Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 26.11.2014 № 552 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Cотталған әскери қызметшiлерiнiң бұдан әрi жазаларды орындауларын жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 266 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.1. Қоса берiлiп отырған сотталған әскери қызметшiлерiнiң қылмыстық жазаларын өтеу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.2. Қорғаныс министрiнiң орынбасарлары, Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабы департаменттерiнiң, бас басқармаларының, басқармалары мен қызметтерiнiң бастықтары, Қазақстан Республикасының қарулы Күштерiнiң түрлерiнiң қолбасшылары бiрлестiктердiң, құрамалардың және әскери бөлiмдердiң командирлерi, әскери мекемелердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, әскери-оқу орындарының бастықтары мен әскери комиссарлар осы Ереженi басшылыққа алсын.
3. Бұйрық жеке бөлiмге жеткiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрi | |
генерал-лейтенант |
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрi
Аппаратының Құжаттамалық қамтамасыз
ету Департаментінің бастығы
2000 жылғы " "_____________
N 5 жіберілім - үлгі көрсеткіші
бойынша жіберу көрсеткіші
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
Әскери полиция бас басқармасы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегі N 182 бұйрығымен бекiтiлдi |
Сотталған әскери қызметшiлерiнiң қылмыстық
жазаларын өтеу
ЕРЕЖЕСI
Ескерту: Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Жаза дегенiмiз соттың өкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Соттың заңды күшiне енген үкiмi немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi жазаны атқару негiздемесi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.
Сотталғанды түзеу - оның бойында құқық ұстанушылық мiнез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, қызметке, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелерi мен дәстүрлерiне оң көзқарастарды қалыптастыру.
Түзеу құралдары жазаның түрiн, жасалған қылмыстың сипатын, қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, кiнә нысаны мен себептерiн, сотталушының жеке басы мен мiнез-құлқын ескере отырып қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн құрметтейдi және қорғайды, олардың түзелуiне қажеттi жағдайларды, әлеуметтiк әдiлеттiлiк кепiлдiгiн, олардың жазаларды атқару кезiнде жеке басының әлеуметтiк, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз етедi.
4. Әскери қызмет өткерiп жүрген сотталған әскери қызметшiлер, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен қатар (бұдан әрi - сотталған әскери қызметшiлер) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жазасын өтейдi және әскери қызмет өткередi. Сотталған әскери қызметшiлердi жазалау Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексiнiң талаптарына, өзге де заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес орындалады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.5. Жазаның түрлерi:
1) белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру:
сотталған әскери қызметшiлерге жазаның негiзгi түрi ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде алты айдан үш жылға дейiнге мерзiмге сотпен белгiленедi.
2) әскери қызмет бойынша шектеу:
келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген офицерлерге әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшiн, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген, сотталған әскери қызметшiлерге ҚР Қылмыстық Кодексi Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады;
әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкiмiмен белгiленген, бiрақ жиырма проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттiң кiрiсiне ақша ұсталу жүргiзiледi.
3) қамауға алу:
қамауға алу әскери қызметшiнi тағайындалған жазаның бүкiл мерзiмiнде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады және абақтыда өткiзедi;
қамауға алу бiр айдан алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi; қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемiнде бiр ай мерзiмге тағайындалуы мүмкiн.
4) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау:
шақыру бойынша мерзiмдi әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ қатардағы сержанттық құрам қызметтерiнде келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге, егер олар сот үкiм шығарған кезде заңда белгiленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзiмiн бiтiрмесе, тағайындалады. Бұл жаза үш айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
6. шартты түрде соттау - жазасын өтеу нысаны:
егер әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан айыру немесе тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады;
шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мiнез-құлқымен өзiнiң түзелгенiн дәлелдеуге тиiс бiр жылдан үш жылға дейiнгi ұзақтықта сынақ мерзiмiн белгiлейдi, сондай-ақ сотталған адамға белгiлi бiр мiндеттердi орындауды жүктейдi.
7. Жазалауды жүзеге асыратын органдар:
1) белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқынан айыру және әскери қызмет бойынша шектеу - сотталған әскери қызметшiлер қызметiн өтеп жүрген әскери бөлiмдердiң, мекемелердiң, органдар мен әскери құрамалардың қолбасшылығы (бұдан әрi - әскери бөлiмдердiң қолбасшылығы);
2) қамауға алу - гарнизондардың әскери полициясы әскери полицияның гауптвахтағы сотталған әскери қызметшiлер үшiн бөлiмшелерде немесе гарнизондардың қолбасшылығы гарнизондық абақтылардың тиiстi бөлiмшелерiнде;
3) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауды - осы үшiн арнайы құрылған тәртiптiк әскери бөлiмдер;
4) шартты сотталғандар - әскери бөлiмдердiң қолбасшылығы.
Соттың заңды күшiне енген өкiмi мен қаулысы мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың барлығына бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының барлық аумағында мүлтiксiз орындалуға жатады. Соттың үкiмiн, қаулысын орындамаушылық қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
8. Сот бақылауы:
жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiне ауыстыру туралы, сотталушының науқастан байланысты жазадан босату туралы жазалардың атқарылуын сот бақылайды.
9. Жазаны орындаушы органдардың қызметiн ведомстволық бақылауды мыналар жүзеге асырады:
1) әскери қызмет бойынша шектеу немесе шартты түрде сотталған офицерлер мен прапорщиктерге қатысты - кадр органдары;
2) әскери қызмет бойынша шектеу немесе шартты түрде сотталған келесiм-шартты солдаттар мен матростар, сержанттар мен старшиналар қызметiнде әскери қызметтi атқарып жүрген әскери қызметшiлерге қатысты - ұйымдастыру-жұмылдыру органдары;
3) әскери полиция абақтыларында қамауға алу түрiнде жазасын өтеп жүрген әскери қызметшiлерге қатысты - әскери полиция органдары, ал гарнизондық гауптвахталардың бөлiмшелерiнде - гарнизон қолбасшысы; 4) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға әскери қызметшiлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлер қызметі бас басқармасы.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.10. Әскери қызметшiлерге қатысты жазаны орындаушы органдармен
заңдылықтың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты әскери прокурорлар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.
11. Сотталғандар жазаны орындаушы органның оларға арналып белгiленген ережелерiн, заңды талаптарын орындауға мiндеттi.
12. Сотталғандардың негiзгi құқықтары.
Сотталғандар мыналарға:
1) сот тағайындаған жаза түрiн өтеудiң тәртiбi мен жағдайлары, өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпарат алуға. Ақпаратты жазаны орындаушы орган бередi;
2) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн кез келген басқа тiлде ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметiн пайдалануға. Қамауға сотталғандардың өтiнiштерi цензураға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей тиiстi жерiне жiберiледi;
3) адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек көрсетуге уәкiлеттiк берiлген өзге де тұлғалардың заң көмегiн пайдалануға;
4) абақтыда болғанда өздерiнiң денсаулығын сақтау үшiн қажеттi материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамсыздандырылу құқығын пайдалануға;
5) жазаны орындаушы орган тарапынан болатын сыпайы қарым-қатынасқа. Олар қатаң немесе адамгершiлiк қасиетiн қорлауға қарауға ұшырамауы тиiс;
6) Қазақстан Республикасында әскери қызмет өткерiп жүрген қамауға сотталған басқа мемлекеттердiң азаматтары өз мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдерiмен және консулдық мекемелерiмен байланыс жасауға құқылы.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.13. Сотталғандардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету:
1) сотталған әскери қызметшiлерге ар-ождан мен дiн ұстану бостандығына кепiлдiк берiледi;
2) абақтыларда қамауға сотталғандарға ерiктi негiзде заңда тыйым салынбаған дiни ғұрыптарды орындауына, дiни әдебиеттi пайдалануына рұқсат етiледi. Ол iшкi тәртiптi бұзбауы, сондай-ақ жазасын өтеушi басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтiрмеуi тиiс.
14. Қамау түрiнде сотталғандар жазасын өтеп жүрген гауптвахталарға бару:
1) Қамауға сотталғандар отырған гауптвахтаға арнаулы рұқсатсыз баруға мыналар құқылы:
Қазақстан Республикасының Президентi, ҚР Премьер-Министрi, ҚР Парламентiнiң депутаттары, сондай-ақ тиiстi аумақтардың шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкiмдерi;
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар.
2) бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi абақтыға келуге және кино, фото және бейнекөрiнiске түсiруге жазаны атқарушы органның арнаулы рұқсаты бойынша баруға құқылы. Сотталғандарды бейнекөрiнiске түсiрудiң барлық түрлерi, олармен сұхбат жүргiзу сотталғандардың өз келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.15. Сотталған әскери қызметшiлердi жазасын өтеуден босату:
1) әскери қызмет бойынша шектеудi, қамауды не тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауды өтеушi және әскери қызметке әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулығы бойынша жарамсыз деп таныған сотталған әскери қызметшiлер жазаны одан әрi өтеуден босатылады. Жазаның өтелмеген бөлiгi оларға жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстырылуы мүмкiн;
2) әскери қызметiн өткеру өту кезiнде жазасын өтеушi сотталған әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әскери қызметтен босату үшiн өзге де негiздер туындаған жағдайда жазадан сот жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстырып немесе онсыз белгiленген тәртiппен мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн;
3) сотталған әскери қызметшi әйелдiң аяғы ауыр екендiгi анықталған жағдайда бөлiм командирi аяғы ауыр болуы және босануы бойынша немесе оның жазаны өткеруден алдын ала шартты босатылуы бойынша демалыс берiлген күннен бастап оның жазаны өткеруiн кейiнге қалдыру туралы сотқа ұсыныс енгiзедi;
4) қылмыс жасағаны үшiн сотталған әскери қызметшiлер кеңшiлiк жасау немесе кешiрiм жасау актiсiнiң негiзiнде жазадан босатылуы мүмкiн, не оларға белгiленген жаза жазаның жеңiл түрлерiне ауыстырылуы мүмкiн, не мұндай адамдар қосымша жазаның түрiнен босатылуы мүмкiн;
5) қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың жазалау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап күшiн жойған немесе жаза алынған сәтке дейiн сотталушы болып есептеледi. Жазадан босатылған адам сотталмаған деп есептеледi.
Тәртiптiк әскери бөлiмде ұсталу түрiндегi жазаны өткерген әскери қызметшiлерге қатысты әскери қызмет немесе қамау бойынша шектеулер, сотталу жазаны өткеру бойынша алынады.
Жазаның күшiн жою немесе жазаны алу сотталумен байланысты барлық құқықтық нәтижелердi жоққа шығарады.
16. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi:
1) сотталғандар әскери қызметшiлер жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады. Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi бiтетiн болса, сотталушы жазаны өтеуден демалыс алдындағы немесе мереке алдындағы күнi босатылады;
2) ақтау негiздерi бойынша қылмыстық iстiң қысқартылуына, ақтаушы сот шешiмi шығарылуына байланысты өкiмнiң күшi жойылуы себептi жазаны өтеуден босатылған әскери қызметшiлерге жазаны атқарушы тиiстi қолбасшылық айырған өзге де құқықтарын қалпына келтiру құқығын түсiндiредi. Босату туралы құжатта жазаны атқарушы орган мемлекет атынан сотталушыдан ресми кешiрiм сұрайды;
3) 16-тармақтың 2-тармақшасында аталған әскери қызметшiлердi жазасын өтеуден босату тиiстi құжаттар түскен күнi, ал егер құжаттар жұмыс күнi аяқталған соң алынса - келесi күнi таңертең жүргiзiледi.
17. Үкiмдi орындау кезiнде туындаған қандай да болсын күмән мен түсiнiксiздiктi ұғындыру туралы сұрақтарды тиiстi қолбасшылықтың ұсынысымен үкiмдi шығарған сот шешедi.
2. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi
жазаны өтеу
18. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерi:
1) әскери бөлiмнiң командирi соттан үкiмнiң көшiрмесi мен оны атқару туралы үкiм келiп түскен сот үш күннен кешiктiрмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметшi қандай негiзде және үкiмде көрсетiлген қандай мерзiм iшiнде лауазымды өсiруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезектi әскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына қандай мерзiм есептелмейтiнi көрсетiледi. Сонымен бiрге әскери сот үкiмiне сәйкес сотталған әскери қызметшiнiң лауазымдық үлесiнен әскери қызмет бойынша шектеудi өтеу кезеңiнде мемлекеттiк кiрiске қай күннен бастап және қандай мөлшерде ұсталып қалатыны бұйрықта көрсетiледi. Егер сотпен сотталғанға жазалардың қосымша түрлерi тағайындалса соттың осы шешiмi бұйрықта көрсетiледi;
2) бұйрық әскери бөлiм бойынша жарияланады, сотталған әскери қызметшiге қол қойғызу арқылы жеткiзiледi, мамандық және қаржылық органдарының бастықтарына жолданады және атқаруға қабылданады;
3) Үкiмнiң келiп түскенi туралы, тиiстi бұйрықтың шығарылғаны және оның атқарылуға қабылданғаны туралы әскери бөлiмнiң командирi үкiмдi шығарған сотқа үш күннiң iшiнде хабарлайды. Бұйрықтың көшiрмесi сотқа жiберiледi.
19. Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен соттың үкiмiмен белгiленген ұстап қалу лауазымдық айлық ақысынан, әскери атағы бойынша үстеме ақыларынан, ай сайынғы және өзге үстеме ақылары мен басқа да қосымша ақша төлемдерiнен есептеледi.
20. Сотталушының әскери қызметiн өзгерту:
1) әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметшiнiң жазасын өтеу тәртiбiнде соттың үкiмiмен белгiленген мерзiм iшiнде лауазымы мен әскери атағын жоғарылатуға болмайды;
2) егер жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлар ескерiле отырып, сотталған әскери қызметшiнi бағынысындағылардың басшыларына байланысты қызметте қалдыруға мүмкiндiк болмаса, ол әскери бөлiмнiң тиiстi командирiнiң шешiмi бойынша әскери бөлiмнiң iшiнде де, басқа бөлiмге немесе ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылады;
3) осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетiлген қабылданған шешiм туралы әскери бөлiм командирi үкiмдi шығарған сотқа тез арада хабарлайды;
4) сотталушыны ауыстыру кезiнде оның жеке iсi тиiстi тәртiппен жаңа қызмет орнына жолданады, әскери бөлiм командирi осы Ережелердiң 18-24 тармақтарының барлық талаптарының орындалуын жалғастыруға мiндеттi.
