---------------Қаулыдан үзінді-------------------
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...
Төраға
Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi
16. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетi Төрағасының "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 4-П бұйрығымен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне басшы лауазымдарға тағайындауға жататын кандидатураларды келiсудiң тәртiбi туралы" Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-П бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1369 тiркелген)...
___________________________________
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Z970136_
Заңына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне басшы лауазымдарға тағайындауға жататын кандидаттардың бiлiктiлiк емтиханын тапсыру мәселелерiн құқықтық реттеудi жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
І. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 4-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне басшы лауазымдарға тағайындауға жататын кандидатураларды келiсудiң тәртiбi туралы ережеге"
V970366_
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Жинақтаушы зейнетақы қорларының, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшы лауазымдарын кандидаттар бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы Ереже".
2. Бүкiл мәтiн бойынша "Ұлттық зейнетақы агенттiгі", "Агенттiк", "Агенттiкте", "Агенттiкке", "Агенттiкпен" деген сөздер "Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитет", "Комитет", "Комитетте", "Комитетке", "Комитетпен" деген тиісті сөздермен, соның ішінде қосымшаларда да ауыстырылсын.
3. Бүкіл мәтін бойынша "директор", "директорды", "директормен", "директорға" деген сөздер "төраға, төрағаны, төрағамен, төрағаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 1-тармақ келесі редакцияда берілсін:
"1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2000 жыл 20 маусым "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы"
Z970136_
Заңына (әрі қарай - Заң), Қазақстан Республикасының басқа да заң актілері мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитеттің (әрі қарай - Комитет) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалып, жинақтаушы зейнетақы қорлардың (әрі қарай - Қорлар), олардың филиалдары мен өкілеттіктерінің үміткер басшы қызметкерлерінің Комитеттегі біліктілік емтиханын тапсыру тәртібін реттейді".
5. 2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Біліктілік емтиханы үміткерлердің Заң талабына сәйкестігін анықтау және кәсіпкерлігін арттыру мақсатымен жүргізіледі.
Бірінші санаттағы Қордың басшы қызметкерлері мен мамандары, екінші санатты талап ететін лауазымдарда қызмет атқара алады.
6. 3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Комитет осы тізілімді қалыптастыру және оның ішіне кіргізілген Қорлардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді тексеру үшін заң қорғау және басқа мемлекеттік органдардан қажет ақпаратты сұратуға құқылы".
7. ІІ№тараудың аталуы келесі редакцияда алынсын:
"2. Қорлардың, олардың филиалдары мен өкілеттіктерінің басшы қызметкерлеріне қойылған талаптар."
8. 5 тармақ алынсын.
9. 6-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Заң бойынша, Қордың, олардың филиалдары мен өкілеттіктеріндегі тағайындалған лауазымына сәйкессіз болып табылады, немесе, басшы лауазымдарға тағайындала алмайды:
1) жоғары білімі жоқтар;
2) заңда белгіленген тәртіп бойынша сотталғандығы барлар;
3) өткенде банкроттыққа ұшыраған немесе санацияланған, яки аталған адамның басшылығы кезінде еріксіз жойылған заңды тұлғаның лауазымды адамы;"
10. 7-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Қордың қызметі басталар алдында, басшы және бас бухгалтер Комитетте біліктілік емтиханын тапсыруы тиіс. Қордың филиалы мен өкілеттіктерінің басшысы мен бас бухгалтері, Қордың филиалы мен өкілеттігінің ашылуына Комитет рұқсат бергеннен кейін, екі ай аралығында емтихан тапсыруға міндетті."№
11. 8-тармақ алынсын.
12. ІІІ тараудың аталуы мынадай жаңа редакцияда берілсін:
"3. Біліктілік емтиханын тапсыру құжаттарын әзірлеу тәртібі."
