Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.
Көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеудің тәртібінің 80-тармағын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 V980690_ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеудің тәртібіне мынадай өзгеріс енгізілсін:
80-тармақтың бірінші абзацындағы "... және аталған көлік құралы
кепілінің жоқтығы туралы Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтан анықтама
..." деген сөздер алынып тасталсын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ҚІІБ, ІІБ бастықтары:
Тәртіпке өзгерістердің мазмұнын бұқаралық ақпарат құралдарын
пайдалану арқылы түсіндіру жұмыстары жолымен мекемелердің, ұйымдардың және
халықтың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Жол полициясы департаментіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлердің қолбасшысы
генерал-лейтенант
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Шарипова М.Е.