21. Сотталған әскери қызметшiлермен жүргiзiлетiн тәрбие жұмысы:
1) сотталған әскери қызметшiлермен әскери бөлiмнiң командирi жасалған қылмыстық қоғамдық қауiпiнiң, сотталушының жеке басының, сондай-аң оның тәртiбi мен әскери қызметке көзқарасының сипаты мен дәрежесiн ескере отырып тәрбие жұмысын жүргiзедi, көбiне оның мiндеттерiн, олардың орындамаушылығының нәтижелерiн және қоғамдық тәртiптi, әскери тәртiптi бұзудағы немесе жаңа қылмыс жасауындағы жауапкершiлiгiн түсiндiредi, ол туралы қолхат алынады;
2) әскери бөлiмнiң командирi әрбiр сотталушыға жеке iс арнайды, оған: әскери сот үкiмiнiң көшiрмесi, үкiмнiң заңды түрде күшiне енуi мен оның атқарылуы туралы үкiмi, бөлiм командирiнiң жазаны өтеу туралы бұйрығының көшiрмесi, сотталушының тәртiбi мен оның қызметке дейiн көзқарасын сипаттайтын материалдар, сотталушымен жүргiзiлген тәрбие жұмысын анықтайтын құжаттар қосылады;
3) әскери бөлiмнiң командирi әскери қызметшiнiң санатына сай жиналыстарды мезгiл-мезгiл ұйымдастыруға және жүргiзуге мiндеттi, онда егер олар сотталушыға сотпен жүктелген болса, өзiнiң тәртiбi, қызметтi өткеру, мiндеттерi және басқалары туралы сотталушылардың есептерi тыңдалады және талқыланады.
22. Соттың үкiмiмен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн сотталған әскери қызметшi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкiн. Бұл жағдайда әскери бөлiм командирi сотқа жазаның өтелмей қалған бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жасайды.
23. Сотталушының үлгiлi тәртiбi және қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы шартында әскери бөлiмнiң командирi сотталушының жазадан мерзiмнен бұрын шартты босатылуы туралы әскери сотқа ұсыныс енгiзе алады. Ұсыныста сотталушының жеке басын, оның тәртiбiн, қызметке дейiн көзқарасын сипаттайтын мәлiметтер болуы тиiс. Ұсыныс сотталушы жазалану мерзiмiнiң жартысын өткергеннен кейiн ғана енгiзiледi.
24. Соттың үкiмiмен және әскери бөлiм бойынша жарияланған бұйрықпен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн үш күннен кешiктірмей әскери бөлiмнiң командирi жазаның атқарылуын тоқтату туралы оның тоқтатылған күнi көрсетiлген бұйрық шығарады. Бұйрық тиiстi әскери қызметшiнiң санатына сай жарияланады, ал сотталған әскери қызметшiнiң назарына қолхат алып жеткiзiледi. Бұйрықтың көшiрмесi кадр, қаржы органдарына және үкiмдi шығарған сотқа жiберiледi.
Егер сотпен тағайындалған қосымша жазаның мерзiмi әскери қызмет бойынша шектелген мерзiмнен көп болса, әскери бөлiмнiң командирi қосымша жазаның мерзiмi тағайындалған бөлiмде үкiмдi орындауды жалғастыра бередi.
3. Сотталған әскери қызметшiлерге қатысты
қамауға алуды орындау
25. Қамауға алынған сотталушы қызмет атқарып жүрген командирi оның орындалуы туралы үкiмнiң көшiрмесi мен үкiмдi алғаннан кейiн үш күннен кешiктiрмей мыналарды орындауға мiндеттi:
1) бөлiм бойынша бұйрық шығаруға, онда әскери қызметшiнiң жазаны өтеуiнiң басталуы мен аяқталуы мерзiмiн көрсетсiн, осы уақыт әскери қызметтiң жалпы мерзiмiне және кезектi әскери атақ беруге арналған еңбек сiңiрген жылдарына есептелмейдi, ақшалай үлес төленбейдi;
2) сотталушыны үкiмнiң көшiрмесiмен, оның атқарылуы туралы үкiмiмен және алдын ала тергеудiң немесе сот талқылауының барысында алынған денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери дәрiгерлiк комиссияның куәландырған қорытындысымен әскери жарғыларда белгiленген тәртiпте жазасын өтеу үшiн сот үкiмiнде көрсетiлген абақтыға айдауылмен жолдануға. Осы қорытынды болмаған жағдайда немесе сотталушының өзiнiң денсаулығының жағдайына наразылығы болатын болса, сотталушыға әскери дәрiгерлiк комиссиядан өтудi белгiленген тәртiппен ұйымдастыруға;
3) үкiмнiң келгенi, тиiстi бұйрықтың шығарылғаны, үкiмнiң орындалуы туралы - сотталушының абақтыға орналасуы туралы үкiмдi шығарған сотқа хабарлауға. Бұйрықтың көшiрмесiн сотқа, сондай-ақ жоғарғы кадр және қаржы органдарының бастықтарына жолдауға.
26. Сотталушыны гауптвахтаға орналастырғаны туралы әскери бөлiмнiң командирi сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкiлдерiне, оның жаза өтейтiн орны мен мекен-жайы туралы 10 тәулiк iшiнде хабарлауға мiндеттi.
27. Офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, сержанттық, старшиналық және қатардағы құрамдардың әскери қызметшiлерi өзге негiздер бойынша гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшiлерден бөлек және жеке ұсталады.
28. Қамауға сотталушыны бiр гауптвахтадан екiншiсiне көшiруге ол ауырған жағдайда не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ сотталушының сол гауптвахтада одан әрi болуына кедергi жасайтын өзге де ерекше-жайлар туындаған кезiнде жол берiледi.
Сотталушыны көшiру туралы шешiмдi жазаны атқарушы органның ұсынысы бойынша бақылаушы әскери прокурор қабылдайды, ол үкiм шығарған сотқа осы туралы хабарлайды.
29. Қамауға сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi:
1) қамау түрiндегi жазаны өтеу уақыты әскери қызметтiң жалпы мерзiмiне және кезектi әскери атақ беруге арналған еңбек сiңiрген жылдарына есептелмейдi;
2) жазаны өтеу уақытында сотталушыны кезектi әскери атақ беруге, жоғары қызметке тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға және әскери қызметтен босатуға ұсынуға болмайды, бұған денсаулығы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайлар қосылмайды;
3) қамауға сотталған әскери қызметшiлерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлес төленбейдi;
4) қамауға сотталғандар алдын ала шартты босатуға ұсынылмайды.
30. Сотталғандарды абақтыда ұстаудың тәртiбi мен жағдайлары:
1) қамауға сотталғандар әскери қызметшiлердi қатаң оқшаулау жағдайында гауптвахталарда жабылатын жалпы камераларда ұсталады;
2) сотталғандарға түрмеде жалпы режим жағдайында жазаны өтеушi адамдар үшiн ұстау жағдайлары, сонымен қатар әскери жарғылары қолданылады. Абақтыда орналастыру кезiнде сотталушыдан камерада ұстауға болмайтын заттар мен бағалы заттарды, құжаттарды сақтауға алады және босатылған кезде қайтарылады;
3) адвокаттармен кездесулердi қоспағанда, сотталғандардың кездесуiне болмайды, посылка, сәлемдеме, бандерольдер алуға рұқсат етiлмейдi, бұған олардың бiрiншi кезекте қажеттi заттары, маусымдық киiм-кешек салынғаны және дәрiгердiң қорытындысы бойынша дәрi-дәрмектер мен медициналық белгiлеудiң заттары қосылмайды. Посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер тексерiледi;
4) сотталғандарды жалпы және кәсiптiк оқыту жүзеге асырылмайды, күзетсiз жүруiне рұқсат етiлмейдi;
5) сотталғандардың қолындағы қаражатқа олар ай сайын бiр айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға құқылы;
6) сотталғандар күн сайын ұзақтығы бiр сағаттан кем емес сейiлдеудi пайдаланады. Сейiлдеу камера бойынша күндiзгi уақытта абақтының арнайы жабдықталған аумағында жүргiзiледi. Сотталғанның сейiлдеуi ол iшкi тәртiп ережелерiн бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн;
7) ерекше жеке мән-жайлар кезiнде қамауда ұстауға сотталғандарға абақты бастығымен жақын туыстарымен (жұбайымен, зайыбымен) телефон арқылы сөйлесу рұқсат етiлуi мүмкiн;
8) қамауға сотталушыға туысқандарымен және басқа адамдармен хат алысуға шектеусiз рұқсат етiледi. Хат-хабарларды жiберу сотталғанның есебiнен жүргiзiледi.
9) түнгi ұйқы кезiнде сотталушыға төсек жабдықтары - матрац, жастық тысымен, көрпе және екi ақ жайма берiледi, оларға белгiленген орындарда темекi тартуға рұқсат етiледi;
10) сотталушыға, ерекше жеке мән-жайларына байланысты: жақын туысының қайтыс болуы мен науқастың өмiрiне қауiп төндiретiн ауыр науқасы, сотталушыға немесе оның от басына елеулi материалдық зақым келтiрген табиғи апаттар кезiнде жолға кеткен уақытты есептемегенде 10 тәулiк мерзiмде барып қайтуға рұқсат етiлуi мүмкiн.
Құжаттың ерекше мән-жайларды растайтын қосымшасымен бiрге сотталушының арызы бойынша барып қайтуға рұқсатты әскери полицияның бастығы немесе гарнизонның бастығы бiр тәулiктен кешiктiрiлмей қарайды.
Сотталушының абақтыдан тыс жерде болу мерзiмi жазаны өтеу мерзiмiнде есептеледi. Сотталушының жолақысы оның өз есебiнен төленедi. Қамауға сотталғанның басқа мемлекеттердiң аумағына барып қайтуы тиiстi мемлекеттердiң келiсiмдерiнде қаралған тәртiппен және жағдайда рұқсат етiледi.
31. Сотталушылардың мiндеттерi.
Сотталушылар мыналарға мiндеттi:
1) гауптвахтада ұсталудың белгiленген тәртiбiн сақтауға;
2) гауптвахтада әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындауға;
3) тазалық және санитарлық талаптарды сақтауға;
4) өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға;
5) гауптвахтаның мүлкiне уқыпты қарауға;
6) гауптвахтада ұсталатын басқа да адамдардың ар-ожданына нұқсан келтiретiн әрекеттердi жасамауға;
7) өзiнiң өмiрiне және денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн қасақана әрекеттердi жасамауға.
Сотталушылардың оларға жүктелген мiндеттердi, сондай-ақ абақты әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiптiк және басқа да жауапкершiлiктерге әкеледi.
32. Сотталғандарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары:
1) сотталғандарға үлгiлi мiнез-құлқы үшiн алғыс немесе бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу түрiнде көтермелеу шаралары қолданылады;
2) жазаны өтеу тәртiбiн бұзғаны үшiн сотталушыға сөгiс немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераға көшiру түрiндегi жаза қолданылуы мүмкiн;
3) көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқын мыналар пайдаланады:
- әскери полицияның гауптвахтасында - әскери полицияның бастығы және әскери полиция гауптвахтасының бастығы;
- гарнизондық гауптвахтада - гарнизонның бастығы және гарнизондық гауптвахта бастығы;
4) жазалық әрекет анықталған күннен бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей сөгiс түрiндегi ауызша немесе жазбаша, ал жалғыз адамдық камераға көшiру тек жазбаша қолданылады;
5) көтермелеу және жазалау, сотталушымен тәрбие жұмысын жүргiзу туралы мәлiметтер оның жеке iсiнде көрсетiледi.
33. Босату тәртiбi:
1) қамау мерзiмiнiң аяқталуынан 10 тәулiк бұрын гауптвахтаның бастығы осы туралы әскери бөлiмнiң командирiне хабарлайды;
2) қамау мерзiмiнiң аяқталуынан үш күн бұрын әскери бөлiмнiң командирi сотталушының гауптвахтадан босатылуының және өз құқының қалпына келтiрiлуiнiң күнiн белгiлеп бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшiрмесi орындалу үшiн гауптвахтаның бастығына, сондай-ақ мамандық және қаржылық органдарына дер кезiнде жолданады;
3) мерзiмдi қызмет әскери қызметшiсi босатылған жағдайда бөлiм командирiмен оны бөлiмге дейiн алып келу үшiн өкiл жолдайды;
4) сотталушыны абақтыдан босату кезiнде оған гарнизонның әскери полиция бастығы (гарнизон бастығы) қол қойған босатудың уақыты және негiзi туралы анықтама бередi;
5) сотталушының гауптвахтадан босатылған күнiн әскери бөлiмнiң командирi үкiм шығарған әскери сотқа хабарлайды.
34. Қамауға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жаза қолдану кезiнде қамауды өтеудiң бүкiл уақытына қолданылады, бiрақ бұл орайда үкiмде көрсетiлген оның мерзiмi қамауды өтеу кезiнен бастап есептеледi.
Қосымша жазаның орындалуын әскери бөлiмнiң командирi жүзеге асырады, сол үшiн осы жазаның басталу және аяқталу мерзiмiн көрсететiн бұйрық шығарады.
4. Шартты сотталған әскери қызметшiлерге
бақылау жасау
35. Шартты сотталғандар жазасының орындалу тәртiбi мен шарттары:
1) әскери бөлiмнiң командирi соттан үкiмнiң көшiрмесi мен оны орындау туралы үкiм келiп түскен соң 3 күннен кешiктiрмей бұйрық шығарады, онда: сотталған әскери қызметшi сот кiнәлi деп тапқандығы, оның қанша мерзiмге және қандай жазаға сотталғандығы туралы, сотталушы өзiнiң тәртiбiмен өзiнiң түзелгенiн дәлелдей алатын белгiленген сынақ мерзiмiнiң басталуы көрсетiледi. Егер сот сотталушыға жазалардың қосымша түрлерiн тағайындаса, соттың осы шешiмi бұйрықта көрсетiледi;
2) бұйрық тиiстi әскери қызметшiнiң санатына сай жарияланады, сотталған әскери қызметшiге қол қойғызу арқылы жеткiзiледi, кадр органына жолданады және орындауға қабылданады;
3) үкiмнiң келiп түскенi туралы, тиiстi бұйрықтың шығарылғаны және оның атқарылуға қабылданғаны туралы әскери бөлiмнiң командирi үкiмдi шығарған сотқа және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған кадрлар органының бастығына үш күн мерзiмде хабарлайды. Бұйрықтың көшiрмесi сотқа жiберiледi.
Ескерту: 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.36. Шартты сотталғандардың жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi.
Әскери бөлiмнiң командирi мыналарға мiндеттi:
1) сынақ мерзiмi iшiнде сотталғандардың жеке есебiн жүргiзуге, тәрбие және әлеуметтiк-құқықтың жұмыс офицерлерiнiң қатысуымен сотталушының қызметтiк мiндеттерiн орындауына қатысқанын, қоғамдық тәртiптi сақтауын бақылауға;
2) жасалған қылмыстың қоғамдық қаупiнiң, сотталушының жеке басының, сондай-ақ оның тәртiбi мен әскери қызметке көзқарасының сипаты мен дәрежесiн ескере отырып, тәрбие жұмыстарын жүргiзуге;
3) әрбiр сотталушыға жеке iс арнауға, оған: әскери сот үкiмiнiң көшiрмесi, оның орындалуы туралы үкiмi, жазаны атқару туралы бұйрығының көшiрмесi, сотталушының тәртiбi мен оның қызметке дейiн көзқарасын сипаттайтын материалдар, сотталушымен жүргiзiлген тәрбие жұмысын анықтайтын құжаттарды қосуға;
4) әскери қызметшiнiң санатына сай жиналыстарды мезгiл-мезгiл ұйымдастыруға және жүргiзуге, онда сотталушылардың өзiнiң тәртiбi, қызметтi өткеру мiндеттерi туралы есептерi тыңдалады және талқыланады;
5) сотталушыға белгiлi лауазымды орында болу немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi қосымша жаза тағайындаған жағдайда үкiмнiң көшiрмесiн және оның атқарылуы туралы үкiмдi алғаннан кейiн үш күннен кешiктiрмей сотталушы ол айналысуға сотпен айрылған лауазымнан немесе қызметтiң түрiнен босатуға;
6) сотталушының жеке iсiне ол қандай негiзде, қанша мерзiмге және қандай лауазымнан айрылғандығы немесе қызметтiң қандай түрiмен айналысу құқығынан айрылғандығы туралы жазбалар енедi. Қосымша жазаның мерзiмi сот үкiмiнiң заңды күшiне енген сәтiнен бастап есептеледi.
Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.37. Сынақ мерзiмiнiң есептелуi:
1) сынақ мерзiмi сот үкiмi заңды күшiне енген кезден бастап есептеледi;
2) сынақ мерзiмi бiткен соң шартты сотталушының жүрiс-тұрысын бақылау тоқтатылады, сөйтiп ол есептен шығарылады, сол үшiн бұйрық шығарылады, сотталушының назарына қолхат алып жеткiзiледi, оның жеке iсiне қосылады және бұйрықтың көшiрмесi сотқа жiберiледi.
38. Егер сотпен тағайындалған қосымша жазаның мерзiмi сынақ мерзiмiнен кем болса, соңғысы бiткеннен кейiн әскери бөлiмнiң командирi қосымша жазаның мерзiмi тағайындалған бөлiмде үкiмдi орындауды жалғастыра бередi.
39. Сотталған әскери қызметшiнiң қызметiн өзгерту:
1) егер сотталушы, жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлар ескерiле отырып, сотталған әскери қызметшiнi бағыныштыларға басшылық етуге байланысты қызметте қалдыру мүмкiн болмаса, ол әскери бөлiмнiң тиiстi командирiнiң (бастығының) шешiмi бойынша әскери бөлiмнiң iшiнде де, басқа бөлiмге немесе әскери мекемеге ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылады;
2) сотталушыны ауыстыру кезiнде оның жеке iсi сотталғаны туралы құжаттармен және сипаттайтын материалдармен тиiстi тәртiппен жаңа қызмет орнына жолданады, әскери бөлiм командирi осы Ереженiң 35-42 тармағына дейiнгi талаптардың орындалуын жалғастырады;
3) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген қабылданған шешiм туралы әскери бөлiм командирi үкiмдi шығарған сотқа тез арада хабарлайды.
40. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту:
1) егер әскери қызметшi сынақ мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң түзелгенiн дәлелдесе, әскери бөлiм командирiнiң ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшiн жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы шығарады. Ұсыныс белгiленген сынақ мерзiмiнiң жартысы өткеннен кейiн ғана жолданады. Егер ұсыныс қанағаттандырылса, бөлiм командирi соттың шешiмi туралы бұйрық шығарады. Ұсыныс қанағаттандырылмаған жағдайда әскери бөлiм командирi сотпен белгiленген қарсылық енген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн осы негiз бойынша ұсыныс енгiзуге құқылы.
2) егер сотталушы дөрекi тәртiп бұзушылық пен терiс қылық жасаса немесе сол үшiн өзiне тәртiп және әкiмшiлiк жаза салынған қоғамдық тәртiптi бұзса, сот бөлiм командирiнiң ұсынысы бойынша сынақ мерзiмiн ұзарта алады, бiрақ ол бiр жылдан аспауы керек. Сынақ мерзiмiн ұзартқанда бөлiм командирi сол үшiн бұйрық шығарады және сотталушыны оның қолын қойдырып таныстырады;
3) сот жүктеген мiндеттердi орындамаған, әскери тәртiптi, қоғамдық тәртiптi ұдайы немесе қасақана бұзған жағдайда, егер сотталушы бақылаудан бұлтарса, сот бөлiм командирiнiң ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың күшiн жою және сот үкiмiмен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы қабылдайды.
Тұратын жерi отыз күннен астам уақыт iшiнде анықталмаған шартты сотталушы бақылаудан бұлтарған деп танылады. Сотталған әскери қызметшiнiң қызметте болмағанына заңнамада белгіленген мерзімнен асса бөлiм командирi қылмыстық iс қозғау туралы шешiм қабылдау үшiн әскери полицияға оған материалдар жолдайды.
Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.41. Әскери қызметке бас бостандығынан шартты түрде айыруға сотталушылардың шақырылуы немесе келiп түсуi жағдайында оның жеке iсiнде үкiмнiң көшiрмесi, оның атқарылуы туралы үкiм және қызмет атқару орны бойынша сотталушының тәртiбiне бақылауды жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн басқа да құжаттар болуға тиiстi. Әскери бөлiм командирi он күн iшiнде сотталушы әскер қатарына шақырылмай тұрып есепте тұрған қылмыстық атқару инспекциясына оны бөлiмге есепке тұрғызу туралы хабарлау керек.
Шартты сотталушы әскери қызметтi атқару мерзiмiнде әскери бөлiм командирi оған қатысты осы Ереженiң 35-42 тармағына дейiнгi айтылған талаптарды орындайды.
42. Сотталушыны сынақ мерзiмi бiткенге дейiн қызметтен босату кезiнде әскери бөлiм командирi мыналарды орындауға мiндеттi:
1) шартты түрде бас бостандығынан айырылған сотталушыларға қатысты үкiмнiң көшiрмесiн және оның атқарылуы туралы үкiмдi, сондай-ақ сипаттайтын материалдарды әскери қызметшiнiң есепке тiркелген орны бойынша қылмыстық атқару инспекциясына жолдауы тиiс, ол туралы сотқа хабарлауға мiндеттi;
2) шартты түрде әскери қызмет бойынша шектеуге негiзделген сотталушыларға қатысты жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстыру немесе жазадан босату туралы ұсынысты сотқа жолдауға тиiстi.
5. Негiзгi жаза ретiнде сот тағайындаған белгiлi
бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқынан айыру түрiндегi жазаның орындалуы
43. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқынан айыру мемлекеттiк органдарда, тұрақты өзiн-өзi басқару органдарында немесе белгiлi кәсiппен не басқа қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
44. Жазаны орындау тәртiбi.
Құқығынан айыруға немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға рұқсат алуға құқылы әскери бөлiм командирi сот үкiмiнiң көшiрмесiн және оның орындалуы туралы үкiмдi алғаннан кейiн үш күннен кешiктiрмей мыналарды орындауға мiндеттi:
1) үкiмнiң заңды күшiне ену сәтiнен бастап, онда сотталушыға сот тыйым салынған белгiлi бiр қызметтiң түрiмен айналысу құқынан айыру туралы мерзiмi көрсетiлген бұйрық шығаруға;
2) бұйрықта көрсетуге және үкiмде көрсетiлген белгiлi бiр қызметтiң түрiмен айналысуға құқық беретiн тиiстi құжатты сотталушының жеке iсiнен алуға;
3) егер сотталушы әскери қызметтi құқығынан айыруға немесе сотпен тыйым салынған қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға рұқсат алуға командирi құқылы әскери бөлiмде өткермейтiн болса, тиiстi әскери бөлiмнiң командирiне орындау үшiн жолданады;
4) сотталушы қызмет өткерiп жүрген әскери бөлiмнiң командирi бұйрықты тиiстi әскери қызметшiнiң санатына сай жариялайды, сотталғанға қол қойғызу арқылы жеткiзедi, кадрлар органының бастығына жолдайды, сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады және олардың үкiммен қаралған белгiлi лауазымда болуға және белгiлi бiр қызметпен айналысуға арналған тыйымның сақталуын бақылайды.
5) үкiмдi орындауға қабылдаған әскери бөлiмнiң командирi үш күн мерзiмнiң iшiнде үкiмдi шығарған сотқа хабарлайды.
Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен.45. Әскери бөлiм командирi сотталушыны қызметпен айналысуға тартуға немесе сотталушыны соттың үкiмiмен айырған қызметке тағайындауға құқықсыз.
46. Сотталушыны ауыстырған жағдайда жаңа қызмет орны бойынша әскери бөлiм командирi осы Ереженiң 43-48 тармағына дейiнгi талаптарды орындауға мiндеттi.
47. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылған сотталғандар қылмыстық алдын ала шартты босатылуға ұсынылмайды.
48. Соттың үкiмiмен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн сотталған әскери қызметшi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкiн. Бұл жағдайда әскери бөлiм командирi сотқа жазаның өтелмей қалған бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жасайды.