Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын тек мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады деп белгіленсін.
2. Мемлекеттік орган мәртебесі жоқ мемлекеттік кәсіпорындар мен басқа да ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге тыйым салынсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және өзге де мемлекеттік органдар екі апта мерзімде:
1) бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) ведомостволық тұрғыдан мемлекеттік органдарға қарасты заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын осы заңды тұлғаларға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру құқығын беруді көздейтін ережелерін алып тастау тұрғысында қайта қарауды қамтамасыз етсін;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын тек мемлекеттік органдардың жүзеге асыруы мүмкіндігін;
мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға бергені үшін заң жүзіндегі жауапкершілігін көздейтін заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізсін.
3-1. Осы Жарлықтың қолданысы "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Ескерту. Жарлық 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 183 Жарлығымен.4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті