1. "2000 жылға арналған бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2000 жылға арналған бірыңғай
бюджеттік сыныптамада: бюджет кірістері сыныптамасында: "201213 Лотерея өткізуден түскен кірістер түсімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "201214 Азаматтық кодексте көзделген жағдайларда коммуналдық меншікке өткен мүліктерді сатудан алынатын түсімдер". 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Оқығандар: Бағарова Ж.А. Икебаева А.Ж.