Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларды кедендiк бағалау жүйесiн алдағы уақытта жетілдiру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
орындау үшiн
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларды бағалау жүйесiн қолдану туралы Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын резервтiк әдiс бойынша анықтау кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi беретiн бағалық ақпарат қолданылсын.
3. Кедендiк кiрiстер Бас басқармасы (Б. Жұмабеков) кеден органдарын кедендiк жүк декларациясының базасында жасалған тоқсандық бағалық ақпаратпен қамтамасыз етсiн.
4. Бас кеден басқармаларының, кеден басқармаларының және кедендердiң бастықтары:
- "Тауарларды еркiн айналым үшiн шығару" режимiнде кедендiк ресiмдеуден өткен барлық тауарлар жөнiндегi бағалық ақпаратты әрбiр төртiншi күнтiзбелiк айдың 5 күнiне Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне жiберсiн;
- осы бұйрықтың талаптарын барлық құрылымдық бөлiмшелерге және мүдделi тұлғаларға жеткiзсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 жылғы 4 шілдедегi N 174-П
V970352_
бұйрығы күшi жойылған деп танылсын.
6. Ұлттық қамтамасыз ету басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттiк кiрiс министрлігi Кеден комитетi Төрағасының орынбасары Д.Ә. Құнанбаевқа жүктелсiн.
8. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап 10 күннен кейiн күшiне енедi.
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің
2000 ж. 4 сәуір
N 117 бұйрығымен
бекітілді
1. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кедендiк құнды анықтау әдiсiн қолдана отырып тауарларды кедендiк ресiмдеу әкелiнетiн тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын растайтын құжаттарды мiндеттi тапсырумен жүзеге асырылады. Банктiк төлем құжаттары немесе жөнелткен елдiң экспорттық жүктiң кедендiк декларациясы мәлiмделген кедендiк құнды растайтын құжаттар болып табылады. Жеке тұлғалар үшiн төлем шоттар, чектер, квитанциялар, шетелдiк сауда мекемесiнiң анықтамасы мәлiмделген кедендiк құнды растайтын құжаттар болып табылады.
Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кедендiк құнды анықтау әдiсiн қолдану мүмкiн болмаған жағдайда келесi әдiстер рет-ретiмен қолданылады:
ұқсас тауарлармен жасалынатын мәмiле бағасы бойынша;
бiртектес тауарлармен жасалынатын мәмiле бағасы бойынша;
құнды шегеру;
құнды қосу;
резерв әдiсi.
Мағлұмдаушының көрсеткен кедендiк құнының дұрыстығын растайтын деректер болмаған жағдайда немесе мағлұмдаушының көрсеткен мәлiметтерi дұрыс емес немесе жеткiлiктi емес деп ойлайтын негiздер болған кезде ресiмдеушi кеден органы оның қолында бар бағалық ақпараттың негiзiнде (соның iшiнде ұқсас немесе бiр түрлi тауарлар бойынша бағалық ақпарат) кедендiк құнды анықтаудың әдiстерiн рет-ретiмен қолдана отырып, резервтiк әдiс бойынша өз бетiнше кедендiк құнды анықтайды.
2. Бағалық ақпарат жүктiң кедендiк мағлұмдамаларының статистикалық деректерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен жасалады.
3. Мәлiмделген кедендiк құнды нақтылау қажеттiгi туындаған кездерде мағлұмдаушы мағлұмдалушы тауарды кеден органында бар бағалық ақпараттан тарай отырып кеден органы жүзеге асырған тауардың шартты кедендiк бағалануына сәйкес ала алады.
4. Тауарларды шартты шығару кеден органының депозитiне кеден органымен жүзеге асырылған кедендiк бағалауға сәйкес тиiстi сомаларды енгiзе отырып немесе өкiлдi банктiң кепiлдемесi арқылы кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудi қамтамасыз етуiн тапсырған жағдайда жүзеге асырылады.
Кеден төлемдерi мен салықтарының тиiстi сомасын депозитке салу арқылы қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгiнiң 1999 жылғы N 1505
V991000_
бұйрығымен бекiтiлген Кеден төлемдерi мен салықтарының тиiстi сомасын депозитке салу арқылы қамтамасыз ету және оларды қайтару тәртiбi туралы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден органының депозитiне енгiзiлетiн кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасы Кедендiк құнды түзету - 1 (бұдан әрi - КҚТ-1) нысанын толтырумен кеден органы жүргiзген тауарлардың уақытша (шартты) кедендiк бағалауы мен мағлұмдаушының мәлiмдеген кедендiк құнының айырмасынан тарап есептеледi. Бұл жағдайда Кедендiк құн мағлұмдамасының (бұдан әрi - КҚМ) оң бетiнiң "Кеден белгiлерi үшiн" бағанында, кеден органының лауазымды тұлғасы: "КҚ нақтылануда. "___"___________ N ____________ уақытша КҚ. Түзету мерзiмi "___"______________", құзыретiне мәлiмделген кедендiк құнның дұрыстығын анықтау ететiн инспектордың жеке нөмiрлiк мөрiмен ресiмделетiн жазбасын жасайды. Ұқсас жазба Кедендiк жүк мағлұмдамасының (КЖМ) "С" бағанында да жасалады.
Мағлұмдаушының мәлiмделген кедендiк құнды растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейiн 60 күннен аспайтын мерзiмде кедендiк төлемдер мен салықтардың артық төленген сомаларын қайтару (немесе есепке алу) немесе КҚТ-1 нысанын толтыра отырып, жеткiлiксiз төленген сомаларды алу жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда, мағлұмдаушымен алғашқы рет мәлiмделген кедендiк құн банктiк төлем құжаттарымен немесе жөнелтушi елдiң экспорттық КЖМ-мен расталады, КҚТ-1 толтырылмайды. КҚТ-1-дiң "Кеден белгiлерi үшiн" бағанында "КҚ қабылданды" жазбасы жасалады және кедендiк құнды растау үшiн тапсырылған құжаттың N-i көрсетiледi. Ұқсас белгiлер КЖМ-ның "С" бағанында жасалады.
Мәлiмделген кедендiк құнды растайтын қажеттi құжаттарды тапсырмаған кезде белгiленген мерзiм өткеннен кейiн тауардың шартты бағасын қолдана отырып аударылған кеден төлемдерi мен салықтардың сомасы кеден органы лауазымды тұлғасының тауардың кедендiк құны қатысында соңғы шешiм болып табылатын КҚТ-1 толтыру жолымен бюджет кiрiсiне аударылады.
5. Бажсыз өткiзу нормасы бөлiгiнде жеке тұлғалардың тасымалдайтын тауарларын кедендiк бағалау, мәлiмделген кедендiк құнды растайтын құжаттарды тапсырмаған жағдайда, ресiмдеушi кеден органында бар бағалық ақпаратты қолдана отырып жүргiзiледi және кеден органының соңғы шешiмi болып табылады. Бұл кезде КҚТ-1 толтырылмайды.
6. КҚТ-1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 9 желтоқсандағы N 609
V991001_
бұйрығымен бекiтiлген өзгерiстердi есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 11 қазандағы N 141-П
V950145_
бұйрығымен бекiтiлген Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жүргiзiледi (Кедендiк құнды, кедендiк төлемдер мен салықтарды түзету нысанын толтыру ережелерi).
7. Шартты шығарылған тауарларды бақылауды жүзеге асыруды мынадай
мәлiметтердi көрсетумен тауардың кедендiк құнын растау қажеттiгiне
байланысты тауарларды шартты шығару жүзеге асырылған КЖМ-сын есепке алу
Журналын жүргiзе отырып, кедендiк кiрiстер (төлемдер) бөлiмi жүргiзедi:
1) КЖМ-ның нөмiрi;
2) мағлұмдаушы-тұлғаның атауы
3) тауардың атауы;
4) тауардың коды;
5) кедендiк ресiмдеу күнiне дәл келетiн шетел валютасының төлемi мен
бағамының коды;
6) кеден органының депозитiне енгiзiлген немесе өкiлдi банктiң
кепiлдемесi бойынша есептелген кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасы,
сондай-ақ КҚТ-1 N-i;
7) кедендiк құнды растауға белгiленген мерзiм;
8) шартты құнды қолдана отырып, кедендiк бағалау нәтижесiнде алынған
және бюджетке аударылған кедендiк төлемдер мен салықтар сомаларының
айырмасы, сондай-ақ КҚТ-1 N-i;
9) соңғы кедендiк бағалау
10) күні.
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.