отыз) күн бұрын ұсынылатын болады. Ал, кейбір ерекше жағдайларда ол мерзім жоғарыда айтылған билік орындарының келісімімен қысқартылады.
      6. Осы баптың қағидасына сәйкес бір маусымға жасалған ұшу кестесі осы баптағы қағидаға үйлесетін басқадай ұшу кестесі орнатылғанға дейін келесі маусымдарға да пәрменді болып қала береді.

6-бап
Куәліктер мен растау құжаттары


      1. Бір Келісуші Жақта берілген немесе пәрменділігі бар деп саналатын және пәрменділік мерзімдері бітпеген ұшу жарамдылығы туралы куәліктер, мамандық деңгейі туралы куәліктер мен растау құжаттары келісілген әуе жолдарын пайдалану мақсатымен екінші Келісуші Жақта да өз күшінде болады деп танылады.
      2. Әйтсе де, өз территориясының үстінде ұшуға қатысты әрбір Келісуші Жақ өзінің азаматтарына басқа мемлекетте берілген немесе сол Жақта пәрменділігі бар деп саналатын мамандық деңгейі туралы куәліктер мен растау құжаттарын танудан бас тартуға құқылы бола алады.

7-бап
Кедендік баж салығы мен алымдардан босату

      1. Халықаралық тасымалдарда қолданылатын әрбiр Келiсушi Жақ тағайындаған авиакәсiпорындардың әуе кемелерi, сондай-ақ олардың табельдiк мүлкi, сол әуе кемелерiне тиелген жанармай және жағармай материалдарының қоры, борттық қорлар (азық-түлiк тағамдары, сусындық және темекi заттарын қоса есептегенде) екiншi Келiсушi Жақтың территориясына әкелiнгеннен кейiн барлық кедендiк баж салығынан және инспекциялық алымдар мен басқадай сол сияқты алымдардан босатылады, әйтседе керi әкетiлген мерзiмге дейiн мүлiк, материалдар мен қорлар әуе кемесiнiң бортында қалуға тиiстi.
      2. Сонымен бiрге, көрсетiлген қызметтердiң төлемақыларын қоспағанда, ондай салықтардан, баждар мен алымдардан мыналар да босатылады:
      а) бiр Келiсушi Жақтың территориясында осы Келiсушi Жақ Үкiметi орнатқан шектеу мөлшерiнде алынып, және де екiншi Келiсушi Жақ тағайындаған авиакәсiпорынының белгiленген маршрутпен ұшатын әуе кемесiнiң бортында тұтынуға арналған борттық қорлар;
      б) бiр Келiсушi Жақтың территориясына екiншi Келiсушi Жақтың тағайындаған авиакәсiпорынының белгiленген маршрутта пайдаланатын әуе кемесiнiң тиiстi техникалық қызметтен өткiзу және жөндеу үшiн әкелiнген қосалқы бөлшектерi;
      в) бiр Келiсушi Жақтың территориясында екiншi Келiсушi Жақ тағайындаған авиакәсiпорынының халықаралық ұшуларда пайдаланатын әуе кемесiнiң тұтынуы үшiн берiлген жанар - және жағар-май материалдары, тiптi ол қорлар осы материалдар тиелген Келiсушi Жақтың территориясы шегiнде жатқан маршрут бөлiгiнде қолданылатын болса да.
      Жоғарыдағы тармақшаларда (а, б, в,) көрсетiлген материалдар қажет болған жағдайда кедендiк әкiмшiлiктерiнiң бақылауына немесе қадағалауына алынуы мүмкiн.
      3. Бiр Келiсушi Жақтың әуе кемесiнiң бортындағы табельдiк мүлiктер, сондай-ақ материалдар мен қорлар екiншi Келiсушi Жақтың территориясына тек осы Келiсушi Жақтағы кедендiк билiк орындарының келiсiмiмен ғана түсiрiлетiн болады. Ондай жағдайда олар керi әкетiлгенге дейiн немесе кедендiк ережелерге сәйкес басқадай қолданыс тапқанға дейiн ескертiлген билiк орындарының қадағалауында болып жайластырылуы мүмкiн.
      4. Сонымен қатар барлық салықтар мен (немесе) баждардан, өте ерекше жағдайда қолданылатын, бiрақ бiр Келiсушi Жақтың территориясына екiншi Келiсушi Жақтың авиакәсiпорынымен әкелiнетiн мынадай жақтар мен товарлар босатылады, атап айтқанда:
      а) өкiлдiктердiң тұрғын жайын жабдықтау және қызметтiк жағдайын жасау үшiн қолданылатын заттар, мысалы: барлық құрылыс материалдарының түрлерi, үй жабдықтары, оргтехникалық заттар және т. б.
      б) телекоммуникацияның барлық түрлері, мәселен телетайп аппараттары және радиобайланыс аппараттары немесе басқадай әуежай шеңберiнде қолданылатын құрал-жабдықтар;
      в) алдын-ала орын алу (броньдау) және iс жөнiнде пайдалану үшiн қажет компьютерлiк жүйелер, сонымен қатар авиакәсiпорынының белгiлерi бар багаждық қағаздар, қозғалыс кестелерi, борттық карталар сияқты тағы басқадай әртүрлi ресми құжаттар. Ал, көлiк құралдарына қатысты алғанда, баж салықтарынан тек қана қалалық офис пен әуежай арасында жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автобус тәрiздi автомобильдер босатылады.

8-бап
Салықтар салу

      1. Әуе кемесінің келісілген әуе жолдары пайдаланып түсірген табысына салынатын салықты тек Келісуші Жақтың территориясында орналасқан кәсіпорынның қазіргі басқармасы ғана салатын болады.
      2. Келісілген әуе жолдарын пайдаланушы әуе кемесімен және де сондай әуе кемесін ұстап-қолдануға қатыстары бар жылжымалы мүліктен құралатын капиталға салынатын салықты Келісуші Жақтың территориясында орналасқан кәсіпорынның қазіргі басқармасы ғана салатын болады.

9-бап
Тікелей транзиттік тасымалдар

      1. Бір Келісуші Жақтың территориясы арқылы тікелей транзитпен ұшып өтетін және де сол мақсатқа бөлінген әуе-жайдан алыс ұзамайтын жолаушылар, багаж, жүк және пошталар, ол кездерде зорлыққа, әуе қарақшылығына және есірткілік дәрі-дәрмектерді алып жүрушілікке қарсы қауіпсіздік шаралар қолдану қажет болмаса, жеңіл-желпі ғана бақылаудан өткізіледі.
      2. Тікелей транзиттік багаждар мен жүктер кедендік баждар мен басқадай сол секілді салықтардан босатылатын болады.

10-бап
Авиация қауіпсіздігі

      1. Келiсушi Жақтар өздерiнiң халықаралық құқықтардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне сәйкес азаматтық авиация қауiпсiздiгiн оған заңсыз түрде араласу актiлерiнен қорғау жөнiндегi бiр-бiрiне қатысты мiндеттемелерiн растайды. Халықаралық заңдар бойынша алынған өз құқықтары мен мiндеттерiнiң жалпы қолданысын шектеп қоймай, Келiсушi Жақтар сонымен бiрге 1970 жылы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған әуе кемесiн заңсыз басып алумен күресу туралы Конвенцияның, 1963 жылы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған әуе кемесiнiң бортында жасалатын қылмыстар мен қайсы-бiр басқа актiлер туралы Конвенцияның, 1971 жылы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күресу туралы Конвенцияның, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгi туралы кез келген басқадай Конвенциялардың қағидаларына сәйкес әрекет-қимыл жасайды.
      2. Келiсушi Жақтар өтiнiш өтiлген жағдайда әуе кемелерiн заңсыз басып алу мен сол әуе кемелерiнiң, олардың жолаушылары мен экипаждардың, аэропорттар мен әуе навигациялық құралдарының қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған, сондай-ақ Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қатер туғызатын кез келген бөгде әрекеттерге жол бермеу үшiн бiр-бiрiне барлық қажеттi көмектi көрсетiп отырады.
      3. Келiсушi Жақтар екiаралық қарым-қатынасында Халықаралық азаматтық авиация Ұйымы орнатқан авиация қауiпсiздiгі жөнiндегi ережелерге және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның аталмыш Қосымшаларындағы ережелерге сәйкес, сол ереже-қағидалар қаншалықты қолданымды болса, соншалықты дәрежеде қимыл-әрекет жасайды. Олар әуе кемелерiне қызмет көрсетушiлерден және өз территорияларында тұрақтайтын немесе негiзгi қызметтiк орны бар әуе кемелерiн пайдаланушылардан, сонымен бiрге өз территорияларындағы халықаралық әуежайлардағы қызметкерлерде авиация қауіпсiздiгi жөнiндегi ереже-қағидаларға сәйкес әрекет-қимыл жасауын талап ететiн болады.
      4. Келiсушi Жақтардың әрқайсысы да екiншi Келiсушi Жақтың территориясына кiру, одан ұшып кету немесе сол территория шеңберiнде болу үшiн қарастырылған 3-тармақта ескертiлген авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелер мен талаптардың әуе кемелерiне қызмет етушiлер тарапынан ұқыпты сақталуын екiншi Келiсушi Жақ тiкелей талап ете алады дегенге келiседi. Әрбiр Келiсушi Жақ өз территориясы шеңберiнде әуе кемелерiн қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүгiн, багажды, жүктi және борттық қорларды әуе кемесiне отырғызудан немесе тиеуден бұрын, әйтпесе осы процесстер кезiнде тексеру үшiн қажеттi шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететiн болады. Сонымен бiрге әрбiр Келiсушi Жақ нақтылы қатер туған жағдайда арнайы қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы екiншi Келiсушi Жақтың қайсы-бiр өтiнiшi болса да тiлектестiкпен қарайтын болады.
      5. Әуе кемесiн заңсыз басып алуға байланысты әрекет жасалған, немесе қақтығыс қатері туған жағдайда, әйтпесе әуе кемесiнiң, оның жолаушылары мен экипажының, аэропорттар мен әуе навигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлер орын алған болса, Келiсушi Жақтар ондай қақтығыстарды немесе оның қауiп-қатерiн жедел түрде және зардапсыз жою мақсатымен өзара байланысты неғұрлым жеңiлдетуге қажеттi шара қолдану арқылы бiр-бiрiне көмек көрсететiн болады.
      6. Егер Келiсушi Жақтардың бiрi осы бапта көрсетiлген авиация қауiпсiздiгi бойынша ереже-қағидаларды орындамағандай болса, онда екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орны бiрiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарынан жедел түрде Кеңес өткiзу туралы талап қоя алады.

11-бап
Көліктік тарифтер

      1. Бiр Келiсушi Жақтың авиакәсiпорынының екiншi Келiсушi Жақтың территориясына немесе соның территориясынан тасымал жасау үшiн тағайындаған тарифтерi оның эксплуатациялық шығыстарын, тиiстi деңгейдегi пайданы және де әуе жолындағы ұшу жылдамдығы мен қолайлылықты, тағы басқаларды қоса есептегенде, барлық тиiстi факторларды есепке алатындай лайықты деңгейде орнатылатын болады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тарифтер екi Келiсуші Жақтың да тағайындаған авиакәсiпорынымен үйлестiрiлетiн болады.
      3. Осы баптың 2-тармағында айтылған үйлестiрулерге мүмкіндігінше халықаралық тәжiрибеде қолданылатын әрекеттер арқылы қол жеткiзiледi.
      4. Осылайша үйлестiрiлген тарифтер екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының бекiтуiне сол тарифтердiң күшіне енетiн болжамды мерзiмінен аз дегенде 30 (отыз) күн бұрын тапсырылады. Кейбiр жеке жағдайларда ескертiлген билiк орындарының келiсiмiмен бұл мерзiмнiң қысқартылуы мүмкiн.
      5. Егер тағайындалған авиакәсiпорындар қайсы-бiр тарифтi бекіту мәселесi бойынша келісiмге келе алмаған болса, немесе қандай бiр басқадай себептермен тарифтер осы баптың 2 тармағына сәйкес анықталмаған болса, әйтпесе 30 (отыз) күндiк мерзімнің алғашқы 15 (он бес) күн ішінде осы баптың 4 тармағына сәйкес бiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орны екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орынына осы баптың 2-тармағына сәйкес үйлестiрiлген тарифтердiң қайсы-бiрiмен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы мәлiмдеме жiберсе, ондай жағдайда екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары бұл тарифтер бойынша уағдаластыққа келуге тырысатын болады.
      6. Егер авиациялық билiк орындары осы баптың 4-тармағына сәйкес өздерiнiң қарауына тапсырылған қайсы-бiр тарифтi бекiту жөнiнде келiсiмге келе алмаса, немесе 5-тармаққа сәйкес қайсы-бiр тарифтi анықтай алмаса, ондай тарифтер бойынша Келісушi Жақтар өзара уағдаластыққа жетуге тырысады.
      7. Әрбір Келісуші Жақтың авиациялық билік орындарынан қолдау табылғанша, ондай тарифтер өз күшіне кіре алмайды.
      8. Осы баптың қағидаларына сәйкес жаңа тарифтер орнатылғанша тағайындалған ескі тарифтер өз күшінде қалады.

12-бап
Табыстарды аудару

      1. Әрбір Келісуші Жақ екінші Келісуші Жақтың тағайындаған авиакәсіпорынына өз территориясында жолаушыларды, багажды, пошта мен жүктерді тасымалдау кезінде түсетін кіріс пен шығыстың айырмалық сомасын еркін аударып отыруға құқық беріп отырады. Мұндай ақша аударымы Келісуші Жақтардың валюта алмастыру ережелеріне сәйкес қолданып жүрген ресми ақша алмастыру курсы бойынша еркін конверсияланатын валютамен жасалуға тиісті. Сұраныс түскеннен кейін ақша кешікпей 60 (алпыс) күн ішінде аударылуы тиісті.
      2. Егер Келісуші Жақтар арасында арнайы төлемдік келісім болса, онда ақша аударымы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

13-бап
Өкілдік, авиабилеттердің
сатылуына жәрдемдесу

      1. Әрбір Келісуші Жақтың тағайындаған авиакәсіпорындары екінші Келісуші Жақтың территориясында, сол екінші Келісуші Жақтың заңдары мен ережелеріне сәйкес қажетті мөлшердегі әкімшілік, техникалық жеке коммерциялық персоналдары бар өзінің өкілдігін ашуға теңдес мүмкіндік алады.
      Өкілдіктің шетелдік персоналдарын қажетті түрде аккредитивтеу, куәліктеу және (немесе) тіркеу 1-баптың "с" тармағында көрсетілген органдарда жасалады.
      2. Әрбір Келісуші Жақтың тағайындаған авиакәсіпорындары бұдан былай екінші Келісуші Жақтың территориясында тасымал істеріне қажетті құжаттардың барлық түрін шығаруға, сондай-ақ жарнамалық материалдар шығаруға және авиабилеттердің сатылуына-жәрдемдесуге теңдес мүмкіндіктер алады.

14-бап
Статистикалық ақпар

      1. Бір Келісуші Жақтың авиациялық билік орындары екінші Келісуші Жақтың авиациялық билік орындарының сұрауы бойынша мерзімдік және басқадай статистикалық ақпар беріп отырады.
      2. Мұндай мәліметтер сол бірінші Келісуші Жақ тағайындаған авиакәсіпорынның келісілген әуе жолдарында жасаған тасымалдар көлемін және сол тасымалдардың шығатын және баратын мекендеріндегі ауқымын анықтау мақсатында талап етілетін барлық ақпараттық хабарларды қамтиды.

15-бап
Кеңестер мен өзгерістер

      1. Осы Келiсiмдi және оның Қосымшасын орындауға қатысты барлық мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықта болу мақсатымен Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындары арасында мезгiл-мезгiл Кеңестер өткiзiлiп тұратын болады.
      2. Егер Келiсушi Жақтың бiреуi осы Келiсiмнiң қағидаларын өзгертудi орынды деп тапса, онда ол екiншi Келiсушi Жақтан Кеңес өткiзудi сұрауы мүмкiн. Мұндай кеңестер (олар авиациялық билiк орындары арасындағы пiкiр алысулар кезiнде дайындалады) сұраным түскен күннен бастап 60 (алпыс) күннiң ішiнде, егер екi Келiсушi Жақ ол мерзiмдi ұзартуға келiспесе, өткiзiлуi тиiстi. Осылайша үйлестiрiлген өзгерiстер әрбiр Келiсушi Жақтың ережелерi мен заңдарына сәйкес бекiтiлетiн болады.
      3. Қосымшаға кiретiн өзгертулер Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындарының келiсiмi бойынша енгiзiледi.

16-бап
Дау-дамаларды реттеу

      1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Келiсушi Жақтардың арасында туындайтын әрбiр дау-дама әуелі олардың арасындағы тiкелей келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.
      2. Егер Келiсушi Жақтар келiссөздер үстiнде уағдаластыққа келе алмаса, онда олар дау-даманың қаралуын басқа адамға немесе ұйымға тапсыра алады; егер ондай шешiм жолына олар келiспесе, онда Келiсушi Жақтардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша дау-дама Төрелiк соттың қаралуына тапсырылатын болады. Ол үшiн Келiсушi Жақтардың әрқайсысы өз төрешiлерiн тағайындайды. Тағайындалған төрешiлер Төрелiк соттың төрағалық мiндеті жүктелетiн үшiншi төрешiнi анықтайды. Келiсушi Жақтар дау-дама мәселесiн Төрелiк сот арқылы шешу туралы дипломатиялық каналдар бойынша ұсыныс хабарын алғаннан кейiнгi 60 (алпыс) тәулiктiң iшiнде өз төрешiлерiн тағайындайды. Төрелiк соттың төрағасы келесi 60 (алпыс) күннiң iшiнде тағайындалады. Егер Келiсушi Жақтардың бiрi өз төрешiсiн тағайындамаса немесе белгiленген мерзiмде Төрелiк соттың үшiншi мүшесi тағайындалмаса, онда Келiсушi Жақтар төрешiге және (немесе) Төрелiк соттың төрағасын дайындауды Халықаралық азаматтық авиация Ұйымы Кеңесiнiң Төрағасынан өтiне алады. Барлық жағдайда үшiншi төрешi үшiншi елдiң азаматы болуы керек.
      3. Келiсушi Жақтар осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiмдердi орындауға мiндеттенедi.
      4. Егер Келiсушi Жақтардың бiрi Төрелiк соттың шешiмiн орындамағандай болса, онда екiншi Келiсушi Жақ сыбайлас Келісушi Жаққа осы Келiсiммен берген құқықтары мен жеңiлдiктерiн шектеуге, уақытша тоқтата тұруға немесе түгелдей жоюға мүмкiндiк алады.
      5. Келісуші Жақтардың әрқайсысы өзінің тағайындаған төрешінің жұмысына байланысты шығындарды өзі төлейтін болады. Ал, төрелік сот Төрағасының жұмысына байланысты шығындар мен оның қаламақысын, сондай-ақ Төрелік сот жұмысына байланысты шығындарды екі Келісуші Жақ теңбе-тең төлейтін болады.

17-бап
Келісім күшінің тоқтатылуы

      1. Әрбір Келісуші Жақ кез келген уақытта дипломатиялық арналар арқылы екінші Келісуші Жаққа осы Келісімнің күшін тоқтату туралы өз ниетін мәлімдеуге мүмкіндік алады; мұндай мәлімдеме жедел түрде Халықаралық азаматтық авиация Ұйымының Кеңесіне және Біріккен Халықтар Ұйымының Секретариатына жіберілетін болады.
      2. Бұл жағдайда, егер осы мәлімдеме-хат төмендегі мерзімнің ішінде келісілген түрде кері қайтарылып алынбаса, онда сол мәлімдеме-хатты екінші Келісуші Жақ алған күннен кейінгі 12 (он екі) айдың ішінде Келісімнің күші тоқтатылады.

18-бап
Тіркеу

      Осы Келісім және оған кейін енгізілген әрқилы өзгертулер Халықаралық азаматтық авиация Ұйымының Кеңесінде және Біріккен Ұлттар Ұйымының Секретариатында тіркелетін болады.

19-бап
Күшіне кіруі

      Бұл Келісім, екі Жақтың конституциялық процедураларын еске ала отырып, осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті барлық талаптардың орындалуы туралы екі Келісуші Жақтардың өзара алмасқан дипломатиялық ноталарында анықталған күннен кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
      Өздерінің тиісті Үкіметтерінен заңды түрде өкілеттік алған төмендегі қол қоюшылар жоғарыда мазмұндалған жағдайларды растай отырып, осы Келісімге қол қойды.
      Келісім Алматы қаласында 1993 жылдың 26 сәуір күні екі түпнұсқа дана болып, әрқайсысы қазақ, неміс, ағылшын тілдерінде жасалды, сонымен бірге барлық текстілердің де күші теңдес болады. Дау-дамалар туған жағдайда, ағылшын тіліндегі текстінің күші басым болады.

      Қазақстан Республикасы            Австрия Федеральдық
         Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

Қосымша

      А Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған авиакәсіпорындары Қазақстандағы мекендер мен Австриядағы мекендердің арасында екі бағытта орнатылған жүйелі әуе қатынасын пайдалануға құқықты болады.
      В Австриялық Федеральдық Үкіметі тағайындаған авиакәсіпорындары Австриядағы мекендер мен Қазақстандағы мекендердің арасында екі бағытта орнатылған жүйелі әуе қатынасын пайдалануға құқықты болады.
      С Кез келген аралық мекендер мен сыртқары мекендерге әрбір Келісуші Жақтардың тағайындаған авиакәсіпорындары арқылы, олардың ұшу жұмыстарын атқаруға Бесінші бостандық берілмейтін болып, қызмет көрсетілетін болады.
      Ұшу жұмыстарын атқаруға Бесінші бостандық беру мүмкіндігі екі Келісуші Жақтың авиация билік орындары арасындағы Келісіммен шешілуі ықтимал.

 

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Австрийским Федеральным Правительством о воздушном сообщении

Указ Президента Республики Казахстан от 31 августа 1995 г. N 2442

      В соответствии со статьей 2 Закона Республики Казахстан от 10

декабря 1993 г. "О временном делегировании Президенту Республики
Казахстан и главам местных администраций дополнительных полномочий"
постановляю:
     1. Ратифицировать Соглашение между Правительством Республики
Казахстан и Австрийским Федеральным Правительством о воздушном 
сообщении, подписанное в Алматы 26 апреля 1993 года, с дополнением к
статье 13 упомянутого Соглашения.
     2. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.
     Президент
Республики Казахстан