Кредиттік серіктестіктердің қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106
қаулысымен
бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекітiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, екіншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 20 шiлдедегi
N 302 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген
Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге
өзгерiстер мен толықтырулар
1. 2-тармақтың:
- екiншi және үшіншi азатжолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттiк серiктестiктердiң түрлерiне мыналар жатады: кредиттiк-депозиттiк серiктестiктер, кредиттiк серiктестiктер және ауылдық кредиттiк серiктестiктер.
Кредиттiк-депозиттiк серiктестiктердiң өз қызметiн жүзеге асыру ерекшелiгi заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау мүмкiндiгi болып табылады.";
- мынадай мазмұндағы төртіншi, бесiнші және алтыншы азатжолдармен толықтырылсын:
"Ауылдық кредиттiк серiктестiктер - заңды және/немесе жеке тұлғалардың ерiктi түрде бiрiгуi нәтижесiнде өзара кредиттеу үшiн өз қатысушыларының ақшасын шоғырландыру жолымен құрылған банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлға. Ауылдық кредиттiк серiктестiктердiң қызметi ауыл шаруашылығын кредиттеу және осындай серiктестiктердiң қатысушыларына банктiк қызмет көрсету мәселелерiн шешуге бағытталған.
Кредиттiк серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады.
Кредиттiк серiктестiк, кредиттiк-депозиттiк серiктестiк немесе
ауылдық кредиттiк серiктестiк мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға осылай атала алмайды.".
2. 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кредиттік серiктестiктер және ауылдық кредиттiк серiктестiктер Қазақстан Республикасының заңдарының ерекшелiктерiн ескере отырып, мынадай ұйымдық-құқықтық нысандарда құрыла алады:
- коммандиттi серiктестiк;
- толық серiктестiк;
- жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
- жабық акционерлiк қоғам.
Коммандиттi серiктестiк нысанында құрылған кредиттiк серiктестiктiң басшы органдарының мүшелерi мен iрi қатысушылары толық серiктер болуға тиiс.
Кредиттік-депозиттiк серiктестiктер толық серiктестiктiң не қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырады."
3. 6-тармақтың:
- екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының саны оның ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес болуға тиiс.".
- мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк кәсiпорындар уәкiлеттiк берiлген орган арқылы мемлекеттiң келiсiмiмен ғана ауылдық кредиттiк серiктестiктердiң қатысушылары бола алады.".
4. 9-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттiк-депозиттiк серiктестiктердiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерiн Ұлттық Банктiң Басқармасы белгiлейдi.".
5. 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Кредиттiк серiктестiктi мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi аумақтық әдiлет органдары Ұлттық Банктiң кредиттiк серiктестiк ашуға берген рұқсаты негiзiнде жүзеге асырады.".
6. 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Заңды және/немесе жеке тұлғалар кредиттiк серiктестiк ашуға рұқсат алу үшiн Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынуға тиiс:
1) N 2 қосымшадағы нысан бойынша кредиттiк серiктестiк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiш;
2) құрылатын кредиттiк серiктестiктiң нотариус куәландырған құрылтай құжаттарының үш данасы: қазақ және орыс тiлдерiндегi құрылтай шарты және жарғы;
3) құрылатын кредиттiк серiктестiктiң жарғысын бекiту және органдарын тағайындау (сайлау) туралы құрылтай жиналысының шешiмi;
4) заңды тұлға құрылтайшылардың құрылтай құжаттары;
5) кредиттiк серiктестiктiң жарғы капиталындағы үлесi бес процентке тең немесе одан асатын заңды тұлғалар құрылтайшыларының уәкiлеттi аудиторлық ұйымдар (аудиторлар) куәландырған соңғы аяқталған қаржы жылының баланстық есептері мен қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есебi, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң жарғы капиталындағы үлесi бес процентке тең немесе одан асатын құрылтайшы болып табылатын ұйымның бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi қол қойып, мөрмен растаған соңғы есеп беру күнiндегi баланстық есептерi мен қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есебi";
6) салық қызметiнiң органдары берген кiрiс мөлшерi туралы анықтама - жеке тұлғалар үшін;
7) басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау (сайлау) үшiн ұсынылатын адамдар туралы мәлiметтер (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 334 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне келiсiм беру тәртiбi мен шарттары туралы нұсқаулыққа қосымшаның нысаны бойынша);
8) банк заңдарының талаптарына сәйкес жасалған Iшкi кредиттiк саясат туралы ереже және кредиттiк серiктестiк құратын Кредиттiк комитет туралы ереже;
9) нотариалды не басқа түрде куәландырылған (расталған), өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын құжат.".
7. 21-тармақтың үшiншi азатжолындағы "министрлiгiнiң" деген сөз алынып тасталсын.
8. 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Ұлттық Банктiң аумақтық филиалы үй-жайдың техникалық дайындығы туралы акт түрiнде ресiмдеген кредиттiк серiктестiк құрылтайшыларының ұйымдастыру-техникалық iс-шараларды орындауы жөнiндегi мәлiметтер лицензия беру туралы өтiнiшке қоса берiлуi керек.".
9. 27-тармақтың:
- екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердi кредиттiк серiктестiк етiп қайта құру нәтижесiнде оларды осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген ұйымдық-құқықтық нысанда құруға болады.";
- мынадай мазмұндағы екіншi және үшiншi азатжолдармен толықтырылсын:
"Қайта құрылатын банктiң құрылтайшылары Ұлттық Банкке кредиттiк серiктестiк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Банктi қайта құру жолымен құрылған кредиттiк серiктестiк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшке осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттар қоса берiлуге тиiс.
Банктердi қайта құру жолымен құрылған кредиттiк серiктестiктердi лицензиялау осы Ереженің талаптарына сәйкес жүргiзiледi".
10. 28-тармақтың екiншi азатжолындағы "министрлiгiнде" деген сөз "органдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.
11. 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Кредиттiк-депозиттiк серiктестiктер банк операцияларының мынадай түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
1) заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банктiк есепшоттарын ашу және жүргiзу (қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер үшiн өз қатысушыларының қосымша жауапкершiлiгiнiң сомасынан аспайтын мөлшерде);
2) касса операциялары: банкноттар мен металл ақшаны қабылдау, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, буу және сақтау;
3) аударым операциялары: ақша аударымы бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
4) есеп жүргiзу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де борыштық мiндеттемелерiнiң есебiн жүргiзу (дисконт);
5) заем операциялары: төлем жасалу, мерзiмiнде қайтарылу шартымен ақшалай кредиттер беру;
6) заңды тұлғалардың тапсырмасымен олардың банктiк есепшоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
7) сейф операциялары: клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау, оған қоса сейф жәшiктерiн, шкафтар мен бөлмелердi жалға беру жөнiнде қызмет көрсету;
8) ломбард операциялары: депозитке салынатын тез өтетiн бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлiкке кепiлдiкке қысқа мерзiмдi кредиттер беру;
9) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
10) төлем құжаттарын (вексельден басқасын) инкассоға қабылдау;
11) жалға берушiнiң жалға беретiн мүлкiнің меншiк құқығын сақтай отырып, шарттың (лизингтiң) қолданылатын бүкiл мерзiмiне мүлiктi жалға беру.".
12. Мынадай мазмұндағы 29-1 және 29-2 тармақтармен толықтырылсын:
"29-1. Кредиттiк серiктестiк және ауылдық кредиттiк серiктестiк 1),
6) және 10)-тармақшаларда көрсетiлген операцияларды қоспағанда, Ереженiң 29-тармағында көрсетiлген банктiк операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
29-2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк және жабық акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған кредиттiк серiктестiкке және ауылдық кредиттiк серiктестiкке, олардың қатысушылары мен акционерлерiне қызмет көрсету үшiн ғана, осы Ереженiң 29-тармағының 3), 4), 5), 8) және 11)-тармақшаларында көрсетiлген банктiк операцияларды жүзеге асыру құқығы берiлуi мүмкiн.
Ұлттық Банк ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты кредиттiк-депозиттiк серiктестiктерге және кредиттiк серiктестiктерге олардың қызметiн реттеу және лицензиялаудың қосымша талаптарын белгiлеуге құқылы.".
13. 34-1-тармақтағы "Кредиттiк серiктестiк" деген сөздер "Кредиттiк-депозиттiк серiктестiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы