-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы N 25 (тіркелген N 1068) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 1 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 және 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 12 қаулысына сәйкес, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың кейбір шешімдерін ескере отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "2000 жылға арналған бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
V991058_
бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
бюджет кірістерінің жіктемесінде:
"107101 Берешектің түсуі" деген жол:
"107101 Берешектің республикалық бюджетке түсуі
107102 Берешектің жергілікті бюджетке түсуі" деген жолдармен ауыстырылсын;
бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде:
"2.2105.32.34 Шұғыл қимыл жасау отряды" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2.2.105.32.35 Төтенше жағдайларды жою жөніндегі шаралар";
"3.1.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы
7.1.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы
7.2.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы
7.3.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы
7.4.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы
7.5.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы
7.6.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы
12.1.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы
13.9.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"3.1.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы
7.1.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы
7.2.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы
7.3.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы
7.4.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы
7.5.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы
7.6.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы
12.1.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы
13.9.274 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы";
"5.4 Емханалар" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"5.4.251 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер атқарушы органы
5.4.251.32 Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне амбулаторлық-емханалық ұйымдарда медициналық көмек көрсету";
"5.5.251.31 Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"5.5.251.31 Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне стационарлық медициналық көмек көрсету";
"6.1.263.33.31 Отбасылық үлгідегі балалар үйлерін және асыраушы отбасыларын субсидиялау" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"6.1.263.33.31 Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған, отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен асыраушы отбасыларындағы балаларды мемлекеттік қолдау";
"13.9.105.57 Жылжымайтын мүлікті бағалауды қамтамасыз ету" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы