Қазақстан Республикасы Конституциясының
44-бабының 13)
тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 15 қазандағы
N 3677
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының соттары
судьяларының біліктілік сыныптары туралы ережеге сәйкес қаулы етемін:
1. Судья жоғары біліктілік сыныбы:
Карпенко Валентина Дмитриевнаға - Ақтөбе облыстық сотының судьясы
Қыдырбаев Қуанышбайға - Алматы облыстық сотының
шаруашылық істер жөніндегі
сот алқасының төрағасы
Тохметов Болат Тохметұлына - Алматы қалалық сотының судьясы
берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.