Көлiктегi IIБ-нiң жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшелерi туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Бұйрық Ішкі істер министрлігі 2000 жылғы 5 желтоқсан N 664 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 20 желтоқсан N 1340 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 485 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.21 N 485 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Темiр жол объектiлерiндегi қоғамдық тәртiптi нығайту, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қоғамдық қауiпсiздiктi, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүлкiн сақтауды, жолаушылардың жеке меншiгiн, құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. Көлiктегi IIБ-нiң жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшелерi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Көлiктегi IIБ-нiң бастықтары:
      1) осы Нұсқаулыққа сәйкес жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырсын; 2) осы Нұсқаулықтың талаптарын Көлiктегi IIБ жеке құрамының сынақ тапсыру арқылы оқып-үйренуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң ӘПД (Қ.С. Тыныбеков) және Көлiктегi IIБ-нiң бастықтарына жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-лейтенант Көлiктегi IIБ-нiң жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшелерi туралы НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ереже
      1. Жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөнiндегi патрульдік полиция бөлiмшесi көлiктегi IIБ-де саптық полиция бөлiмшелерiнiң типтiк штаттарына сәйкес құрылады.
      2. Бөлiмше қызметiнiң құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен Өкiмдерi, "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, Iшкіісминнiң, көлiктегi IIБ-нiң ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерi және осы Ереже болып табылады.
      3. Бөлiмшенiң жұмысы Iшкіісминнiң, көлiктегi IIБ-нiң салалық қызметтерiмен, Iшкіісминнiң iшкi әскерлерiмен, басқа да құқық қорғау органдарымен, бөлiмшелерiмен және Iшкіісминнiң, көлiктегi IIБ-нiң, желiлiк iшкi iстер бөлiмдерiнiң жоспарларына сәйкес темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерiмен өзара тығыз iс-қимылда ұйымдастырылады.
      4. Жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшесiнiң құрылымы мен штатын көлiктегi IIБ-нiң бастығы Қазақстан Республикасының Iшкіісминiмен келiсiм бойынша бекiтедi.
      5. Жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшесiн командир басқарады, ол көлiктегi IIБ әкiмшiлiк полиция қызметiнiң (басқармасының), Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң ӘПД бастығына бағынады.
      6. Бөлiмше командирiн, оның орынбасарларын Көлiктегi IIБ-нiң бастығы тағайындайды және босатады.
 
                             2. Негiзгi мiндеттерi.
 
      7. Қоғамдық тәртiптi күзету, қоғамдық қауiпсiздiктi, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүлкiн сақтауды, жолаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан, өзге де қоғамға жат көрнiстерден қорғауды қамтамасыз ету.
      8. Жолаушылар поездарындағы, вокзалдардағы, станциялардағы қылмыстарды анықтауға, жолын кесу және ашуға бағытталған жедел-iздестiру және iздеу iс-шараларына қатысу.
      9. Жеке және темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң көмегiмен вокзалдарда белгiленген тәртiптi сақтауға, жолаушылардың еркiн кiрiп-шығуына шаралар қолдану.
      10. Iздестiрiлудегi адамдарды (дезертирлердi), белгiлi бiр тұрғылықты жерi, құжаттары жоқ адамдарды, басқа да құқық бұзушыларды анықтау, оларды ЖIIО кезекшi бөлiмiне немесе аумақтық IIО жеткiзу.
 
                              3. Негiзгi функциялары.
 
      11. Жолаушылар поездарында және темiр жол көлiктерi объектiлерiнде құқық тәртiбiн қамтамасыз ету.
      12. Қылмыс жасау пиғылындағы немесе қылмыс жасаған адамдарды анықтау және ұстау мақсатында қылмыстың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөнiндегi iздеу және өзге де iс-шараларға қатысу.
      13. Дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы азаматтардың өтiнiштерi мен арыздарына, лауазымды адамдардың хабарламаларына тез арада ден қою, бұл туралы ЖIIО, КIIБ жедел кезекшiсiне дер уақытында ақпарат беру.
      14. Қылмыс жасалған жерде ұсталғандарды iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне айдап алу жүруде және оқиға болған жерден iзiн жасырған қылмыстың жасалуына күдiктi адамдарды ұстауға аумақтық IIО қызметкерлерiне көмек көрсету.
      15. Темiр жол көлiктерi объектiлерiнде паразиттiк өмiр сүретiн азаматтарды анықтау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларға шаралар қолдану.
      16. Қайғылы оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз халдегi жолаушыларға көмек көрсету.
      17. Азаматтар мен лауазымды адамдардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап ету, iшкi iстер органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi болатын құқық бұзушылықтар мен әрекеттердi тоқтату. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда "Қазақстан Республикасындағы iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануға дейiн тиiстi мәжбүрлеу шараларын қолдану.
      18. Құқық бұзушылыққа күдiктi деуге негiз болған кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру.
      19. Iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған құқық бұзушылықтар бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру; хаттамалар толтыру, құқық бұзушыларды ұстау және оларды көлiктегi iшкi iстер органдарына жеткiзу, адамдарды, заттарды, қозғалатын составтарды тiнту, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi қамтамасыз ету жөнiндегi заңнамада көзделген басқа да шараларды қолдану.
      20. Мас күйдегi, адам абыройы мен қоғамдық әдептi қорлайтын не айналасындағыларға немесе өзiне зиян тигiзуi мүмкiн адамдарды көлiктегi iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне жеткiзу.
      21. Құқық бұзушылық жасаған әскери қызметшiлердi ұстау, оларды әскери коменданттарға, әскери бөлiмдердiң командирлерiне беру.
 
       4. Жолаушылар поездарына iлесiп жүру жөнiндегi патрульдiк полиция бөлiмшесi командирiнiң құқықтары мен мiндеттерi
 
      22. Бөлiмше қызметiн ұйымдастырады. Бөлiмше қызметiн ұйымдастыруға, оған жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындауға, заңдылықты сақтауға жеке жауапкершiлiкте болады.
      23. Бөлiмшенiң қатардағы және басшы құрамын тағайындау, оларды лауазымдарынан босату, алғашқы даярлықтан өткiзу, бiлiктiлiгiн көтеру туралы ЖIIО, КIIО басшылығына ұсыныстар енгiзедi.
      24. Қатардағы және басшы құрамның қызметтiк аттестациясына материалдар дайындайды, оларды арнайы атақ беруге ұсынады, кезектi еңбек демалыстарына рұқсат бередi.
      25. Белгiленген тәртiпте әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы ұсыныстар енгiзедi.
      26. Өз құзыретiнiң шегiнде жеке құрамға тәртiптiк жаза қолданады және көтермелейдi.
      27. Алдыңғы қатарлы озық тәжiрибенi, жұмыстың жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлейдi және оны бөлiмше қызметiне енгiзедi, бөлiмше қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жоғарылатуды қамтамасыз етедi.
      28. Жедел жағдай ахуалын талдайды. Жоспар құрады және жасалған жұмыс нәтижелерiн есепке алады.
      29. Iздеу шараларын ұйымдастырады және оны өткiзудi қамтамасыз етедi.
      30. Кәсiби даярлық жүйесiнде бөлiмше жеке құрамын тәрбиелеудi және оқытуды, атыс қарулары мен арнайы құралдарды қолдану ережелерi бойынша сынақ тапсыруды қамтамасыз етедi.

      Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Әкiмшiлiк полиция департаментi

Об утверждении Положения о подразделении патрульной полиции по сопровождению пассажирских поездов УВД на транспорте

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 декабря 2000 года № 664 Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2000 года № 1340. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 декабря 2009 года № 485

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 21.12.2009 № 485 (порядок введения в действие см. п. 6).

      В целях укрепления правопорядка, предупреждения и пресечения преступлений и правонарушений на объектах железнодорожного транспорта, обеспечения общественной безопасности, сохранности имущества РГП "Казакстан темiр жолы", личной собственности, защиты прав и законных интересов пассажиров, приказываю:
      1. Утвердить Положение о подразделении патрульной полиции по сопровождению пассажирских поездов УВД на транспорте (прилагается).
      2. Начальникам УВД на транспорте:
      1) организовать работу подразделения патрульной полиции по сопровождению пассажирских поездов в соответствии с настоящим Положением;
      2) обеспечить изучение личным составом УВД на транспорте требований настоящего Положения с принятием зачетов.
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Контроль за выполнением настоящего приказа возложить на ДАП (Тыныбеков К.С.) МВД Республики Казахстан и руководителей УВДТ.

      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан -
      Командующий внутренними войсками

      Утверждено           
приказом МВД Республики Казахстан
N 664 от 05.12.2000 г.   

Положение о подразделении патрульной полиции
по сопровождению пассажирских поездов УВД на транспорте

1. Общие положения

       1. Подразделение патрульной полиции по сопровождению пассажирских поездов создается в УВД на транспорте применительно к типовым штатам строевых подразделений полиции.
      2. Правовой основой деятельности подразделения является Конституция Республики Казахстан, Указы и Распоряжения Президента Республики Казахстан, Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "Об органах внутренних дел Республики Казахстан", иные нормативные правовые акты Республики Казахстан, ведомственные нормативные правовые акты МВД, УВДТ и настоящее Положение.
      3. Работа подразделения организуется в тесном взаимодействии с отраслевыми службами МВД, УВДТ, внутренними войсками МВД, другими правоохранительными органами, подразделениями и работниками железнодорожного транспорта в соответствии с планами работы МВД, УВДТ, ЛОВД.
      4. Структура и штаты подразделения патрульной полиции по сопровождению пассажирских поездов утверждаются начальником УВД на транспорте по согласованию с МВД Республики Казахстан.
      5. Подразделение патрульной полиции по сопровождению пассажирских поездов возглавляет командир, который подчиняется начальнику службы (управления) административной полиции УВДТ, ДАП МВД Республики Казахстан.
      6. Командир подразделения, его заместители назначаются и освобождаются от должности начальником УВДТ.

      
 
                          2. Основные задачи
 
      7. Охрана общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, сохранности имущества РГП "Казакстан темiр жолы", прав и законных интересов пассажиров от преступных посягательств, иных антиобщественных проявлений.
      8. Участие в оперативно-розыскных и поисковых мероприятиях в пассажирских поездах, вокзалах, станциях, направленных на выявление, предотвращение и раскрытие преступлений.
      9. Лично и с помощью работников железнодорожного транспорта принимать меры к поддержанию установленного порядка на вокзалах, обеспечению свободного входа и выхода пассажиров.
      10. Выявление лиц, находящихся в розыске (дезертиров), не имеющих определенного места жительства, документов, других правонарушителей, доставлять их в дежурную часть ЛОВД или территориального ОВД.
 
                           3. Основные функции
 
      11. Обеспечение правопорядка в пассажирских поездах и на объектах железнодорожного транспорта.
      12. Участие в поисковых и иных мероприятиях по предупреждению, выявлению, пресечению и раскрытию преступлений с целью установления и задержания лиц, замышляющих или совершивших преступления.
      13. Немедленное реагирование на заявления и жалобы граждан, сообщения должностных лиц о готовящихся и совершенных преступлениях и правонарушениях, своевременное информирование об этом оперативного дежурного ЛОВД, УВДТ.
      14. Оказание содействия сотрудниками территориальных ОВД в конвоировании в дежурные части органов внутренних дел задержанных на месте преступления и задержании лиц, подозреваемых в совершении преступления, скрывшихся с места происшествия.
      15. Выявление на объектах железнодорожного транспорта граждан, ведущих паразитический образ жизни, принятие к ним мер в соответствии с действующим законодательством.
      16. Оказание помощи пассажирам, пострадавшим от несчастного случая, а также находящимся в беспомощном состоянии.
      17. Требование от граждан и должностных лиц соблюдения общественного порядка, прекращения правонарушений и действий, препятствующих осуществлению полномочий органов внутренних дел. В случае невыполнения этих требований принятие соответствующих мер принуждения, вплоть до применения специальных средств и огнестрельного оружия, в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "Об органах внутренних дел Республики Казахстан".
      18. Проверка у граждан при обоснованном подозрении в совершении правонарушений документов, удостоверяющих их личность.
      19. Осуществление административного производства по правонарушениям, отнесенным к компетенции органов внутренних дел; составление протоколов, задержание и доставление правонарушителей в орган внутренних дел на транспорте, досмотр лиц, вещей, подвижного состава, а также применение других, предусмотренных законодательством мер по обеспечению производства по делам об административных правонарушениях.
      20. Доставление в дежурные части органов внутренних дел на транспорте лиц, находящихся в нетрезвом состоянии, оскорбляющих человеческое достоинство и общественную нравственность, либо могущих принести вред окружающим или себе.
      21. Задержание военнослужащих, совершивших правонарушения, передача их военным комендантам, командирам воинских частей.

 
              4. Права и обязанности командира подразделения
         патрульной полиции по сопровождению пассажирских поездов
 
      22. Организует работу подразделения. Несет персональную ответственность за организацию работы подразделения, выполнение возложенных на него задач и функций, соблюдение законности.
      23. Вносит предложения руководству ЛОВД, УВДТ о назначении рядового и начальствующего состава подразделения, их освобождении от должностей, прохождения первоначальной подготовки, повышению квалификации.
      24. Готовит материалы к служебному аттестованию рядового и начальствующего состава, представляет их к присвоению специальных званий, разрешает очередные трудовые отпуска.
      25. В установленном порядке вносит предложения по улучшению социально-бытовых условий.
      26. В пределах своей компетенции накладывает дисциплинарные взыскания и поощряет личный состав.
      27. Разрабатывает и внедряет в деятельность подразделения передовой опыт, новые формы и методы работы, обеспечивает повышение профессионального мастерства сотрудников подразделения.
      28. Анализирует состояние оперативной обстановки. Составляет планы и ведет учет результатов проделанной работы.
      29. Организует и обеспечивает проведение поисковых мероприятий.
      30. Обеспечивает воспитание и обучение личного состава подразделения в системе профессиональной подготовки, сдачу зачетов по правилам применения огнестрельного оружия и спецсредств.

      ДАП МВД Республики Казахстан