"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес Қаулы Етемiн:
1. "Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының арнаулы әскери атақтары туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 122-құжат; 1993 ж., N 17, 420-құжат) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1. Заңның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының арнаулы
атақтары туралы".
2. Заңның мәтiнiндегi "арнаулы әскери атақтар", "арнаулы әскери
атағынан", "арнаулы әскери атақтарынан" сөздерi тиiсiнше "арнаулы
атақтар", "арнаулы атағынан", "арнаулы атақтарынан" сөздерiмен
алмастырылсын.
II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi