Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 304 бұйрығымен.
--------------Бұйрықтан үзінді------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (Шәженова Д.М.) бiр апта мерзiмде қабылданған шешiм туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және "Заң" Медиа-корпорация" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2006 жылғы 16 тамыздағы
N 304 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi
...
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 14 сәуiрдегi N 151 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 12 мамырдағы N 226 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1190 болып тiркелген)...
--------------------------------
Бұйырамын:
1. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің атқарушы құжаттарды орындау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі 151
бұйрығына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің атқарушы құжаттарды орындау тәртібі туралы нұсқаулыққа
2 тармақ келесі мағынадағы редакцияда жазылсын:
"Жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны алуға инкассалық өкім, соттардың шешімдері, үкімдері, анықтамалары және қаулыларымен берілген атқару парақтары мен бұйрықтары немесе ақшаны алу туралы соттың бұйрығы негізінде ұсынылады.";
4 тармақтағы "бұдан кейін бюджет қаражаты бойынша не ақылы қызмет көрсетуден алынған қаражат бойынша барлық шығыс операциялары инкассалық өкімнің атқарылуы туралы мәселе шешілгенге дейін тоқтатылады." деген сөздер алынып тасталсын.
5 тармақтағы "3 банктік күн ішінде" деген сөздер "егер нұсқаулардың шарттарымен өзгеше мерзім белгіленбесе ризалық нұсқау күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
6 тармақтағы "Барлық мәселелерді Қазынашылық органынан Борышкер хабар алған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде бағдарламалардың әкімшісі шешуі тиіс." деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Министр