Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2005.05.16 N 1572 Жарлығымен.

      Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылында Қазақстан Республикасының азаматтарын - қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң 1945 жылдың 3 қыркүйегiнен 1993 жылдың 20 қаңтарына дейiнгi кезеңде әскери қызметшiлердi әлеуметтiк қорғау туралы заңдарда белгiленген сақтандыру сомаларын алмаған ата-аналарын, асырап алушыларын, қамқоршыларын әлеуметтiк қолдау мақсатында қаулы етемiн:

      1. Бiр жолғы төлем төлеу: 
      шақыру бойынша әскери қызметiн өткеру кезеңiнде қаза тапқан немесе алынған жарақаттың, контузияның, зақымның, науқастың зардабынан әскери қызметтен босағаннан кейiн қайтыс болған (олар құқыққа қарсы әрекеттерi салдарынан қайтыс болған оқиғаларды қоспағанда) әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген есептiк көрсеткiштiң осы Жарлық күшiне енген күнгi 150 еселенген көлемi мөлшерiнде; 
      әскери қимылдарда қаза тапқан, қайтыс болған (олар құқыққа қарсы әрекеттерi салдарынан қайтыс болған оқиғаларды қоспағанда) әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген есептiк көрсеткiштiң осы Жарлық күшiне енген күнгi 200 еселенген көлемi мөлшерiнде жүргiзiлсiн.

      2. Былай деп белгiленсiн: 
      1) екi немесе одан көп әскери қызметшiлер қаза тапқан, қайтыс болған жағдайда бiр жолғы төлем төлеу әрбiр әскери қызметшi үшiн жүргiзiледi; 
      2) қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының қайтыс болуына байланысты төленбеген бiр жолғы төлем мұраға қалдырылмайды.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
      1) 10 күндiк мерзiмде бiр жолғы төлем төлеудi жүзеге асырудың тәртiбiн бекiтетiн болсын;
      2) осы Жарлықта көзделген бiр жолғы төлем төлеудi республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен 1997 жылдың аяғына дейiн жүзеге асырсын.

      4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О единовременных выплатах родителям, усыновителям, опекунам погибших, умерших военнослужащих

УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН от 16 сентября 1997 г. N 3636. Утратил силу - Указом Президента РК от 16 мая 2005 г. N 1572 (U051572)

      В Год общенационального согласия и памяти жертв политических репрессий, в целях социальной поддержки граждан Республики Казахстан - родителей, усыновителей, опекунов погибших, умерших военнослужащих, не получивших в период с 3 сентября 1945 года по 20 января 1993 года установленные законодательством о социальной защите военнослужащих страховые суммы, ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Произвести единовременные выплаты родителям, усыновителям, опекунам военнослужащих (далее - единовременные выплаты):
      погибших, умерших в период прохождения военной службы по призыву или после увольнения вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных при прохождении военной службы (за исключением случаев, когда смерть наступила в результате их противоправных действий), в размере 150-кратной величины расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 1997 год" на день вступления настоящего Указа в силу;
      погибших, умерших в период боевых действий (за исключением случаев, когда смерть наступила в результате их противоправных действий), в размере 200-кратной величины расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан Z960059_ "О республиканском бюджете на 1997 год" на день вступления настоящего Указа в силу.
      2. Установить, что:
      1) в случае гибели, смерти двух или более военнослужащих единовременные выплаты производятся за каждого военнослужащего;
      2) единовременные выплаты, не выплаченные в связи со смертью родителей, усыновителей, опекунов погибших, умерших военнослужащих, не наследуются.
      3. Правительству Республики Казахстан:
      1) в 10-дневный срок утвердить порядок осуществления единовременных выплат;
      2) предусмотренные настоящим Указом единовременные выплаты осуществить до конца 1997 года за счет средств республиканского бюджета.
      4. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.

      Президент
Республики Казахстан