Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 2 қарашадағы N 249-ө бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабының
1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, интернат-үйлерінде тұратын адамдарға зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлеу тәртiбiн бекiту туралы" 2000 жылғы 18 қыркүйектегі N 212-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2000 жылғы 5 қазанда N 1251 тіркелген) бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
2. ....
3. ....
4. Осы бұйрық 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
-----------------------------------
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерi не зейнетақы және әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z990482_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз деп
танылған және қамқорлыққа мұқтаж, интернат-үйлерiнде тұратын адамдарға
зейнетақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы жәрдемақы
төлеу тәртiбi бекiтілсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік Білім және ғылым
қорғау министрлігінің министрлігімен
2000 ж. 18 қыркүйекте 19 қыркүйек 2000 ж.
N 212-Ө бұйрығымен "Келісілді"
"Бекітілді"
Интернат-үйлерiнде тұратын, сот шешiмiмен
iс-әрекетке қабiлетсiз және қамқорлыққа мұқтаж
ден танылған адамдарға зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақы және мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы төлеудiң
Ережесi
Осы Ереже интернат-үйлерiнде тұратын, сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз және қамқорлық мұқтаж деп танылған адамдарға зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы (әрi қарай-жәрдемақылар) және мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы (әрi қарай-жәрдемақылар) төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
1. Қамқорлыққа мұқтаж адамдарды интернат-үйлерiне орналастырған кезде қамқорлық органы егер бұл жағдай қамқорлықтағының мүддесiне қайшы келмейтiн болса бұдан бұрын тағайындалған қамқоршысын өздерiнiң мiндеттерiн атқарудан босатып, интернат-үйiнiң әкiмшiлiгiн қамқоршы етiп тағайындайды.
2. Интернат-үйiнiң әкiмшiлiгiне қамқоршылық белгiленген тәртiппен ресiмделмеген жағдайда зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерi қамқоршыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.
3. Сот шешiмi бойынша iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерi мiндеттерi мен құқықтары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiленетiн олардың қамқоршыларына төленедi.
4. Қамқоршы (интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi) ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiне iс-әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмiнiң және балаға немесе iс-әрекетке қабiлетсiз адамға интернат-үйiнiң әкiмшiлiгiн қамқоршы етiп белгiленгендiгi туралы қамқоршылық органының шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады. Көрсетiлген құжаттар қамқоршылықтағылардың зейнетақы iстерiне тiгiледi.
5. ЗТМО Аудандық (қалалық) бөлiмшесi аумақтық орналасуына қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Өкiлеттiгiнiң зейнетақы және жәрдемақы тағайындау туралы шешiмiнiң негiзiнде интернат-үйлерiнде тұратын және интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi қамқоршы болып тағайындалған қамқорлықтағылардың бiрыңғай тiзiмiн (әрi қарай-тiзiм) екi дана етiп жасайды. (N 1-қосымша) Тiзiмнiң бiр данасы ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiнде қалады, екiншiсi интернат-үйiне жiберiледi.
6. ЗТМО облыстық филиалы бiрыңғай тiзiмге сәйкес қаржыландыру өтiнiмiн (N 2-қосымша) интернат-үйiнiң депозиттiк есеп шоты ашылған екiншi деңгейдегi банкке жалпы соманы аударатын ЗТМО орталық аппаратына жолдайды.
7. Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қамқоршылар тұратын интернат-үйiнiң депозиттiк есепшотына аудару екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүргiзiледi.
8. Интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi мемәлеуметтiк жәрдемақы, зейнетақы немесе мемарнаулы жәрдемақы алушының қабылдануы немесе кетуi (оның iшiнде уақытша кетуi), қайтыс болуы туралы мiндеттi түрде ЗТМО аумақтық бөлiмшесiн бiр жұмыс күнi iшiнде хабарландырады.
9. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушының кетуi немесе қайтыс болуы туралы уақытында хабарланбаған және артық төлем болған жағдайда интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi артық төленген соманы төлем тағайындау кодтарына сәйкес ЗТМО есеп айырысу шотына 3 жұмыс күнi iшiнде қайтаруға және кеткен (қайтыс болған) қамқорлықтағы адамдардың тегiн, атын, әкесiнiң атын және қайтару сомасын көрсете отырып тиiстi ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiне хабарлама ұсынуға мiндеттi.
10. Интернат-үйiнiң есеп айырысу шотына қаржы түскеннен кейiн интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi 5 жұмыс күнi iшiнде ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiмен бiрлесiп төленген және қайтарылған сомаларды салыстыру кесiмiн жүргiзедi.
11. Қамқорлықтағы адам қайтыс болған жағдайда жерлеу жәрдемақысы белгiленген тәртiп бойынша төленедi.
12. Қамқоршы (интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi) алынған зейнетақы және жәрдемақы сомаларын жұмсау ушiн жылына бiр рет облыстық (Астана және Алматы қалаларының) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерi бекiтетiн шығыстар сметасы жасалады.
13. Қамқоршы (интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi) алған зейнетақы және жәрдемақы сомалары алынған соманы еңбекке ақы төлеу қорына және сонымен байланысты әлеуметтiк есептеулер үшiн пайдалану құқығынсыз, қатаң түрде тек қана қарауындағылардың жеке қажетiне қосымша тамақтандыру, дәрi-дәрмектер, киiм, аяқкиiм, төсек жабдықтары және iшкиiм мен қажеттi заттарды алуға және медициналық көмек көрсетуге пайдаланылады.
14. Интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi алынған зейнетақы ЖӘНе жәрдемақы
сомаларының жүргізiлген шығыстары туралы еңбек, жұмыспен қамту және
халықты
әлеуметтiк қорғау департаменттерiне нормативтiк құжаттарда белгiленген
мерзiмде және жобалық нысандар бойынша есеп бередi.
15. Ақша қаражаттарының пайдаланылғандығы жөнiндегi барлық
кiрiс-шығыстық құжаттар (түбiртектер, жөнелтпе құжаттар, есептер,
сенiмхаттар және т. б.) интернат-үйiнiң бухгалтериясында бес жыл бойына
сақталады.
16. Алынған зейнетақы және жәрдемақы сомаларының мақсатсыз
пайдаланылуы үшiн директор мен бас есепшi Қазақстан Республикасы
заңнамасына сәйкес жауап бередi.
17. Алынған зейнетақы және жәрдемақы сомаларының мақсатты
пайдаланылуын қадағалау заңнамада көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.
N 1 қосымша
коды
____________________________________________
(Зейнетақы орталығы филиалының атауы)
сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған
және қамқорлыққа мұқтаж, интернат-үйлерiнде тұратын
адамдардың__________ж. iшiнде зейнетақы, мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы жәрдемақы
алуына арналған
тiзiм-тiзiмдеме
Интернат-үйiнiң (пансионаттың) банктiк
деректемелерi:
СТН
арнайы шоты
МФО
төлем тапсырмасының N__ 2000 ж. ____ күні
Сомасы
(жазбаша)_________________________________________________
_____________________________________________________________
N Зейнетақы Тегi, аты, әкесiнiң Сома
р/с iсiнiң нөмiрi аты. (теңгемен)
_____________________________________________________________
1 2 3 4
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Жиынтығы:
Директор ____________________
Бас бухгалтер ________________
N 2-қосымша
Коды
_______________________________________
(Зейнетақы орталығы филиалының атауы)
Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған және
қамқорлыққа мұқтаж, интернат-үйлерiнде тұратын
адамдарға_______ж. үшiн зейнетақы, мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы
жәрдемақы төлеуге арналған қажеттiлiктiң
2000 жылғы___________жиынтық кестесi
___________________________________________________________________
Аудандардың Адамдардың Интернат- Сомасы
(қалалардың) саны үйлерiнiң (теңгемен)
және интернат- деректемелерi
үйлерiнiң атауы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиынтығы:
___________________________________________________________________
Зейнетақы орталығы филиалының
директоры______________________
Бас бухгалтер__________________
Жауапты орындаушы____________________