Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.03.2013 N 523 (26.03.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.03.2013 N 523 (26.03.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
N 317 Жарлығымен      
бекітілген        

  Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілім алынып тасталды - ҚР Президентінің 07.03.2013 N 523 (26.03.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
N 317 Жарлығымен      
бекітілген        

Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік
жазалар қолдану туралы
Ереже

      Ескерту. Ереженің атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.12.28 N 501 (2008.01.01 бастап күшіне енеді) Жарлығымен.

1. Осы Ережеде қолданылатын түсініктер

      1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің (бұдан әрі - қызметшілер) тәртіптік жауапкершілігі - олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін қызметшілерге қолданылатын заңдық жауапкершіліктің түрі.

      2. Тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) - құқыққа қайшы, қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамау кінәсі не тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлер қызмет этикасының қағидаларын) бұзуы (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi), тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін сақтамауы болып табылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) - мемлекеттік қызметшіге теріс қылық жасағаны үшін жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттік орган қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы.

2. Тәртіптік жазалардың түрлері

      4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауды қоспағанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес қызметшілерге тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жазаның мынадай түрлері қолданылуы мүмкін:
      1) ескерту;
      2) сөгіс;
      3) қатаң сөгіс;
      4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
      5) лауазымын төмендету;
      6) атқаратын лауазымынан босату.
      Тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге мынадай тәртiптiк жазаның түрлері қолданылады:
      1) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
      2) лауазымын төмендету;
      3) атқаратын лауазымынан босату.
      Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.
      Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.
      Атқаратын лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша қолданылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Жасалғаны үшін заңда көзделген өзгедей жауаптылыққа әкеп соғатын әрекет үшін жаза қолданылмайды.

      6. Жазалар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) мемлекеттік саяси қызметшілердің жеке ісіне енгізу арқылы есепке алуға тиіс.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Жаза қолданудың шарты

      7. Жаза кінәлі адамның кінәсінің нысаны мен дәрежесіне, жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келуге тиіс.

      8. Тәртіптік жазаның түрін анықтау кезінде:
      1) теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
      2) теріс қылық жасалған кездегі жағдай;
      3) жасалған теріс қылық әкеп соққан немесе соғуы мүмкін
келеңсіз зардаптар;
      4) оны жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы;
      5) мемлекеттік қызмет өтілі (стажы);
      6) қызметшінің жеке басын сипаттайтын басқа да жағдайлар
есепке алынады.

      9. Жаза теріс қылықты бірнеше қызметшілер бірлесіп жасаған
жағдайда әрбір қызметшіге жеке қолданылады.

      10. Жасалған теріс қылық үшін тек бір ғана жаза қолданылады.

4. Жаза қолданатын субъектілер мен тәртібі

      11. Қызметшілерге жазаны заңдарда көзделген өкілеттіктеріне сәйкес жаза қолдануға құқығы бар жоғары тұрған лауазымды адамдар немесе мемлекеттік органдар қолданады.

      12. Жазаны:
      1) Мемлекет басшысы тағайындаған қызметшілерге ол өз бастамашылығымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының, Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың ұсынысы бойынша қолданады;
      2) Әкімшілік басшысы тағайындаған Президент Әкімшілігінің қызметшілеріне - Әкімшілік басшысы өз бастамашылығымен немесе Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары бойынша қолданады;
      3) Премьер-Министр Кеңсесі мен орталық атқарушы органдардың қызметшілеріне - Үкімет немесе Премьер-Министр өз бастамашылығымен не тиісінше Кеңсе басшысының, Үкіметтің өзге мүшелерінің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша қолданады;
      4) Парламент Палаталары аппараттарының қызметшілеріне - осы Палаталардың Бюролары Палаталар Төрағаларының ұсыныстары бойынша қолданады;
      5) жергілікті атқарушы органдардың қызметшілеріне - осы атқарушы органдардың жоғары тұрған басшылары қолданады;
      5-1) алып тасталды - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6) өзге мемлекеттік саяси қызметшілерге - өз бастамашылығымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсыныстары бойынша мемлекеттік органдардың басшылары қолданады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2011.05.02 N 67 (қолданысқа енгізілу тәртібін 8-т. қараңыз); 16.08.2013 № 616 (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      13. Тәртіптік жаза қолдануға дейін қызметтік тексеру жүргізілуі мүмкін. Кінәліден теріс қылық жасағаны туралы жазбаша түсініктеме талап етіліп алынуға тиіс.

      14. Кінәлінің түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.

      15. Жаза қолданылған адамды тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қолданылған жаза туралы қолын қойдырып хабардар етеді.
      Тәртіптік жаза қолдану туралы актімен жаза қолданылған адамды таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оған актінің көшірмесін хабарламалы хатпен жолдайды.
      Жаза қолданылған адам тәртіптік жаза қолдану туралы актімен танысудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тиісті акт жасайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16. Жаза қызметшіге тиісті мемлекеттік органның, оның алқасының отырысында немесе тізбесін осы жазаны қолданған лауазымды адам айқындаған қызметшілердің қатысуымен жариялануы мүмкін.

      16-1. Тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзуға байланысты терiс қылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер және олардың орынбасарлары жол берген Ар-намыс кодексiнің бұзылуын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия) қарайды, ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсынымды, сондай-ақ лауазымды адамдарды лауазымынан босатуға дейiнгі тәртiптiк жауаптылығы туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
      Тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзуға байланысты теріс қылықтарды, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері жол берген қызметтік этиканың және Ар-намыс кодексінің бұзылуын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері қарайды, олар қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдарды лауазымынан босатуға дейінгі тәртіптік жауаптылығы туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
      Қызметтік тексеру тәртіптік жаза қолдануға уәкiлеттi адамның тапсырмасы бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2002.06.21 N 895 Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.

      17. Жазаны қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

5. Жаза қолдану мерзімдері

      18. Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      18-1. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс тоқтатылған, бiрақ қызметшiнiң iс-әрекетiнде тәртiптiк терiс қылық болған жағдайда жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тартылғаны не
қылмыстық iс тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2002.06.21 N 895 Жарлығымен.

6. Жаза қолдану туралы актілер

      19. Жаза мынадай актілер шығару жолымен қолданылады:
      1) Республика Президентінің Жарлығы немесе өкімі;
      2) Республика Үкіметінің қаулысы;
      3) Республика Премьер-Министрінің өкімі;
      4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге уәкілетті лауазымды адамдардың бұйрықтары немесе заңдарда көзделген өзге актілер.

      20. Жаза қолдану туралы актіде, жасалғаны үшін жаза қолданылып отырған теріс қылық, жазаның түрі және ол қолданылатын адам көрсетіледі.

      20-1. Жаза қолдану туралы мәлiметтер мен актілерді мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) қызметшiнiң қызметтік тiзiмiне енгiзу арқылы есепке алуы тиіс.
      Тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған қызметшiлерге мемлекеттiк орган басшысы қолданған жазалар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкілеттi органға персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) мiндеттi түрде табыс етуi тиiс.
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2002.06.21 N 895 Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

7. Жазаны алып тастау

      21. Егер жаза қолданылған күннен бастап бір жыл ішінде қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда оған тәртіптік жаза қолданылмаған болып есептеледі.

      22. Қызметшіге бірнеше жаза қолданылған жағдайда мерзімі бойынша соңғы жаза қолданылған күннен бастап ол бір жыл өткенге дейін жазалы болып есептеледі.

      23. Егер қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және сонымен қатар өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, жаза бір жыл өткенге дейін алынуы мүмкін.

      24. Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымды міндеттері тоқтатылған күнге дейін алынбаған жаза осы міндеттер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледі.

      25. Жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды:
      1) оны қолданған лауазымды адам (мемлекеттік орган) немесе жоғары тұрған лауазымды адам (мемлекеттік орган) жүргізеді;
      2) ол тиісті актімен жүргізіледі, бұл туралы қызметшіге тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жариялайды.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 16.08.2013 № 616 Жарлығымен (алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      26. Жазаны мерзімінен бұрын алып тастау үшін жаза қолданылған қызметшінің тікелей басшысы инстанция бойынша тиісті өтініш жолдайды.

      26-1. Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау, егер ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымымен қолданылған болса, тек оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2002.06.21 N 895 Жарлығымен.

8. Мемлекеттік саяси қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған кездегі олардың құқық кепілдіктері

      27. Мемлекеттік саяси қызметші өзін тәртіптік жауапкершілікке тартуға байланысты құжаттармен танысуға, заңдарда белгіленген тәртіппен өзіне қолданылған жаза туралы жоғары мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым жасауға хақылы.

      28. Осы кепілдіктер Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы оның шешімдеріне қолданылмайды.

Об утверждении Правил наложения дисциплинарных взысканий на политических государственных служащих

Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 1999 года N 317. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 29.12.2015 № 152 (вводится в действие с 01.01.2016).

      Сноска. Заголовок в редакции Указа Президента РК от 07.03.2013 № 523 (вводится в действие с 26.03.2013).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе" постановляю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила наложения дисциплинарных взысканий на политических государственных служащих.
      Сноска. Пункт 1 в редакции Указа Президента РК от 07.03.2013 № 523 (вводится в действие с 26.03.2013).

      2. Настоящий Указ вступает в силу с 1 января 2000 года.

      Президент
      Республики Казахстан

Утвержден         
Указом Президента     
Республики Казахстан    
от 29 декабря 1999 года N 317

Реестр
должностей политических
государственных служащих

      Сноска. Реестр исключен Указом Президента РК от 07.03.2013 № 523 (вводится в действие с 26.03.2013).

                                                Утверждены
                                            Указом Президента
                                           Республики Казахстан
                                       от 29 декабря 1999 года N 317

Правила
наложения дисциплинарных взысканий
на политических государственных служащих

      Сноска. Заголовок Правил с изменением, внесенным Указом Президента РК от 28.12.2007 N 501 (вводится в действие с 01.01.2008).

          1. Понятия, используемые в настоящих Правилах
 
      1. Дисциплинарная ответственность политических государственных служащих (в дальнейшем - служащие) есть вид юридической ответственности, которую несут служащие за совершение дисциплинарных проступков при исполнении ими служебных обязанностей.

      2. Дисциплинарный проступок (далее – проступок) есть противоправное, виновное неисполнение или ненадлежащее исполнение служащими возложенных на них обязанностей, превышение должностных полномочий, нарушение государственной и трудовой дисциплины, нарушение Кодекса чести государственных служащих Республики Казахстан (Правил служебной этики государственных служащих) (далее – Кодекс чести), совершение коррупционного правонарушения, наказуемого в дисциплинарном порядке, а равно несоблюдение установленных Законом Республики Казахстан "О государственной службе" ограничений, связанных с пребыванием на государственной службе, и (или) обязанностей государственных служащих.
      Сноска. Пункт 2 в редакции Указа Президента РК от 16.08.2013 № 616.

      3. Дисциплинарное взыскание (в дальнейшем - взыскание) есть мера дисциплинарной ответственности, которая может быть наложена на служащего вышестоящим должностным лицом или государственным органом за совершение проступка.

                       2. Виды взысканий

      4. За совершение дисциплинарного проступка, за исключением коррупционного правонарушения, на служащих в соответствии со статьей 28 Закона Республики Казахстан "О государственной службе" могут налагаться следующие виды взысканий:
      1) замечание;
      2) выговор;
      3) строгий выговор;
      4) предупреждение о неполном служебном соответствии;
      5) понижение в должности;
      6) увольнение с занимаемой должности.
      За совершение коррупционного правонарушения, влекущего дисциплинарную ответственность, на государственного служащего налагаются следующие виды дисциплинарных взысканий:
      1) предупреждение о неполном служебном соответствии;
      2) понижение в должности;
      3) увольнение с занимаемой должности.
      Дисциплинарное взыскание в виде предупреждения о неполном служебном соответствии налагается при отсутствии возможности наложения дисциплинарного взыскания в виде понижения в должности.
      Дисциплинарное взыскание в виде понижения в должности налагается при наличии вакантной нижестоящей государственной должности и соответствии государственного служащего квалификационным требованиям, установленным к данной должности.
      Дисциплинарное взыскание в виде увольнения с занимаемой должности налагается по основаниям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан о борьбе с коррупцией.
      Сноска. Пункт 4 в редакции Указа Президента РК от 16.08.2013 № 616.

      5. Взыскание не может быть наложено за деяние, совершение которого влечет иную ответственность, предусмотренную законом.

      6. Сведения о взысканиях подлежат учету путем занесения в личные дела политических государственных служащих службами управления персоналом (кадровыми службами) государственных органов.
      Сноска. Пункт 6 в редакции Указа Президента РК от 16.08.2013 № 616.

                   3. Условия наложения взыскания

      7. Взыскание должно соответствовать форме и степени вины провинившегося лица, тяжести совершенного проступка.

      8. При определении вида дисциплинарного взыскания учитываются:

      1) содержание и характер проступка;

      2) обстоятельства, при которых проступок совершен;

      3) негативные последствия, которые повлек или мог повлечь совершенный проступок;

      4) прежнее поведение лица, его совершившего;    

      5) стаж государственной службы;

      6) иные обстоятельства, характеризующие личность служащего.

      9. Взыскания при совершении проступка, совершенного совместно несколькими служащими, налагаются отдельно на каждого служащего.

      10. За совершенный проступок налагается только одно взыскание.

           4. Субъекты и порядок наложения взысканий

      11. Взыскания на служащих налагаются вышестоящими должностными лицами или государственными органами, обладающими правом налагать взыскания в соответствии с предусмотренными законодательством полномочиями.

      12. Взыскания на служащих:

      1) назначаемых Главой государства, налагаются им по собственной инициативе или по представлениям непосредственных руководителей этих служащих, иных уполномоченных Главой государства должностных лиц или государственных органов;

      2) Администрации Президента, назначаемых Руководителем Администрации - Руководителем Администрации по собственной инициативе или по представлениям руководителей структурных подразделений Администрации Президента;

      3) Канцелярии Премьер-Министра и центральных исполнительных органов - Правительством или Премьер-Министром по собственной инициативе либо по представлениям соответственно руководителя Канцелярии, иных членов Правительства, руководителей центральных исполнительных органов, не входящих в состав Правительства;

      4) аппаратов Палат Парламента - Бюро этих Палат по представлениям Председателей Палат;

      5) местных исполнительных органов - вышестоящими руководителями этих исполнительных органов;

      5-1) исключен Указом Президента РК от 16.08.2013 № 616;

      6) иных политических государственных служащих - руководителями государственных органов по собственной инициативе или по представлениям непосредственных руководителей этих служащих.
      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 02.05.2011 № 67 (порядок введения в действие см. п. 8); от 16.08.2013 № 616.

      13. До наложения дисциплинарного взыскания может быть проведено служебное расследование. От виновного в совершении проступка должно быть истребовано письменное объяснение.

      14. Отказ виновного дать объяснение не может служить препятствием для наложения взыскания.

      15. О наложенном взыскании лицо, подвергнутое взысканию, ставится в известность службой управления персоналом (кадровой службой) соответствующего государственного органа под роспись.
      В случае невозможности ознакомить с актом о наложении дисциплинарного взыскания лицо, подвергнутое взысканию, служба управления персоналом (кадровая служба) направляет ему копию акта письмом с уведомлением.
      Если служащий отказывается ознакомиться с актом о наложении дисциплинарного взыскания службой управления персоналом (кадровой службой) составляется соответствующий акт.
      Сноска. Пункт 15 в редакции Указа Президента РК от 16.08.2013 № 616.

      16. Взыскание может быть объявлено служащему на заседании соответствующего государственного органа, его коллегии или в присутствии служащих, перечень которых определяется должностным лицом, наложившим это взыскание.

      16-1. Проступки, связанные с нарушениями антикоррупционного законодательства Республики Казахстан, влекущими дисциплинарную ответственность, а также нарушениями Кодекса чести, допущенными политическими государственными служащими, назначаемыми Президентом Республики Казахстан, и их заместителями, рассматриваются Комиссией при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией (далее - Комиссия по вопросам борьбы с коррупцией), которая вправе вносить рекомендации о проведении служебного расследования, а также предложения о дисциплинарной ответственности должностных лиц вплоть до увольнения с занимаемой должности.
      Проступки, связанные с нарушениями норм антикоррупционного законодательства Республики Казахстан, влекущими дисциплинарную ответственность, а также нарушениями служебной этики и Кодекса чести, допущенными акимами городов, являющихся административными центрами областей, рассматриваются дисциплинарными советами Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в городах Астане и Алматы, областях, которые вправе вносить рекомендации о проведении служебного расследования, а также предложения о дисциплинарной ответственности должностных лиц вплоть до их увольнения С занимаемой должности.
      Служебное расследование проводится по поручению лица, уполномоченного налагать дисциплинарные взыскания.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 16-1 в соответствии с Указом Президента РК от 21.06.2002 N 895; в редакции Указа Президента РК от 16.08.2013 № 616; с изменением, внесенным Указом Президента РК от 29.08.2014 № 900.
      17. Обжалование решения о наложении взыскания не приостанавливает приведение его в исполнение.

                   5. Сроки наложения взыскания
 
      18. Дисциплинарное взыскание налагается не позднее одного месяца со дня обнаружения проступка и не может быть наложено позднее шести месяцев со дня совершения проступка.
      Дисциплинарное взыскание за совершение коррупционного правонарушения либо правонарушения, создающего условия для коррупции, налагается не позднее трех месяцев со дня обнаружения проступка и не может быть наложено позднее одного года со дня совершения проступка.
      Дисциплинарное взыскание за нарушения бюджетного законодательства Республики Казахстан налагается не позднее трех месяцев со дня обнаружения проступка и не может быть наложено позднее одного года со дня совершения проступка.
      В случае отказа в возбуждении уголовного дела либо прекращения уголовного дела, но при наличии в деяниях лица признаков коррупционного дисциплинарного проступка, дисциплинарное взыскание может быть наложено не позднее трех месяцев со дня принятия решения об отказе в возбуждении уголовного дела либо его прекращения, но не позднее одного года со дня совершения проступка.
      Сноска. Пункт 18 в редакции Указа Президента РК от 16.08.2013 № 616.
      18-1. В случае отказа в возбуждении уголовного дела либо прекращения уголовного дела, но при наличии в действиях служащего признаков дисциплинарного проступка взыскание может быть наложено не позднее одного месяца со дня принятия решения об отказе в возбуждении уголовного дела либо его прекращении.
     Сноска. Положение дополнено пунктом 18-1 в соответствии с Указом Президента РК от 21.06.2002 N 895.

                  6. Акты о наложении взысканий
 
      19. Взыскания налагаются путем издания следующих актов:
      1) указа или распоряжения Президента Республики;
      2) постановления Правительства Республики;
      3) распоряжения Премьер-Министра Республики;
      4) приказов или предусмотренных законодательством иных актов руководителей центральных и местных исполнительных органов и иных уполномоченных должностных лиц.
      20. В акте о наложении взыскания указываются проступок, за совершение которого налагается взыскание, вид взыскания и лицо, на которое оно налагается.
      20-1. Сведения и акты о взысканиях подлежат учету службой управления персоналом (кадровой службой) государственного органа путем занесения в послужной список служащего.
      Сведения о взысканиях, наложенных руководителем государственного органа на служащих, совершивших коррупционные правонарушения, влекущие дисциплинарную ответственность, подлежат обязательному представлению службой управления персоналом (кадровой службой) в уполномоченный орган по правовой статистике и специальным учетам.
      Сноска. Положение дополнено пунктом 20-1 в соответствии с Указом Президента РК от 21.06.2002 N 895; в редакции Указа Президента РК от 16.08.2013 № 616.

                     7. Снятие взыскания
 
      21. Если в течение года со дня наложения взыскания служащий не будет подвергнут новому взысканию, то он считается не подвергавшимся дисциплинарному взысканию.
      22. В случае наложения на служащего нескольких взысканий он считается имеющим взыскание до истечения годичного срока со дня наложения последнего по времени взыскания.
      23. Взыскание может быть снято до истечения года, если служащий не совершил нового проступка и при этом проявил себя как добросовестный работник.
      24. Взыскание, не снятое ко дню прекращения должностных обязанностей политическим государственным служащим, считается снятым со дня прекращения этих обязанностей.
      25. Досрочное снятие взыскания производится:
      1) наложившим его должностным лицом (государственным органом) или вышестоящим должностным лицом (государственным органом);
      2) соответствующим актом, о чем служащему объявляется службой управления персоналом (кадровой службой) соответствующего государственного органа.
      Сноска. Пункт 25 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 16.08.2013 № 616.
      26. Для досрочного снятия взыскания непосредственный руководитель служащего, на которого взыскание было наложено, направляет соответствующее ходатайство по инстанции.
      26-1. Досрочное снятие взыскания за совершение коррупционного правонарушения, влекущего дисциплинарную ответственность, если оно наложено по рекомендации Комиссии по вопросам борьбы с коррупцией, производится только по согласованию с ней.
     Сноска. Положение дополнено пунктом 26-1 в соответствии с Указом Президента РК от 21.06.2002 N 895.

8. Гарантии прав политических
государственных служащих при привлечении
их к дисциплинарной ответственности

      27. Политический государственный служащий вправе знакомиться с документами, связанными с привлечением его к дисциплинарной ответственности, обжаловать в установленном законодательством порядке наложенное на него взыскание в вышестоящем государственном органе, у вышестоящего должностного лица либо в суде.
      28. Настоящие гарантии не распространяются на решения Президента Республики Казахстан о привлечении к дисциплинарной ответственности государственных служащих, назначаемых им на должность и освобождаемых им от должности.