Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күшi бар N 2694 U952694_ Жарлығының 50-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
1. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894 U962894_ Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мына сөздер алынып тасталсын:
"Колпаков Константин Анатольевич - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi;
Мостович Александр Эдуардович - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының депутаты;
Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы - Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi
бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Шуткин Степан Иванович - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры;
2) мына сөздермен толықтырылсын:
"Ескендiров Қайролла Ғазизұлы - Қазақстан Республикасының
Парламентi Сенатының депутаты;
Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы - Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрi;
Хитрин Юрий Александрович - Қазақстан Республикасының Бас
Прокуроры";
3) "Семиозер", "Талдықорған" сөздерi тиiсiнше "Әулиекөл",
"Алматы" сөздерiмен алмастырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi