Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007.10.24. N 506 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Z990389_ заңына сәйкес бұйырамын:
1. "Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының педагогикалық кеңесі қызметін ұйымдастыру қағидасы" бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ.А. Лекер) белгілі ретпен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
3. Облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттері) осы бұйрықты бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарының оқу орындарына мәлімдеп жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау вице-Министр Ә.С. Ахметовке жүктелсін.
Министрдің міндетін
атқарушы
Қазақстан Республикасы Білiм
және ғылым министрлiгiнiң
2000 жылғы сәуiр айының 25 күнгi
N 392 бұйрығымен бекiтiлген
1. Бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының (әрi қарай - оқу орны) педагогикалық кеңесi қызметiн ұйымдастыру туралы осы қағида Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" заңын орындау мақсатында мемлекеттiк білiм ұйымдарын алқалық басқару үшiн әзiрлендi.
2. Педагогикалық кеңестiң басты мiндеттерi
2. Педагогикалық кеңестің басты мiндеттерi болып табылатындар:
1) бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру орындарының барлық ұжымының бiрiгуiн жұмыс сапасын арттыру үшiн күшейту;
2) нарықтық еңбектiң сұранысының есебiне, республика экономикасының даму болжамына сәйкес мамандар дайындаудың сапасын әрдайым жетiлдiру;
3) оқушының дербес білiм және тәрбие алуына бағдар беруге көшу.
3. Педагогикалық кеңестiң құрамы
3. Бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының педагогикалық кеңесiнiң құрамына енетiндер: басшы (төраға), басшының орынбасарлары, бөлiм меңгерушiлерi, пәндiк (циклдiк) комиссияның бастықтары; дене-тәрбиесi, бастауыш әскери дайындық, оқыту мастерлерi; оқытушылар, кiтапхана меңгерушiсi, оқу-өндiрiстiк шеберханалардың және бөлiмшелердiң меңгерушiлерi, сонымен қатар өндiрiстiң, мекеменiң, оқушылардың және ата-аналардың өкілдерi.
Педагогикалық ұжымнан жiберiлген өкiл, оқытушылардың ұсынған кандидатурасы жиналыста жасырын дауыспен сайланады.
Өндiрiстiк мәжiлiсте қызметкер кеңес мүшесi болып жасырын дауыспен тағайындалады.
Кеңес мүшесiндегi оқушылар оқу топтарының жиналысында жасырын дауыспен сайланады (Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының 25%-i).
Кеңес құрамына колледждiң ата-аналар комитетi ұсынған ата-аналар енедi. Ведомстволық ұйымнан ұсынылатын кандидатураны осы кәсiпорынның алқалы ұйымы сайлайды.
Базалық кәсiпорыннан (2-3 адам) кеңес құрамына осы кәсiпорынның басшылығы ұсынған өте тәжiрибелi, iскер жетекшілерi кiредi.
Оқытушылар, қызметкерлер және басқа да санаттағы өкiлдiктердiң нормалары мен өкiлдiгi мерзiмдерi, нақты шарттарды есепке ала отырып оқу орнының Жарғысымен анықталады.
4. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына арналып бастауыш және орта кәсіптік оқу орнының басшысының бұйрығымен бекiтiледi. Педагогикалық кеңестiң құрамынан ашық дауыспен хатшы сайланады.
