1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Бiлiм және мәдениет министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы ЮНЕСКО мен Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның жобасын Ұлы Жiбек жолының қазастандық бөлiгi бойынша қоса атқарушысымен ("Жiбек жолы" компаниясымен) бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының "Жiбек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыру, дамыту, туризм инфрақұрылымын құру" мемлекеттiк бағдарламасының жобасын 1997 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
2. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жезқазған, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi және Алматы қаласының әкiмi осы Жарлықтың 1-тармағында аталған мемлекеттiк бағдарлама жобасының iске асырылуына жәрдем жасалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасының "Жiбек жолы" Ұлттық комитетiнiң құрамын қайта қарап, оның қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде:
бiрегей туристiк әуелет пен тарихи-мәдени мұраны кеңiнен насихаттау мен сақтауды ұйымдастыруға;
туризм саласында экономикалық реформаларды тереңдетуге;
әлемдiк стандарттар деңгейiнде шағын мейманханалар, қонақ үйлер, мотельдер мен кемпингтер желiсiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысты үйлестiруге;
осы заманғы мәдени және спорт-сауықтыру орталықтарын құруға жәрдемдесуге;
туризм саласында кадрларды даярлау мен қайта даярлауға бағытталған шаралар қолдансын;
2) бюджетте мәдениеттi дамытуға көзделген қаражат шегiнде Алматы қаласында көшпендi өркениеттiң мұражайы және Алматы облысында "Талғыз" туристiк Мәдени-этнографиялық кешенiн құратын болсын;
3) ЮНЕСКО мен Бүкiлдүниежүзiлiк Туристiк ұйымның аясында
өткiзiлетiн Ұлы Жiбек жолын жаңғырту мен кешендi зерттеу мәселелерiне арналған халықаралық форумдарға, конференцияларға, симпозиумдарға Қазақстан Республикасы делегациясының әзiрленуi мен қатысуын қамтамасыз етсiн. 4) Осы Жарлық оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi