-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі N 399 (тіркелген N 1246) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 22 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
Бұйырамын:
1. "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
бюджет кірістерінің жіктемесінде:
"107103 Әлеуметтік салық бойынша жергілікті бюджетке берешектердің түсуі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"107103 Әлеуметтік салық бойынша берешектердің түсуі"
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр