"Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 40 бабына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының басқару және Қазақстан Республикасы министрліктерінің, ведомстволары мен комитеттерінің аумақтық органдарының өзара байланыс схемасы бекітілсін, қоса беріліп отыр.
2. І-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының "Алматы қаласының шаруашылық-басқару құрылымын бекіту туралы" 1999 жылғы 14 мамырдағы ХХV-сессиясы шешімінің күші жойылған деп танылсын.
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының VІ-сессиясының
төрағасы
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
Алматы қалалық Мәслихатының
II сайланған VI сессиясының
2000 жылғы 27 қыркүйектегі
шешiмiне қосымша
Алматы қаласын басқару және Қазақстан Республикасының
аумақтық министрлік, ведомстволық және комитеттер
органдарымен өзара бірлесіп жұмыс жасау сұлбасы
РҚАО-ның ескертуі: Сұлбаны қағаз мәтіннен қараңыз.
Ескерту. Сұлбаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 05 желтоқсандағы шешімімен , Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XVІІ сессиясының 2002 жылғы 22 мамырдағы шешімімен.