13. 10-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Қордың, оның филиалдары мен өкілеттіктерінің басшысы және маманы лауазымына біліктілік емтиханын тапсырушы үміткерлер Комитетке төменде аталған құжаттарын тапсырады:
1) біліктілік емтиханын тапсырушы үміткердің өтінішін (1 қосымша);
2) сауалнамасын (2 қосымша);
3) тігілген және беттері нөмірленген, куәландырылған еңбек кітапшасының, немесе дербес еңбек шартының көшірмесін үміткерлердің жұмыс орны мен жұмыс өткемін куәландыратын жұмысқа алу және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмесін;
4) білімі жөніндегі нотариалды куәландырылған құжатының көшірмесі (басшы қызметкерлердің - жоғары білімі туралы);
5) шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды жалдаған жағдайда-шетел мамандарын және білікті жұмысшыларды тартуға (жұмысқа қабылдау) лицензиясының көшірмесін;"
14. 11-тармақ алынсын.
15. 12-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Комитет кандидатқа біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін қол қою құқығымен лауазымдық тұлғаның міндеттерін атқаруға екі айдан аспайтын мүмкіндік береді."
16. 13-тармақ алынсын.
17. ІV тараудың аталуы келесі редакцияда берілсін:
"4. Комитеттің біліктілік комиссиясы"
18. 15-тармақ мынадай азат жолымен толықтырылсын:
"Біліктілік комиссиясының төрағасы болып Комитеттің төрағасы есептеледі. Комитеттің төрағасы болмаған кезде, оның міндетін атқарушы тұлға орындайды.
Біліктілік комиссиясының ісін жүргізу Комитет төрағасының бұйрығымен тағайындалған хатшыға жүктеледі."
19. 18-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Комитетте емтиханды тапсырған үміткерге, Қордағы оның филиалдары мен өкілеттіктеріндегі басшы лауазымдарды алып жүру құқығын анықтайтын біліктілік куәлігі беріледі."
20. 19-тармақ алынсын.
21. 20-тармақ алынсын.
22. Нормативтік құқықтық акті келесі мазмұндағы 5 тараумен толықтырылсын:
"5. Біліктілік емтиханын өткізу."
21. Осы Ереженің 10-тармағына сәйкестелген құжаттарды алысымен, біліктілік комиссиясы үміткерлердің біліктілік емтиханына қатысуы мәселесін қарап, емтиханның болатын күні мен уақытын белгілейді.
22. Емтихан болатын күнінен 10 күн ілгері, Біліктілік комиссиясы емтихан тапсырушы үміткерлердің тізімін бекітіп, емтихан тапсыру орны мен уақыты хабарланады.
23. Біліктілік комиссиясының хабарламасын алысымен, Қор міндетті түрде, үміткерлердің емтиханға қатысуына рұқсат берілгені (берілмегені) емтихан өту орны, күні уақыты туралы хабарлайды.
24. Емтихан тапсырушы үміткердің жеке басын куәландыратын құжаты болуға тиіс.
25. Үміткерлердің емтиханы екі кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең-тест жүргізу;
2) екінші кезең-ауызша емтихан;
26. Емтихан барысында үміткерлерге оқу құралдарын, анықтама, арнайы және басқа да әдебиетті, жазбаларды (соның ішінде электрондық түрін) пайдалануға тыйым салынады. Қойылған талаптарды бұзған жағдайда, немесе, емтихан тапсыруға ішімдік, есірткі, улы заттар қызуымен келген үміткер емтиханнан шығарылып, емтиханды тапсырмаған болып есептеледі.
27. Тест жүргізу кезінде үміткерге варианттардың бір түрі ұсынылады. Сұрақтардың саны 50-ден аспауға тиіс. Тест сұрақтарына дұрыс жауап берілгендігін комиссия хатшысы немесе Біліктілік комиссиясының мүшесі анықтайды (техникалық бағдарлама арқылы жүргізілген тест қорытындысы автоматты шығады).
Ауызша емтиханға тестің 60 пайызына дұрыс жауап берген үміткер жіберіледі. Тест бойынша кем мөлшері дұрыс жауап берген үміткер емтиханнан өтпеген болып есептеледі.
28. Ауызша емтихан бойынша үміткер билеттегі үш сұраққа жауап беруге тиісті.
Әрбір аттестация бойынша емтихан билеттері бөлек дайындалып, нөмірленеді.
Ауызша емтиханды төрт адамнан кем емес Біліктілік комиссиясының мүшесі қабылдайды. Үміткерлердің жауабын бағалау осы Ереженің 3 қосымшасындағы емтихандық билеттері үлгісі бойынша жүргізіледі. Ауызша емтиханның нәтижесі екі баллды жүйе бойынша - "сынақтан өтті", "сынақтан өткен жоқ" деп бағаланады. "Сынақтан өткен жоқ" деп бағаланған үміткер біліктілік емтиханын тапсыра алмаған болып есептеледі.
29. Емтиханнан өтпеді деп танылған үміткер шағым беруге құқылы.
Шағым Комитет төрағасының бұйрығымен тағайындалған Шағым комиссиясы құрамына кіретін екі мүшесі және Шағым комиссияның төрағасымен қаралады. Біліктілік комиссиясының төрағасы мен мүшелері бір мезгілде Шағым комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Емтиханнан өтпеді деп танылған үміткер өзінің шағымын жазбаша түрде, негізгі кінәраттарын мазмұндап, танылған күнінен кешіктірмей тапсыруға тиісті.
Шағым комиссиясы шағымды түскен күннен бастап, үш жұмыс күні аралығында қарауға тиісті. Қарау қорытындысы хаттамамен ресімделіп, Шағым комиссиясының барлық мүшелерінің қолы қойылып, орындау үшін Біліктілік комиссиясына тапсырылады.
30. Біліктілік емтиханынан өтпеді деп танылған үміткер бір айдан кейін, емтиханнан өтпеді деп танылған біліктілік емтиханын өткізу міндеттерінің орындалу мерзімінен кешіктірмей, емтихан тапсыруын қайталауға құқы бар. Біліктілік емтиханын қайта тапсыру туралы еркін түрде жазған өтінішін үміткер Біліктілік комиссиясының төрағасы атына тапсырады.
23. Нормативтік құқықтық акті келесі мазмұндағы 6 тараумен толықтырылсын:
"6. Біліктілік куәліктері. Біліктілік куәлігін қайтару."
31. Біліктілік емтиханын тапсырған үміткерге мемлекеттік және орыс тілінде жазуы бар біліктілік куәлігі беріледі. (4 қосымша)
32. Біліктілік комиссиясының хатшысы берілген, мерзімі ұзартылған, қолданылу мерзімі тоқтатылған және қайтарылған куәліктердің журналын жүргізеді.
33. Біліктілік куәліктері Комитетте беріледі.
34. Біліктілік куәлігінің иегері, мерзімі бітісімен, осы Ережеге сәйкес жұмыс өткелі бір жылдан кем емес жағдайда, емтиханды қайта тапсыруға құқы бар.
35. Емтиханды қайта тапсыру осы Ереженің 22-29 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
36. Емтиханды қайта тапсыру барысында табысты нәтижеге жеткен үміткердің біліктілік куәлігін қолдану мерзімі үш жылға ұзартылады, біліктілік куәлігіне арнайы баға қойылып, тапсырылған куәліктер журналына тиісті жазбалар енгізіледі.
37. Егерде, емтиханды тапсыру барысында біліктілік куәлігінің иегері емтиханнан өтпеді деп танылған жағдайда, біліктілік куәлігі үш күннің ішінде қайтарылады.
38. Біліктілік комиссиясының ұсынысы бойынша, Комитеттің шешімі мен мерзімі бір айдан үш айға дейін біліктілік куәлігін қолдануға тоқтату салуына негіз болатын жағдайлар:
1) біліктілік емтиханын тапсырушы біліктілік куәлігінің иегері Қорға немесе Біліктілік комиссиясына тапсырған құжаттарында жалған мәліметтер бергенінде;
2) біліктілік куәлігі иегерінің кезекті біліктілік емтиханын тапсыра алмағандығын мойындауы;
3) қылмыс жасаған біліктілік куәлігінің иегеріне қатысты соттың шешімінің заңды күшіне енуі.
39. Біліктілік куәлігі қайтарылған жағдайда:
1) Комитет, біліктілік куәлігі қайтарылған тұлғаның жұмыс орнына хабарлайды;
2) Қор, біліктілік куәлігі қайтарылған қызметкерін, Комитеттің ескертуін алған заматтан, қызмет атқаруда шеттетіп, ол жөнінде Комитетті 3 күндік мерзімде хабардар етеді."
24. Нормативтік құқықтық акті келесі мазмұндағы 7 тарауымен толықтырылсын:
"7. Қорытынды ережелері
40. Үміткерлерді біліктілік емтиханына дайындауды Оқу
орталықтары атқарады.
41. Үміткер, Оқу орталығында алдын ала дайындықтан өтпей, біліктілік емтиханын тапсыруға құқылы.
42. Комитеттің шешімімен келіспеген жағдайда, үміткер сот арқылы шағымдануға мүмкіншілігі бар."
ІІ. Заң бөлімі (Камали Қ.К.) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 27 тамыздағы N 4-Ө
V970366_
бұйрығымен бекітілген "Жинақтаушы зейнетақы қорларына, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне басшы лауазымдарға тағайындауға жататын кандидатураларды келісудің тәртібі туралы Ережеге" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркелімге жіберсін және оны мемлекеттік тіркелімнен кейін күшіне енгізсін.
Төраға
N 1 қосымшасы
Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін
реттеу жөніндегі
Комитеттің біліктілік
комиссиясының
төрағасы
_____________________
_____________________
(аты-жөні)
Өтініші
Жинақтаушы зейнетақы қорының, филиалының, өкілеттігінің басшы лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға маған рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қосымша құжаттардың тізімі:
а) лауазымға үміткердің сауалнамасы;
б) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған ксерокөшірмесі;
в) төлқұжатының (жеке куәлігінің) ксерокөшірмесі;
г) жойылмаған, жабылмаған сотталғандығы туралы ақпараты (Бас прокуратураның жанындағы АжҚСО-нан);
д) белгіленген тәртіппен куәландырылған еңбек кітапшасының ксерокөшірмесі.
Тегі, аты-жөні қолы№
Үміткердің
______________ __________200_
N 2 қосымшасы ҮМІТКЕРДІҢ САУАЛНАМАСЫ
___________________________________________________________
лауазымы, қордың, филиалдың, өкілеттіктің атауы
суреті
Үміткердің өмірбаяны туралы мәліметтер
1. Тегі___________________________ Аты _____________________
жөні________________________________________________________
2. Бұрын қолданылған тегі туралы, өзгерту себептері көрсетіп
мәлімделсін.
____________________________________________________________
тегі, қолданылған уақыты, қолдану (өзгерту) себептері
3. Туған жылы, күні, айы ___________________________________
____________________________________________________________
4. Туған жері ______________________________________________
____________________________________________________________
5. Ұлты_____________________________________________________
6. Отбасы жағдайы ___________________________________________
7. Толық мекен
жайы ____________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
8. Азаматтығы_______________________________________________
9. Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
10. Телефон нөмірі__________________________________________
____________________________________________________________
(код, үй, жұмыс, мобильді нөмірлері көрсетілсін)
11. Білімі және жұмыс тәжірибесі (біліктілігін арттыру
курстарды қоса).
____________________________________________________________
Оқу орны бітірген мамандығы диплом оқу орнының
жылы сертификат орналасқан
жері
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
______________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
диплом, сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі
тіркелсін.
12. Қызметтік және ғылыми жұмыстары туралы қосымша мәліметтері
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
13. Еңбек жылдары атқарған жұмысы
(бөлек бетте қосымша ретінде берілсін)
14. соңғы лауазымы (мекеменің атауы, жұмыс сипаты, лауазымға
тағайындалған уақыты)
15. біліктілігіңізді анықтайтын басқа да маңызды ақпаратты
беруіңізге болады
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
ҮМІТКЕР ТУРАЛЫ ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
1. Соңғы мекен жайыңыз. Кері хронология тәртібінде, соңғы бес
жылда тұрған жеріңізді көрсетіңіз. Тұрған мерзімін көрсетіңіз.
Қала
обылыс_________________________________________________________
көше _____________________________________үй__________пошта
индексі
______________________________________________________________
_______нан
дейін ___________________
(айы, жылы)
2. Сот ісіне жауапкер немесе жауапкер мекеменің атынан
лауазымды тұлға ретінде қатысқаныңыз бар ма? (иә, жоқ), қатысқан
жағдайда, төмендегі кесте бойынша толық ақпарат беріңіз:
________________________________________________________________
Сот ісінің мерзімі соттың мекен Соттың талап
аты, сипаты жайы, атауы шешімі сомасы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
3. Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген, алынбаған
сотталғандығыңыз бар ма?___________________________________
________________________________________________________________
4. Сіз басқарған кәсіпорын, банк қаржылық тапшылыққа, өтелмес
қарызға, санацияға, лажсыз жойылуға ұшырады ма?
Ұшыраған
себептері__________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мәселені шешу нәтижесі____________________________________
________________________________________________________________
САУАЛНАМАДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ МАҚҰЛДАУ
Осы өмірбаяндылы жабық ақпараттардың толық және шынайы екендігін мақұлдаймын, Комитетке негіз болатын, басшы лауазымға тағайындалатын келісімнен бас тартып, акционерлер алдында тағайындалған лауазымнан босату туралы мәселе қоюға себеп болған мәліметтерді, бұрмалауды және қателіктерді мойындаймын. Менің жеке өмірбаянымдағы барлық мәнді өзгерістер туралы Комитетті хабардар етуге міндеттенемін.
________________________________
(Тегі, аты жөні баспа әріппен жазылсын)
_____________________________________(қолы)
________________(қол қойылған күні)
N 3 қосымшасы
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметін реттеу жөніндегі Комитеті
Емтихан ведомості
Біліктілік емтиханы өткізілген уақыты: _______________ 20___
Біліктілік комиссиясы төрағасының тегі, аты-жөні
_________________________________________________________________
рет. үміткер тест қоры- билет N 1 N 2 N3 қосым қорытындысы:
N тындысы N сұр сұр сұр ша "сынақтан
ақ ақ ақ сұр өтті" сынақ
ақ тан өткен
жоқ"
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Біліктілік комиссиясы төрағасының қолы)
(Біліктілік комиссиясы хатшысының қолы)
N 4 қосымшасы Біліктілік куәлігі
N_________________
Куәлік берілген __________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты ілік септікте жазылады)
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу
жөніндегі Комитеттің біліктілік комиссиясының шешімі бойынша,
___________________________________________жинақтаушы зейнетақы
уақыт форматы "ХХ" айы ХХХХ жылы"
қорларында_____________________________________________________
қызмет атқаруға рұқсат беріледі.
Қолдану мерзімі
_____________________________
"ХХ" айы "ХХХХ" жылы
Біліктілік комиссиясының төрағасы (қолы) (тегі, аты)
Біліктілік комиссиясының хатшысы (қолы) (тегі, аты)
М.О.(Комитет мөрінің таңбасы) Алматы қаласы