"Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген босқын-репатрианттардың көшiп келуiн және оларды жайғастыруды ұйымдастыру мақсатында Қаулы Етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған 1996 жылға арналған көшiп келу квотасы қосымшаға сәйкес 4 мың отбасы көлемiнде белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
осы Жарлықты iске асыру жөнiнде практикалық шаралар қолдансын;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорынан босқын репатрианттардың көшiп келуiн, олардың қабылдануын, жайғастырылуын, тұрғын үй сатып алуын және салуын ұйымдастыру үшiн 670 млн. теңге көлемiнде ақша қаражаты бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
босқын-репатрианттардың отбасылары олардың туыстық және шаруашылық-өндiрiстiк байланыстары, мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы ескерiле отырып, жинақы орналастырылатын аудандарды айқындасын;
олардың қабылдануын, жайғастырылуын және оларға қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсiн;
босқын-репатрианттарға тұрғын үй салу және шаруашылық қызметiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн бөлу туралы мәселенi белгiленген тәртiппен шешетiн болсын;
қоныс аударушылардың отбасыларына халықтың тиiстi санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тұрғын үйге, отынға, электр энергиясына, коммуналдық және басқа қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктердi қолдансын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 24 сәуiрдегi
N 2959 Жарлығына
қосымша
Шет елдерден көшiп келудiң 1996 жылға арналған квотасы
(отбасы)
____________________________________________________________________
Көшiп келушiлер іИран іҚытай іМоңғолияіРесей іТәжiк.іТүрк.іТүркия
орналастыратын іИслам іХалық і іФедера.істан імен. іРеспуб.
облыстар іРеспуб.іРеспуб.і іциясы іРеспуб.істан іликасы
іликасы іликасы і і іликасы і і
____________________________________________________________________
Ақмола - - - 50 - - -
Ақтөбе - - - 85 - 50 -
Алматы - 100 - 30 - 70 -
Атырау - - - - 50 - -
Шығыс Қазақстан - 40 20 40 - - -
Жамбыл - 50 - 20 - 30 -
Жезқазған - - - 35 - - -
Батыс Қазақстан - - - 130 - - -
Қарағанды - 50 20 30 - 20 -
Қызылорда - - - - - - 20
Көкшетау - - 10 - - - -
Қостанай - - - 140 - - -
Маңғыстау 400 - - 50 - 450 -
Павлодар - - 20 40 - - -
Солтүстiк Қазақстан- - - 30 10 - -
Семей - 50 - 100 - - -
Талдықорған - 60 - 20 - - -
Торғай - - - 10 - - -
Оңтүстiк Қазақстан - - - - 20 40 -
Алматы қаласы 5 10 - 20 5 5 -
Барлығы 405 360 70 830 85 665 20
______________________________________________________________________
Өзбекстан іБарлығы
Республикасыі
______________________________________________________________________
Ақмола 100 150
Ақтөбе 50 185
Алматы 100 300
Атырау 50 100
Шығыс Қазақстан - 100
Жамбыл 250 350
Жезқазған 100 135
Батыс Қазақстан 20 150
Қарағанды 50 170
Қызылорда - 20
Көкшетау 30 40
Қостанай 260 400
Маңғыстау 200 1100
Павлодар 80 140
Солтүстiк Қазақстан 30 70
Семей - 150
Талдықорған 20 100
Торғай 20 30
Оңтүстiк Қазақстан 200 260
Алматы қаласы 5 50
Барлығы 1565 4000