Қаулы етемiн:
1. "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат) 2-тармағына сәйкес құрылған шет елдерде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына:
Судьин А.С. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкімшiлiгi Мемлекеттiк қызмет және кадр саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi - төрағаның орынбасары;
Мұхамеджанов О.Б. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi - Комиссия мүшесi;
Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi - Комиссия мүшесi болып енгiзiлсiн.
2. Аталған Комиссия құрамынан Қ.Е.Көшербаев, Г.И.Пирожников, Қ.Ә.Сағадиев шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi