Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 14 қараша N 3219. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999.03.31. N 104 жарлығымен.~U990104

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Жезқазған облысының аймағында 2007 жылға дейiнгi кезеңге

Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
     2. Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы туралы Ереже (қос
берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
     3. Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағының Әкiмшiлiк кеңесiне
таратылатын Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын Әкiмшiлiк
кеңесiнiң мүлiгi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi
берiлсiн.
     4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Президентiнiң
                                      1996 жылғы 14 қарашадағы
                                          N 3219 Жарлығымен
                                           Бекiтiлген

            Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы туралы
                                ЕРЕЖЕ 



      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнай экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығы талаптарының негiзiнде әзiрлендi. Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағының аумағында шаруашылық қызметiн жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн. Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағын Әкiмшiлiк кеңесiнiң өкiлеттiгiн айқындайды, оның аумағында тiркелген және (немесе) қызмет атқаратын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдарға, сондай-ақ жеке кәсiпкерлерге қолданылады.

      I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi Жәйрем-Атасу АЭА) Жезқазған облысында орналасқан, оған алаңы 959 ш.км. - Қаражал қаласының, 686 ш.км. - Жәйрем поселкесiнiң, 1 ш.км. Шалғы поселкесiнiң аумағы, сондай-ақ Жезқазқан облысының алаңы 11016 ш.км. босалқы жерлерi кiрдеi. Жәйрем-Атасу АЭА-ның жалпы алаңы 12662 ш.км құрайды.
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2. Жәйрем-Атасу АЭА:
      аумағында табиғат ресурстарын ұтымды кешендi игеру негiзiнде аймақты жеделдете дамыту;
      инвестицияларды тарту және шаруашылық жүргiзудiң осы заманғы әдiстерiн, озық технологияларды пайдалану;
      кәсiпкерлiк қызметтi жандандыру;
      экспортқа бағдарланған тиiмдiлiгi жоғары өндiрiстер құру;
      өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру;
      Жәйрем-Атасу АЭА мен Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне жоспарлы түрде енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк даму проблемаларын шешу мақсатында құрылды.
      3. Жәйрем-Атасу АЭА аумағында ерекше құқықтық режим 2007 жылға дейiнгi кезеңге белгiленедi. Құқықтық режимнiң ерекшелiктерi Жәйрем-Атасу АЭА-ның қаржы қорын қалыптастыруға, оның аумағында айрықша салықтық және кедендiк реттеудi белгiлеуге саяды.
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның аумағы шекараларының өзгеруiн қоса алғанда, оның құқықтық режимi өзгерген немесе ол мерзiмiнен бұрын таратылған жағдайда, оның аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Жәйрем-Атасу АЭА-ның құрылған мерзiмi бiткенше, бiрақ он жылдан аспайтын уақытқа инвестицияларды салу сәтiне сай келетiн шарттармен осындай қызметтi жалғастыру құқығына кепiлдiк берiледi. Бұл мерзiм АЭА-ның құқықтық режимiнiң күшi жойылған немесе өзгертiлген күннен бастап есептеледi.
      4. Қазақстан Республикасы Жәйрем-Атасу АЭА аумағында iс-қимыл жасаушы Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет ел азаматтарының, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға кепiлдiк бередi.

      II. ЖӘЙРЕМ-АТАСУ АЭА-НЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

      5. Жәйрем-Атасу АЭА-да басқару функциясын Әкiмшiлiк кеңес жүзеге асырады. Кеңестi республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, оның аумағында тiркелген және (немесе) қызмет атқаратын заңды тұлғалардың өкiлдерiнен оның төрағасы құрады.
      Әкiмшiлiк кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының, республиканың өзге де заңдарының және осы Ереженiң негiзiнде iс-қимыл жасайды.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Ережедегiден өзгеше тәртiп белгiленген болса, онда халықаралық шарттың тәртiбi қолданылады.
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi заңды тұлға болып табылады.
      6. Әкiмшiлiк кеңестiң төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      7. Жәйрем-Атасу АЭА Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы:
      Әкiмшiлiк кеңестi басқарады, оның жұмысына басшылық етедi;
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның басқару құрылымы мен схемасына сәйкес Әкiмшiлiк кеңестiң штатын және оның құрылымдық бөлiмшелерiн қалыптастырады;
      Әкiмшiлiк кеңестiң шешiмдерiне қол қояды, өкiмдер шығарады;
      мемлекеттiк органдармен, меншiк нысанына қарамастан ұйымдармен, соның iшiнде шет ел ұйымдарымен, әрi жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Әкiмшiлiк кеңестiң атынан iс-қимыл жасайды;
      Әкiмшiлiк кеңестiң мүлкi мен ақшалай қаражатына иелiк етедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi атқарады.

      III. ӘКIМШIЛIК КЕҢЕСТIҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      8. Жәйрем-Атасу АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi:
      мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан ұйымдармен және жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Жәйрем-Атасу АЭА-ның мүдделерiн бiлдiредi;
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның даму бағдарламасын әзiрлейдi және оны жүзеге асырады;
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның басқару құрылымы мен схемасын айқындайды;
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның қаржы қорын қалыптастырады, осы қор қаражатын пайдалану бағытын айқындайды;
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның дамуы және оны құрғандағы мақсатқа жету үшiн отандық және шетелдiк инвестициялар мен кредит қаражатын тартуды жүзеге асырады; Жәйрем-Атасу АЭА-ның аумағында қызметiн жүзеге асырушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасын реттеуге жәрдемдеседi;
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның мүддесi үшiн қажеттi ғылыми зерттеулер жүргiзуге жағдай жасайды;
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның құқықтық режимiн өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде Жәйрем-Атасу АЭА-ның жұмысын реттейтiн нормативтiк актiлер әзiрлеп, шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      аймақтан тысқары жерлерде Жәйрем-Атасу АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесiнiң өкiлдiктерi мен филиалдарын ашу туралы шешiмдер қабылдайды;
      жердi пайдалану, Жәйрем-Атасу АЭА-ның аумағында орналасқан үйлер мен ғимараттарды жалдау, сондай-ақ инфрақұрылым объектiлерiн жеңiлдiкпен пайдалану мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әрi Жәйрем-Атасу АЭА-ның аумағына келу және оның аумағынан кету жөнiнде рұқсат беру функцияларын атқаратын органдардың қызметi үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның аумағында өз қызметiн жүзеге асырушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге есептiк тiркеу жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Жәйрем-Атасу АЭА Әкiмшiлiк кеңесiнiң шешiмдерi оның аумағында барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

      IV. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ҚЫЗМЕТТIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      9. Жәйрем-Атасу АЭА аумағында жер қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкiмшiлiк кеңестiң iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн, коммерциялық мақсаттарда кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жер учаскелерiн беруге құқығы бар.
      Барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, сонымен бiрге шетел инвесторларының Жәйрем-Атасу АЭА аумағында табиғат ресурстарын iздеу, барлау және пайдалану құқығын алуға қол жеткiзуiне бiрдей кепiлдiк берiледi.
      10. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге және минералды шикiзат өндiруге байланысты Жәйрем-Атасу АЭА аумағындағы шаруашылық қызмет "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Жәйрем-Атасу АЭА аумағындағы өнеркәсiптiң түрлi өндiрушi салаларында өз қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерi мен салықтары оның қаржы қорына түседi.
      11. Заңды және жеке тұлғалардың жобалық және құрылыс қызметi, сондай-ақ құрылыс өнiмiнiң сапасына сәулетшiлiк-құрылыс бақылауын жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Жәйрем-Атасу АЭА аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асыратын қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      Әкiмшiлiк кеңесi Жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлдi мемлекеттiк органдармен Жәйрем-Атасу АЭА аумағында жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беруге және контрактiлер жасасуға байланысты мәселелердi шешу үшiн жүргiзетiн келiссөздерге қатысады.
      13. Жәйрем-Атасу АЭА аумағында шаруашылық қызмет мемлекеттiк экологиялық сараптамадан оңды қорытынды алған жобаларға немесе ресурстық негiздемелерге және солардың негiзiнде құзыреттi органдардың табиғатты арнайы пайдалануға берген рұқсаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, суды және айналадағы табиғаты ортаны басқа да объектiлерiн қорғау жөнiндегi нормалары мен тәртiбiн, зиянды заттардың, радиацияның, тербелiстiң, шудың және басқалардың жол берiлген шектi деңгейiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заң және басқа нормативтiк құқық актiлерiн сақтауға мiндеттi.
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi белгiленген тәртiпке сәйкес табиғатты арнайы пайдалануды ұйымдастырады.

      V. ЖӘЙРЕМ-АТАСУ АЭА-ның АУМАҒЫНДА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ТIРКЕУ

      14. Жәйрем-Атасу АЭА аумағында құрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      VI. ЖӘЙРЕМ-АТАСУ АЭА-ның ВАЛЮТАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ-КРЕДИТТIК ТЕТIКТЕРI

      15. Шетелдiк инвестициялардың кез келген нысандары мен соларға байланысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен тыйым салынбаған қызмет, Жәйрем-Атасу АЭА аумағында осындай кездерде Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына берiлетiннен кем түспейтiн қолайлы жағдайда жүзеге асырылады.
      Жәйрем-Атасу АЭА аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде тiркелген шаруашылық жүргiзушi, соның iшiнде шетелдiк субъектiлер Жәйрем-Атасу АЭА аумағында инвестициялық қызметтi бiрлесiп те, сондай-ақ дербес те жүзеге асыра алады. Шетелдiк инвестициялар Қазақстан Республикасының заңдарында осындай инвестициялар үшiн тыйым салынбаған кез келген объектiлерге және қызмет түрлерiне салынуы мүмкiн.
      Әкiмшiлiк кеңес Жәйрем-Атасу АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңдарында шетелдiк инвестициялар үшiн белгiленген құқықтық режимнiң жүзеге асырылуына жәрдемдеседi, инвесторлармен халықаралық құқықтық акт шеңберiнде ынтымақтастық жасайды.
      16. Жәйрем-Атасу АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi өзiнiң қаржы-бюджет және кредит-ақша саясатын дербес айқындайды, Қазақстан Республикасының қарыздары бойынша жауап бермейдi.
      17. Жәйрем-Атасу АЭА қаржы қорының кiрiсiне қолданылып жүрген заңдарда көзделген арнайы қорларға жасалатын төлемдерден басқа, Жәйрем-Атасу АЭА аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды және жеке тұлғалар төлейтiн жалпы мемлекеттiк және жергiлiктi салықтар, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдер есептеледi.
      Әкiмшiлiк кеңес қаржы қоры қаражатының теңгермелi қалыптасуы мен пайдаланылуы үшiн жауап бередi, түскен кiрiстер шегiнде республикалық бюджетте бекiтiлетiн нормалар бойынша шығыстарды жүзеге асырады.
      18. Жәйрем-Атасу АЭА қаржы қорының Жезқазған облысының бюджетiмен өзара қарым-қатынасы оның 2007 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ететiн Жәйрем-Атасу АЭА-ның қаржы қорына келiп түскен қаражаттың жалпы сомасынан жасалатын аударымдардың ұзақ мерзiмдi тұрақты нормативтерi арқылы айқындалады. 1997 жылға - 10%, 1998 жылға - 20%, 1999 жылға - 30% және 2000 жылға - 40% мөлшерiнде аударымдар жасау нормативтерi белгiленедi.
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның қызмет ету мерзiмiнiң кейiнгi жылдарына жасалатын аударымдар нормативтерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен белгiленедi.
      Нормативтер Жәйрем-Атасу АЭА-ның өткен жылғы қызметiнiң қорытындылары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
      Жоғары тұрған бюджетке аударымдар ай сайын, есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрiлмей жасалады.
      19. Жәйрем-Атасу АЭА Әкiмшiлiк кеңесi нысаналы қаржы қорларын, соның iшiнде Жәйрем-Атасу АЭА экономикалық және даму қорын, халықты әлеуметтiк қорғау қорын құрып, сондай-ақ оларды қаржы қорының бос қаражатының, аударымдар мен салықтық сипаты жоқ алымдардың есебiнен жасақтау көздерiн айқындай алады.
      Жәйрем-Атасу АЭА қаржы қорлары, сондай-ақ займдардың, қаржы кредиттерiнiң, азаматтар мен ұйымдардың ерiктi жарналары, саудаластықтар мен өзге де коммерциялық iс-шаралар өткiзу, Қазақстан Республикасының заңдары мен Әкiмшiлiк кеңесi жасасқан шаруашылық шарттарын бұзғаны үшiн салынатын айыппұлдар сомасы жалдау төлемдерi мен басқа да түсiмдердiң есебiнен толықтырыла алады.
      Жәйрем-Атасу АЭА нысаналы қаржы қорларының қаражаты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджеттен тыс шоттарда жинақталады. Нысаналы қаржы қорларының қаражатына иелiк етушi Жәйрем-Атасу АЭА Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы болып табылады.
      20. Жәйрем-Атасу АЭА экономикалық және әлеуметтiк даму қорының қаражаты Жәйрем-Атасу АЭА-ның даму бағдарламасында көзделген iс-шараларды қаржыландыруға; халық тұтынатын тауарларды өндiру жөнiндегi қуаттарды құру мен кеңейтуге және халыққа қызмет көрсетуге; кадрларды даярлауға және Жәйрем-Атасу АЭА-ның жұмыс iстеуi мен дамуына байланысты басқа да мақсаттарға жұмсалады.
      21. Жәйрем-Атасу АЭА аумағындағы банк қызметi Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      22. Жәйрем-Атасу АЭА iшкi рыногында негiзiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы айналыста болады. Шетел валютасын пайдалану Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      VII. САЛЫҚ САЛУ

      23. Жәйрем-Атасу АЭА аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай салық жүйесiне кiретiн салық қызметi жұмыс iстейдi.
      Жәйрем-Атасу АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      24. Арнайы экономикалық аймақ аумағында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық салудың жеңiлдiктi режимi қолданылады.

      VIII. КЕДЕН РЕЖИМIНIҢ НЕГIЗДЕРI

      25. Жәйрем-Атасу АЭА аумағы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тұрған аумақ ретiнде қаралады, онда еркiн кеден аймағы режимi жұмыс iстейдi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарының Жәйрем-Атасу АЭА аумағында кеден бақылауын жүзеге асыруы үшiн Жәйрем-Атасу кеденi жұмыс iстейдi.
      Жәйрем-Атасу кеденiнiң қызметi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарымен, осы Ережемен, сондай-ақ Жәйрем-Атасу кеденi туралы ережемен реттеледi. Жәйрем-Атасу кеденiнiң қызметi Жәйрем-Атасу АЭА қаржы қорының қаражатынан қаржыландырылады.
      26. Жәйрем-Атасу АЭА аумағына әкелiнетiн жабдықтар, шикiзат, материалдар, сондай-ақ өндiрiстiк операцияларды орындауға қажеттi басқа да тауарлар кеден iсi жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған тәртiппен кеден бажы мен салықтарын алудан және экономикалық саясат шараларын қолданудан босатылады.
      27. Толығымен Жәйрем-Атасу АЭА аумағында өндiрiлген немесе Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi түрде өңделген тауарлар оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау кезiнде кеден бажы мен экономикалық саясат шараларын қолданудан босатылады.
      28. Тауарлар Жәйрем-Атасу АЭА аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкетiлген кезде және тауарлар Жәйрем-Атасу АЭА аумағынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетiлген кезiнде кеден бажы мен салық алынады және тауарлардың шығу тегiне қарай экономикалық саясат шаралары қолданылады.
      Тауарлар Жәйрем-Атасу АЭА аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген кезде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң тауарларынан, белгiленген нысандағы тауардың шығу тегi туралы сертификаты бар болса, сондай-ақ толығымен Жәйрем-Атасу АЭА аумағында өндiрiлген немесе Қазақстан Республикасының кеден iсi жөнiндегi заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi түрде өңделген тауарлардан кеден бажы алынбайды.
      29. Жәйрем-Атасу АЭА аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттауға арналған тауарларды экспорттау режимiне сәйкес кедендiк ресiмдеу кеден iсi жөнiндегi нормативтiк актiлерде белгiленген тәртiппен кеден бажы мен салық алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай жүзеге асырылады.
      30. Жәйрем-Атасу АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттауға жататын тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтарылған кезде немесе белгiленген мерзiм iшiнде iс жүзiнде экспорт жасалмаған жағдайда кеден бажы мен салық, сондай-ақ олардан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми проценттiк ставкасы бойынша процент төленедi.
      31. Қазақстан Республикасының кеден iсi жөнiндегi заңдарында, сондай-ақ осы Ережемен белгiленген тәртiптi бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiк шаралары қолдануға әкеп соғады.

      IХ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

      32. Әкiмшiлiк кеңесi Жәйрем-Атасу АЭА-ның рыногындағы ахуалды ескере отырып, Әкiмшiлiк Кеңесi белгiлеген басым тәртiппен өз кәсiпорындарында жұмыс iстеу үшiн жергiлiктi еңбек ресурстарын тартып және оларды оқытуға әрi қайта мамандандыруға қатысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн көтермелейдi.
      Жәйрем-Атасу АЭА-на жұмыс күшiнiң келуiн Әкiмшiлiк кеңесi жанындағы жұмысқа орналастыру жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының жалпы көшi-қон саясатына сәйкес реттеп отырады.
      33. Жәйрем-Атасу АЭА кәсiпорындарындағы жалдау мен жұмыстан босатуды, еңбек ету және демалыс режимiн, әлеуметтiк кепiлдiктер мен өтемдер мәселелерiн қоса алғандағы еңбек қатынастары ұжымдық шарттармен (келiсiмдермен) және жеке еңбек шарттарымен (контрактiлермен) реттеледi. Ұжымдық және жеке шарттардың талаптары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген талаптармен салыстырғанда, Жәйрем-Атасу АЭА аумағында тiркелген және жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен ұйымдар қызметкерлерiнiң жағдайын нашарлатпауға тиiс.
      34. Еңбекке ақы төлеудiң шарты мен мөлшерiн, сондай-ақ қызметкерлердiң басқа да табыстарының түрлерiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз қаражатының есебiнен дербес белгiлейдi.
      Жәйрем-Атасу АЭА аумағында жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың жұмыскерлерi - шетел азаматтарының еңбегiне ақы төлеу, демалыс беру және зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және тиiстi контрактiлер негiзiнде жүзеге асырылады.

      Х. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘЙРЕМ-АТАСУ АЭА-да БОЛУ ТӘРТIБI

      35. Жәйрем-Атасу АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдермен белгiленген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әрi олардың көлiк құралдарының келуi, кетуi, транзитi мен жүрiп-тұру тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде жұмыс iстейдi.
      Жәйрем-Атасу АЭА аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының келуiн, кетуiн, транзитiн және жүрiп-тұруын ресiмдеу жөнiндегi функцияларды орындау үшiн орталық атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк органдардың жекелеген бөлiмшелерiн құрады.
      36. Жәйрем-Атасу АЭА-да тiркелген заңды тұлғалардың шетел азаматтарын шақыру және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өз қызметкерлерiн шет елдерге iссапарға жiберу жөнiнде дербес шешiм қабылдауға құқығы бар.

      ХI. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      37. Жәйрем-Атасу АЭА өзi арнап құрылған мерзiм бiткен соң таратылады.
      Жәйрем-Атасу АЭА таратылған кезде оның Әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Президентiне өзiнiң қызметi туралы есеп, ал орынды болған жағдайда арнайы экономикалық аймақтың мәртебесiн қосымша мерзiмге ұзарту жөнiнде негiзделген өтiнiш жолдайды.
      38. Жәйрем-Атасу АЭА-ның жұмыс iстеу мерзiмi бiткеннен кейiн Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы оның таратылуы жөнiнде заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiне Жәйрем-Атасу АЭА таратылу процесiнде екендiгi туралы мәлiметтердi енгiзу үшiн Әкiмшiлiк кеңестi мемлекеттiк тiркеудi жүргiзген әдiлет органына жазбаша түрде хабарлайды.
      Осымен бiр мезетте Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы жергiлiктi және орталық баспа органдарында Жәйрем-Атасу АЭА таратылуы, оның Әкiмшiлiк кеңесi кредиторларының талаптар қою тәртiбi мен мерзiмi туралы жарияланым жасайды.
      Жәйрем-Атасу АЭА-ның таратылуы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiне тиiстi жазба енгiзiлгеннен кейiн аяқталған болып саналады. Жәйрем-Атасу АЭА-ның таратылуы оның жұмыс iстеу мерзiмi бiткен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      39. Қазақстан Республикасының Президентi Жәйрем-Атасу АЭА-ын мерзiмiнен бұрын тарату жөнiнде шешiм қабылдаған жағдайда тарату рәсiмi осы Ереженiң 38-тармағында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      40. Осы Ережемен белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.

О Жайрем-Атасуйской специальной экономической зоне

Указ Президента Республики Казахстан от 14 ноября 1996 г. N 3219. Утратил силу - Указом Президента РК от 31 марта 1999 г. N 104 ~U990104.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 26 января 1996 г. N 2823 "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" постановляю:
      1. Создать на территории Жезказганской области

Жайрем-Атасуйскую специальную экономическую зону на период до 2007
года.
     2. Утвердить Положение о Жайрем-Атасуйской специальной
экономической зоне (прилагается).
     3. Наделить Административный совет Жайрем-Атасуйской
специальной экономической зоны полномочиями по управлению имуществом
и делами ликвидируемого Административного совета Жайрем-Атасуйской
свободной экономической зоны.
     4. Настоящий Указ вступает в силу со дня его опубликования.

     Президент
Республики Казахстан


                                       Утверждено
                                   Указом Президента
                                 Республики Казахстан
                              от 14 ноября 1996 г. N 3219

                             Положение
         О Жайрем-Атасуйской специальной экономической зоне



      Настоящее Положение утверждено на основе требований Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 26 января 1996 г. N 2823 "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан", определяет правовые и экономические основы осуществления хозяйственной деятельности на территории Жайрем-Атасуйской специальной экономической зоны, полномочия Административного совета Жайрем-Атасуйской специальной экономической зоны; распространяется на организации всех форм собственности, а также индивидуальных предпринимателей, зарегистрированных и (или) действующих на ее территории.

                          I. Общие положения

      1. Жайрем-Атасуйская специальная экономическая зона (далее - Жайрем-Атасуйская СЭЗ) расположена в Жезказганской области, включает в себя территории города Каракал площадью 959 кв. км. поселка Жайрем - 686 кв. км, поселка Шалгинский - 1 кв. км, а также земли запаса жезказганской области площадью 11016 кв. км. Общая площадь Жайрем-Атасуйской СЭЗ составляет 12662 кв. км.
      Территория Жайрем-Атасуйской СЭЗ является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан.
      2. Жайрем-Атасуйская СЭЗ создана в целях:
      ускоренного развития региона на основе рационального комплексного освоения природных ресурсов на его территории;
      привлечения инвестиций и использования современных методов хозяйствования, передовых технологий;
      активизации предпринимательской деятельности;
      создания высокоэффективных, экспортоориентировочных производств;
      освоения выпуска новых видов продукции;
      планомерного включения экономики Жайрем-Атасуйской СЭЗ и Республики Казахстан в систему мировых хозяйственных связей, а также решения вопросов социального развития.
      3. Особый правовой режим на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ устанавливается на период до 2007 года. Особенности правового режима заключаются в порядке формирования финансового фонда Жайрем-Атасуйской СЭЗ, в установлении особого налогового и таможенного регулирования на ее территории.
      В случае изменения правового режима Жайрем-Атасуйской СЭЗ или ее досрочного упразднения, включая изменение границ ее территории, хозяйствующим субъектам, осуществляющим инвестиционную деятельность на ее территории, гарантируется право продолжения такой деятельности на условиях, соответствующих моменту вложения инвестиций, до окончания срока, на который создана Жайрем-Атасуйская СЭЗ. но не более десяти лет. Данный срок исчисляется со дня отмены или изменения правового режима Жайрем-Атасуйской СЭЗ.
      4. Республика Казахстан гарантирует соблюдение прав и законных интересов граждан Республики Казахстан и иностранных граждан, всех хозяйствующих субъектов, действующих на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ.

             II. Органы управления Жайрем-Атасуйской СЭЗ

      5. На территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ функции управления осуществляет Административный совет, образуемый его председателем из представителей республиканских и местных государственных органов, юридических лиц, зарегистрированных и (или) действующих на ее территории.
      Административный совет действует на основе Конституции Республики Казахстан, Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан", иного законодательства республики и настоящего Положения.
      Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Положении, то применяются правила международного договора.
      Административный совет Жайрем-Атасуйской СЭЗ является юридическим лицом.
      6. Председатель Административного совета назначается на должность и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан.
      7. Председатель Административного совета Жайрем-Атасуйской СЭЗ:
      возглавляет Административный совет, руководит его работой;
      в соответствии со структурой и схемой управления Жайрем-Атасуйской СЭЗ формирует штаты Административного совета и его структурных подразделений;
      подписывает решения Административного совета, издает распоряжения;
      действует от имени Административного совета во взаимоотношениях с государственными органами, организациями, независимо от форм собственности, в том числе иностранными, и физическими лицами;
      распоряжается имуществом и денежными средствами Административного совета;
      исполняет иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

               III. Полномочия Административного совета

      8. Административный совет Жайрем-Атасуйской СЭЗ:
      представляет интересы Жайрем-Атасуйской СЭЗ в государственных органах, а также во взаимоотношениях с организациями, независимо от форм собственности, и физическими лицами;
      осуществляет разработку и реализацию программы развития Жайрем-Атасуйской СЭЗ;
      определяет структуру и схему управления Жайрем-Атасуйской СЭЗ;
      формирует финансовый фонд Жайрем-Атасуйской СЭЗ, определяет направления использования средств этого фонда;
      осуществляет привлечение отечественных и иностранных инвестиций и кредитных средств для развития Жайрем-Атасуйской СЭЗ и достижения целей ее создания; содействует урегулированию взаимоотношений хозяйствующих субъектов, осуществляющих деятельность на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, с государственными органами;
      способствует проведению необходимых научных исследований в интересах Жайрем-Атасуйской СЭЗ;
      вносит предложения в Правительство Республики Казахстан об изменении правового режима Жайрем-Атасуйской СЭЗ;
      в пределах компетенции разрабатывает и издает нормативные акты, регулирующие функционирование Жайрем-Атасуйской СЭЗ, обеспечивает их практическую реализацию;
      принимает решения об открытии представительств и филиалов Административного совета Жайрем-Атасуйской СЭЗ за ее пределами;
      принимает решения по вопросам землепользования, найма находящихся на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ зданий и сооружений, а также льготного пользования объектами инфраструктуры;
      создает необходимые условия для деятельности органов, осуществляющих государственную регистрацию юридических лиц и выполняющих разрешительные функции по въезду на территорию Жайрем-Атасуйской СЭЗ и выезду с ее территории;
      производит учетную регистрацию хозяйствующих субъектов, осуществляющих свою деятельность на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ;
      осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.
      Решения Административного совета Жайрем-Атасуйской СЭЗ обязательны для исполнения на ее территории всеми юридическими и физическими лицами.

          IV. Особенности хозяйственной и иной деятельности

      9. Регулирование земельных отношений на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Административный совет имеет право предоставлять земельные участки для проведения изыскательских работ, для добычи общераспространенных полезных ископаемых в коммерческих целях.
      Гарантируется равный доступ всех хозяйствующих субъектов, включая иностранных инвесторов, к получению прав на поиск, разведку и эксплуатацию природных ресурсов на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ.
      1О. Хозяйственная деятельность на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, связанная с разработкой месторождений полезных ископаемых и добычей минерального сырья, осуществляется в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О недрах и недропользовании" платежи и налоги от недропользователей, осуществляющих свою деятельность в различных отраслях добывающей промышленности на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, поступают в ее финансовый фонд.
      11. Проектная и строительная деятельность юридических и физических лиц, а также ведение архитектурно-строительного контроля за качеством строительной продукции осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      12. Лицензирование деятельности, осуществляемой хозяйствующими субъектами на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, производится в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Административный совет принимает участие в переговорах недропользователей с уполномоченными государственными органами по вопросам выдачи лицензий и заключения контрактов на право недрапользования на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ.
      13. Хозяйственная деятельность на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ осуществляется в соответствии с проектами или ресурсными обоснованиями, получившими положительное заключение государственной экологической экспертизы, и выданными на их основании разрешениями компетентных органов на специальное природопользование.
      Хозяйствующие субъекты обязаны соблюдать законодательные и

иные нормативные правовые акты Республики Казахстан, устанавливающие
нормы и правила по охране недр, земель, атмосферного воздуха, воды
и других объектов окружающей природной среды, уровней предельно
допустимых концентраций вредных веществ, радиации, вибрации, шума и
др.
     Административный совет Жайрем-Атасуйской СЭЗ организует
специальное природопользование в соответствии с установленным
порядком.

            V. Регистрация юридических лиц на территории
                       Жайрем-Атасуйской СЭЗ

     14. Государственная регистрация юридических лиц, создаваемых
на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, а также учетная регистрация
их филиалов и представительств осуществляются в порядке,
установленном законодательными актами Республики Казахстан.

            VI. Валютный и финансово-кредитный механизмы
                       Жайрем-Атасуйской СЭЗ



      15. Любые формы иностранных инвестиций и связанная с ними деятельность, не запрещенная законодательством Республики Казахстан, осуществляются на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ на условиях не менее благоприятных, чем те, которые предоставляются в подобной ситуации инвестициям физических или юридических лиц Республики Казахстан.
      Хозяйствующие субъекты, в том числе иностранные, зарегистрированные как на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, так и вне ее, могут осуществлять инвестиционную деятельность на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ как совместно, так и самостоятельно. Иностранные инвестиции могут вкладываться в любые объекты и виды деятельности, не запрещенные для таких инвестиций законодательством Республики Казахстан.
      Административный совет содействует реализации правового режима, установленного законодательством Республики Казахстан для иностранных инвестиций, на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, сотрудничает с инвесторами в рамках международно-правового акта.
      16. Административный совет Жайрем-Атасуйской СЭЗ самостоятельно определяет свою финансово-бюджетную и кредитно-денежную политику и не несет ответственности по долгам Республики Казахстан.
      17. В доход финансового фонда Жайрем-Атасуйской СЭЗ зачисляются общегосударственные и местные налоги, сборы и другие обязательные платежи, уплачиваемые юридическими и физическими лицами, зарегистрированными на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ в качестве налогоплательщиков, кроме предусмотренных законодательством платежей в специальные фонды.
      Административный совет несет ответственность за сбалансированное формирование и использование средств финансового фонда, осуществляет расходы по нормам, утверждаемым республиканским бюджетом, в пределах поступивших доходов.
      18. Взаимоотношения финансового фонда Жайрем-Атасуйской СЭЗ с бюджетом Жезказганской области определяются через долговременные стабильные нормативы отчислений от общей суммы поступлений в финансовый фонд Жайрем-Атасуйской СЭЗ, обеспечивающие выполнение программы ее развития на период до 2007 года. На 1997 год устанавливается норматив отчислений в размере 10%, на 1998 год - 20%, на 1999 год - 30 % и на 2000 год - 40%.
      Нормативы отчислений на последующие годы срока функционирования Жайрем-Атасуйской СЭЗ устанавливаются указом Президента Республики Казахстан.
      Нормативы отчислений могут быть изменены с учетом итогов деятельности Жайрем-Атасуйской СЭЗ за предыдущий год указом Президента Республики Казахстан.
      Отчисления в вышестоящий бюджет производятся ежемесячно не позднее 10 числа месяца, следующего за отчетным периодом.
      19. Административный совет Жайрем-Атасуйской СЭЗ может учреждать целевые финансовые фонды, в том числе фонд экономического и социального развития Жайрем-Атасуйской СЭЗ, фонд социальной защиты населения, а также определять источники их формирования за счет свободных средств финансового фонда, отчислений и сборов неналогового характера.
      Целевые финансовые фонды Жайрем-Атасуйской СЭЗ также могут пополняться за счет займов, финансовых кредитов, добровольных взносов граждан и организаций, проведения торгов и иных коммерческих мероприятий, сумм штрафов за нарушение законодательства Республики Казахстан и хозяйственных договоров, заключенных Административным советом, арендных платежей и других поступлений.
      Средства целевых финансовых фондов Жайрем-Атасуйской СЭЗ аккумулируются на внебюджетных счетах в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан. Распорядителем средств целевых финансовых фондов является председатель Административного совета Жайрем-Атасуйской СЭЗ.
      20. Средства фонда экономического и социального развития Жайрем-Атасуйской СЭЗ направляются на финансирование мероприятий, предусмотренных программой развития Жайрем-Атасуйской СЭЗ; на создание и расширение мощностей по производству товаров народного потребления и оказание услуг населению, на подготовку кадров и другие цели, обусловленные существованием и развитием Жайрем-Атасуйской СЭЗ.
      21. Банковская деятельность на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ осуществляется в соответствии с банковским законодательством Республики Казахстан.
      22. На внутреннем ранке Жайрем-Атасуйской СЭЗ в обращении находится преимущественно национальная валюта Республики Казахстан. Использование иностранной валюты производится в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

                         VII. Налогообложение

      23. На территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ действует налоговая служба, входящая в единую налоговую систему Республики Казахстан. В своей деятельности органы налоговой службы руководствуются законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.
      Налогообложение на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ осуществляется в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.
      24. На хозяйствующие субъекты, зарегистрированные на территории специальной экономической зоны, распространяется льготный режим налогообложения в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.

                   VIII. Основы таможенного режима

      25. Территория Жайрем-Атасуйской СЭЗ рассматривается как находящаяся вне таможенной территории Республики Казахстан, на которой действует режим свободной таможенной зоны.
      Для осуществления таможенного контроля таможенными органами Республики Казахстан на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ действует Жайрем-Атасуйская таможня.
      Деятельность Жайрем-Атасуйской таможни регламентируется Указами Президента республики Казахстан, имеющими силу Закона, "О таможенном деле в Республике Казахстан" и "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан", настоящим Положением, а также Положением о Жайрем-Атасуйской таможне, деятельность Жайрем-Атасуйской таможни финансируется из средств финансового фонда Жайрем-Атасуйской СЭЗ.
      26. Ввозимые на территорию Жайрем-Атасуйской СЭЗ оборудование, сырье, материалы, а также другие товары, необходимые для выполнения производственных операций, освобождаются от взимания таможенных пошлин и налогов и применения мер экономической политики в порядке, определяемом нормативными правовыми актами Республики Казахстан по таможенному делу.
      27. Товары, полностью произведенные на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ или подвергнутые достаточной переработке в соответствии с критериями, установленными законодательством Республики Казахстан по таможенному делу, при их экспорте за пределы Республики Казахстан освобождаются от таможенных пошлин и применения мер экономической политики.
      28. При вывозе товаров с территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ на таможенную территорию Республики Казахстан и при вывозе товаров с территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ за пределы Республики Казахстан таможенные пошлины и налоги взимаются и меры экономической политики применяются в зависимости от происхождения товара.
      При ввозе товаров с территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ на таможенную территорию Республики Казахстан не облагаются таможенной пошлиной товары государств - участников Таможенного союза при наличии сертификата о происхождении товара по установленной форме, а также товары, полностью произведенные на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ или подвергнутые достаточной переработке в соответствии с критериями, установленными законодательством Республики Казахстан по таможенному делу.
      29. Таможенное оформление товаров, ввозимых на территорию Жайрем-Атасуйской СЭЗ и предназначенных для экспорта за пределы Республики Казахстан в соответствии с режимом экспорта, осуществляется без взимания таможенных пошлин и налогов и применения мер экономической политики в порядке, определяемом нормативными актами по таможенному делу.
      30. При возвращении товаров, подлежащих экспорту за пределы Республики Казахстан с территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ на таможенную территорию Республики Казахстан, либо при неосуществлении фактического экспорта в течение установленных сроков уплачиваются таможенные пошлины и налоги, а также проценты с них по официальной процентной ставке рефинансирования, устанавливаемой Национальным Банком Республики Казахстан.
      31. Нарушение порядка, установленного законодательством Республики Казахстан по таможенному делу, а также настоящим Положением, ведет к применению мер ответственности, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

                        IХ. Трудовые отношения

      32. Административный совет с учетом ситуации на рынке труда Жайрем-Атасуйской СЭЗ поощряет деятельность хозяйствующих субъектов, привлекающих в приоритетном порядке, определяемом Административным советом, для работы на свои предприятия местные трудовые ресурсы и участвующих в их обучении и переквалификации.
      Приток рабочей силы в Жайрем-Атасуйскую СЭЗ контролирует служба по трудоустройству при Административном совете в соответствии с общей миграционной политикой Республики Казахстан.
      33. Трудовые отношения, включая вопросы найма и увольнения, режима труда и отдыха, социальных гарантий и компенсаций, на предприятиях Жайрем-Атасуйской СЭЗ регулируются коллективными договорами (соглашениями) и индивидуальными трудовыми договорами (контрактами), заключенными в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Условия коллективных и индивидуальных договоров не могут ухудшать положение работников предприятий и организаций, зарегистрированных и действующих на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, по сравнению с условиями, предусмотренными, законодательством Республики Казахстан.
      34. Условия и размеры оплаты труда, а также другие виды доходов работников устанавливаются хозяйствующими субъектами самостоятельно за счет собственных средств.
      Оплата труда, предоставление отпусков, пенсионное обеспечение иностранных граждан - работников предприятий, действующих на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ, осуществляются в соответствии с законодательством Республика Казахстан ия на основании соответствующих контрактов.

        Х. Порядок пребывания граждан в Жайрем-Атасуйской СЭЗ

      35. На территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ действует порядок въезда, выезда, транзита и пребывания иностранных граждан, лиц без гражданства и их транспортных средств, установленный законодательством Республики Казахстан, а также международными соглашениями, участником которых является Республика Казахстан, в части, не противоречащей законодательным актам Республики Казахстан.
      Для выполнения функций по оформлению въезда, выезда, транзита и пребывания иностранных граждан и лиц без гражданства, а также их транспортных средств на территории Жайрем-Атасуйской СЭЗ центральными исполнительными органами создаются отдельные подразделения соответствующих государственных органов.
      36. Юридические лица, зарегистрированные в Жайрем-Атасуйской СЭЗ, имеют право самостоятельно принимать решение по приглашению иностранных граждан и командированию своих работников за рубеж по служебным делам в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

                     ХI. Заключительные положения

      37. Жайрем-Атасуйская СЭЗ упраздняется по истечении срока, на который она была создана.
      При упразднении Жайрем-Атасуйской СЭЗ ее Административный совет направляет в Правительство и Президенту Республики Казахстан отчет о своей деятельности, а в случае целесообразности - и обоснованную просьбу о продлении статуса специальной экономической зоны на дополнительной срок.
      38. По истечении срока функционирования Жайрем-Атасуйской СЭЗ председатель Административного совета письменно сообщает об ее упразднении органу юстиции, проводившему государственную регистрацию Административного совета, для внесения в государственный регистр юридических лиц сведений о том, что Жайрем-Атасуйская СЭЗ находится в процессе упразднения.
      Одновременно председатель Административного совета помещает в местных и центральных органах печати публикацию об упразднении Жайрем-Атасуйской СЭЗ, о порядке и сроке заявлений претензий кредиторами ее Административного совета.
      Упразднение Жайрем-Атасуйскоя СЭЗ считается завершенным после внесения соответствующей записи в государственный регистр юридических лиц. Упразднение Жайрем-Атасуйской СЭЗ производится не позднее шести месяцев со дня истечения срока ее функционирования.
      39. В случае принятия Президентом Республики Казахстан решения о досрочном упразднении Жайрем-Атасуйской СЭЗ процедура упразднения производится в порядке, предусмотренном пунктом 38 настоящего Положения.
      40. Условия, установленные настоящим Положением, могут изменяться Указом Президента Республики Казахстан.