4. Педагогикалық кеңестiң құқы
5. Педагогикалық кеңес қарастырады:
1) бастауыш және орта кәсiптiк оқу орнының Қазақстан Республикасы Yкiметінiң қаулысын орындауы жолындағы шаралары; ереже, нұсқау, бұйрық сонымен қатар бастауыш және орта кәсiптiк білімдi мамандар дайындау туралы жоғарғы ұйымның бұйрығы мен нұсқауын iске асыру;
2) оқу-тәрбие және әдiстемелiк жұмыстар, барлық оқу түрлерiнің (күндiзгi, сырттай, т.б.) әдiстемесін жетілдiру;
3) бөлiмшелердiң, филиалдардың, қосымша оқу-бөлiмшелерiнiң жұмыстарының жағдайы;
4) оқу орнының оқу-тұрмыстық негiзiн дамыту жоспары;
5) оқу-тәрбиесi және әдiстемелiк жұмыстардың жоспары;
6) оқытушылардың, басшылардың, оқу-өндiрiстік шеберлерiнiң, оқу-қосалқы құрамының бiлiктiлiгiн көтеру мәселелерi;
7) мамандарды оқуға қабылдау және бiтiрту, сонымен қатар оқу орнының бiтiрушiлермен байланысы туралы мәселелерi;
8) семестрлiк, ауысу, мемлекеттiк емтихандар және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау жұмыстарын дайындау шаралары;
9) оқушылардың өндiрiстiк практикаларын ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерi;
10) оқушының тәртiп деңгейi, оның үлгерiміне, iшкi тәртiп, жатақхана ережесiн бұзылуына байланысты оқудан шығару, сонымен қатар жеке жағдайларда оқушыны оқу орнына қайтадан қабылдау;
11) оқу-тәрбие үдерiсiн компьютермен қамтамасыз ету жағдайы;
12) оқушылардың құрамын сақтау;
13) оқушының дербес білiм және тәрбие алуына бағдар беруге көшу;
14) нарықтық еңбектiң сұранысының есебiне, республика экономикасының даму болжамына сәйкес мамандар дайындаудың сапасын тұрақты жетілдiру.
6. Қажет болған жағдайда педагогикалық кеңесте жеке бiлiм қызметкерлерiнiң жұмыс iстейтiн оқу орнындағы атқаратын iсiне бiлiктiлiгiнiң сай екендiгі жөнiндегi мәселелер қаралады.
Жұмысы талқыланатын оқу орны қызметкерлерi педагогикалық кеңестiң мәжiлiсiне қатысуға құқы бар. Бұл жөнiнде қызметкерлер мәжiлiстiң болатын күнiнен 7 күн бұрын хабарлануға тиiс.
5. Педагогикалық кеңес iс-әрекетiнің ретi
7. Педагогикалық кеңестiң жұмысы оқу жылына әзiрленген жоспарға сәйкес жүргiзiледi, кеңестiң мәжiлiсiнде қарастырылады; бастауыш және орта кәсiптiк оқу орнының басшысымен бекiтiледi.
8. Педагогикалық кеңес оқу орнының басшысының тағайындаған уақытына сай кем дегенде айына бiр рет өткiзiледi. Педагогикалық кеңестiң мәжiлiсінде қаралатын сұрақтар жөнiнде орындалу мерзiмi және орындаушы, орындауға жауапты кiсiлер көрсетiлген шешiм шығарылады.
9. Педагогикалық кеңестiң шешiмi жәй дауыспен қабылданады және оқу орнының басшысы бекiткеннен кейiн күшiне енедi.
10. Педагогикалық кеңестің әрбір мүшесі кеңестің барлық мәжілісіне қатысуға міндетті, оның жұмысына белсене атсалысуға тиісті; өзіне берілген тапсырманы уақытында және дәл орындауы керек.
11. Педагогикалық кеңестің мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға кеңестің төрағасы және хатшысы қол қояды. Әрбір хаттамада кеңестің мәжілісінің күні, реті, қатысушылар саны, мәжіліс тақырыбы көрсетіледі. Талқыланатын сұрақ жөніндегі қабылданған шешім, баяндаманың анық және толық жазылуы хаттамада қамтамасыз етіледі. Педагогикалық кеңестің мәжілісінің хаттамасы оқу орнының іс қағаз тізбелерінде тұрақты сақталады және оқу орнын қабылдау, өткізу кездерінде акт бойынша тапсырылады.
12. Педагогикалық кеңестің төрағасы қабылданған шешімнің орындалуын жүйелі түрде тексеруді ұйымдастыруы керек және тексеру қорытындысын педагогикалық кеңестің талқылауына ұсынады.