Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 8 қарашадағы N 3203. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Тiкелей инвестицияларды ынталандыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  44-бабының 3)-тармақшасын басшылыққа алып, қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылсын, ол тiкелей инвестицияларды ынталандыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру iсiндегi бiрден-бiр уәкiлдi мемлекеттiк орган болып табылады. 
      2. Былай деп белгiленсiн: 
      1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады; 
      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Мемлекеттiк комитетiнiң қызметi туралы, сондай-ақ тiкелей инвестицияларды ынталандыру жобалары бойынша iстiң жайы туралы үнемi Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында есеп бередi және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне баяндап отырады.
      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң негiзгi мiндетi ретiнде шетелдiк және отандық тiкелей инвестицияларды ынталандыру болып белгiленсiн, ол мына мақсаттарға: 
     1) жұмыс орындарын құруға;
     2) Қазақстан кадрларын оқыту мен кәсiптiк даярлауға;
     3) табиғат ресурстарын игеру мен қорғауға;
     4) базалық және қосалқы салаларды дамытуға;
     5) инфрақұрылымды дамытуға;
     6) елдiң өнеркәсiптiк және техникалық әлеуетiн дамыту қарқынын нығайтуға, диверсификациялау мен ұлғайтуға;
     7) отандық өнiм сапасын арттыруға;
     8) экспорт көлемiн ұлғайтуға;
     9) импортты алмастыруға;
     10) басым аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыруға;
     11) экологиялық проблемаларды шешуге қол жеткiзуге арналады.
     4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн: 
      1) шетелдiк және отандық тiкелей инвестицияларды ынталандыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыру; 
      2) шетелдiк инвесторлармен жұмыс жүйесiн құру және тiкелей инвестицияларды ынталандыру мен инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      3) Қазақстан Республикасының экономикасы мен тiкелей инвестицияларға деген қажеттiлiктерi туралы ақпараттық материалдар әзiрлеу және шетелдерде тарату; 
      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен, басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, шетелдiк және отандық тiкелей инвестицияларды тарту мәселелерiнде есепке алу мен есеп берудi ұйымдастыру. 
      5. Алға қойылған мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне: 
      1) инвестициялық ынтымақтастық пен шетелдiк тiкелей инвестициялар жөнiнде келiссөздер жүргiзу және халықаралық шарттарға қол қою; 
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпаратты сұрату және алу; 
      3) тiкелей инвестицияларды ынталандыру бөлiгiнде нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар актiлерiне сараптаманы жүзеге асыру және оларды әзiрлеуге қатысу; 
      4) кеңесшiлер, консультанттар және сарапшылар ретiнде жұмысқа шетел азаматтарын тарту құқығы берiлсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне тiкелей инвестицияларды ынталандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайтын заң жобасын енгiзетiн болсын. 
      7. "Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығының 1-тармағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" сөздерiмен толықтырылсын. 
      8. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмiнiң iшiнде Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолданатын болсын. 
      9. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан  Республикасының
      Президентi

Об образовании Государственного комитета Республики Казахстан по инвестициям

Указ Президента Республики Казахстан от 8 ноября 1996 г. N 3203. Утратил силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696)(вводится в действие со дня подписания)

      В целях осуществления государственной политики по стимулированию прямых инвестиций, руководствуясь подпунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан, постановляю: 
      1. Образовать Государственный комитет Республики Казахстан по инвестициям, который является единственным уполномоченным государственным органом в деле осуществления государственной политики стимулирования прямых инвестиций. 
      2. Установить, что: 
      1) Председатель Государственного комитета Республики Казахстан по инвестициям является по должности Первым заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан; 
      2) Председатель Государственного комитета Республики Казахстан 

 

по инвестициям регулярно отчитывается перед Президентом Республики

Казахстан и докладывает Премьер-Министру Республики Казахстан о

деятельности Государственного комитета, а также о состоянии дел по

проектам стимулирования прямых инвестиций.

     3. Определить стимулирование прямых иностранных и отечественных

инвестиций в качестве основной задачи Государственного комитета

Республики Казахстан по инвестициям для достижения целей:

     1) создания рабочих мест;

     2) обучения и профессиональной подготовки казахстанских кадров;

     3) разработки и охраны природных ресурсов;

     4) развития базовых и вспомогательных отраслей;

     5) развития инфраструктуры;

     6) укрепления, диверсификации и увеличения темпов развития

промышленного и технического потенциалов страны;

     7) повышения качества отечественной продукции;

     8) увеличения объектов экспорта;

     9) импортозамещения;

     10) стимулирования экономического развития приоритетных

регионов;

     11) решения экологических проблем.

 
      4. Определить следующие основные направления деятельности Государственного комитета Республики Казахстан по инвестициям: 
      1) разработка и осуществление государственной политики по стимулированию прямых иностранных и отечественных инвестиций; 
      2) создание системы работы с зарубежными инвесторами и подготовка предложений по стимулированию прямых инвестиций и улучшению инвестиционного климата; 
      3) подготовка и распределение за рубежом информационных материалов об экономике и потребностях Республики Казахстан в прямых инвестициях; 
      4) организация совместно с Национальным статистическим агентством Республики Казахстан, другими государственными органами учета и отчетности в вопросах привлечения и использования прямых иностранных и отечественных инвестиций. 
      5. В целях выполнения поставленных задач предоставить Государственному комитету Республики Казахстан по инвестициям право: 
      1) вести переговоры и подписывать международные договоры по вопросам инвестиционного сотрудничества и привлечения прямых иностранных инвестиций; 
      2) запрашивать и получать от центральных и местных исполнительных органов необходимую информацию; 
      3) осуществлять экспертизу и участвовать в разработке проектов нормативных правовых актов, актов центральных и местных исполнительных органов в части стимулирования прямых инвестиций; 
      4) привлекать на работу в качестве советников, консультантов и экспертов иностранных граждан. 
      6. правительству Республики Казахстан в срок до 1 декабря 1996 года внести в Мажилис Парламента Республики Казахстан проект закона, определяющего основные принципы государственной политики в области стимулирования прямых инвестиций. 
      7. Пункт 1 Указа Президента Республики Казахстан от 19 октября 1995 г. N 2542  U952542_  "О структуре Правительства Республики Казахстан" дополнить словами "Государственный комитет Республики Казахстан по инвестициям". 
      8. Правительству Республики Казахстан в месячный срок со дня вступления в силу настоящего Указа принять все необходимые меры по обеспечению деятельности Государственного комитета Республики Казахстан по инвестициям. 
      9. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования. 

    Президент

Республики Казахстан