"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күшi бар N 2694 Жарлығының U952694_ 10-бабының 1-тармағына сәйкес және республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстерге байланысты қаулы етемiн: 1. Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандық соттары таратылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi