Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында кедендiк бақылауды жою туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 19 қыркүйектегі N 2463

      Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келiсiмге сәйкес және Кеден одағын қалыптастырудың бiрiншi кезеңiн аяқтау туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:

     Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында
кедендiк бақылауды жойсын, осы шекарада үшiншi елдердiң өткiншi
жүктерiне бақылау жасауды арнайы жоспар-кесте бойынша қамтамасыз
етсiн;
     Кеден одағының сыртқы шекарасының қазақстандық және ресейлiк
учаскелерiнде бiрлескен кедендiк бақылауды жүзеге асыруға
кiрiссiн.
     2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi
      
      


Об отмене таможенного контроля на границе Республики Казахстан с Российской Федерацией

Указ Президента Республики Казахстан от 19 сентября 1995 г. N 2463

      В соответствии с Соглашением о Таможенном союзе между Республикой Беларусь, Российской Федерацией и Республикой Казахстан от 20 января 1995 года и в целях реализации договоренности между Российской Федерацией и Республикой Казахстан о завершении первого этапа формирования Таможенного союза постановляю:
      1. Кабинету Министров Республики Казахстан:
      отменить таможенный контроль на границе Республики Казахстан с Российской Федерацией, обеспечить контроль на этой границе за транзитными грузами третьих стран по специальному плану-графику;
      приступить к осуществлению совместного таможенного контроля на казахстанском и российском участках внешней границы Таможенного союза.
      2. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.
       Президент Республики Казахстан